+1 дауыс
3.0k көрілді

Мен қатты ашуланшақпын. Болмашы нәрсеге тез кулемін, тез жылаймын, тез ашуланам, және кешірімшілмін және қырсықпын. Ашуланшақтықтан қалай 100% арылуға болады?

Су іш. Қағаз же.
Сұрақ қойған соңғы жағында ? ұмытпа.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Осы жерде айтылғандармен келіспеймін. Бұл кеңестер адамды өзін-өзі психологиялық алдау болып табылады! Ең дұрысы қатты ашуланғанда сол жерден ұрысты тоқтатып сыртқа шығып кету. Болмаса пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай дәрет алу болып табылады.
0 дауыс
Негізі америка ғалымдары осы мәселені зерттеген олар көп адамдардың ашуын свалкіге барып жаман машиналардың алдыңғы терезелерін сындырып содан ашуын алады екен және содан ләззат алса керек.олар бір мекеменің жұмысшыларын алып оларға өз суреттері ілінген және бастығының суреті ілінген қуыршақтар қойылыпты. ашуланған сәтте кімге ашуланды сол адамның маникенін ұрып келеді екен . ал ондай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмағандар жындану орнына қылықтар шығарған екен.Көп адамдар сүйікті суретін коргенде, ән салғанда, және классикалық музыка тыңдағанда, жануарларды сипалағанда, акварюмдегі балық жүзгенін көргенде тынышталатындарын айтқан. қорытындылай келгенде адамдар 65% ынан астамы классикалық музыка тыңдайды екен ,ал15% ы балықтардың жүзуін көргенде екен. Қалғаны жоғары көрсетілген істермен айналысады екен. менің ойымша ашушаңдықты жиі сүйікті демалатын әуенді қосып көзіңді жұмып армандап,басқа бір нәрселерді ойласаң. Сабыр деген сөзді жиі айтсаң өзгергеніңді байқамай қаласың.
0 дауыс
Адамдар көбіне жанындағы адамдардың іс-әрекетінен ашуланады. Сол үшін сен ешкімге назар аудармауға тырыс. Еркін жүр, қалаған нәрсеңді істе. Тағы бір себебі, лас жерде жүргенде ашуланады. Сол үшін өзің жүретін жерді, үйіңді, бөлмеңді таза ұстауға тырыс. Өзіңнің жаныңа жақын әнді тыңда. Есіңнен шығарма өзің ең жақсы көретін адамдарда ашуыңды келтіретін тірліктер жасауы мүмкін. Оларға дауысыңды көтерме, ашуыңды көрсетпе. Бастысы салмақты, сабырлы бол. Әрқашан жымиып жүрсең, саған ешкім ауыр сөз айтпайды, сеніңде жаның тыныш болады. Жігіттер үшін ашуды басудың ең тиімді жолы - кәдімгі боксшылардың грушасын ұру. Груша жоқ болса, аджимание жаса, турникке тартыл, болмаса стадионға барып допты бар күшіңмен теп. Содан ашуың басылады, менің тәжірибемде бар. Қыз болсаң айта алмаймын не істеу керектігін. Осы кеңестердің біреуін істеп көр, қолыңнан келсе.
0 дауыс

Ашуланшақтық, мінездің тез өзгеруі - қалқанша безінің ауруының (эндемический зоб), йод жетіспеушілігінің  алғашқы белгілері. Сол үшін дәрігерге көрініп, йодомарин, антиструмин сияқты таблеткалар ішіп, балық тағамдарын көбірек жеу керек.

0 дауыс

Бір газеттен оқығанмын.Қағаз бен түрлі-түсті қарындаштарды алып сурет сал. 

0 дауыс
менде сондаймын бірақ адам одан айырылуға болатынын білмеппін әркімде мінез болады өзінізді сабырлыққа үйретініз
0 дауыс
Ашуланбайтын адам жоқ, бәрі ашуланады. Дінімізде ашуланбау емес, ашуды жеңу талап етілген. Дініміздің әмірлеріне бағынып, тыйымдарынан сақтанған адам ашуын жеңеді, сабырға қол жеткізеді. Дініміз, орындалуы мүмкін болмаған нәрсені әмір етпейді.
...