Басқсы балгерлерге сену дұрыс па? Болашақты білу адам тағдырын да бәрін білуші Алла. Аллах өзінің құлдарына болашақты болжайтын қасиет бермеген. Ол бақсы балгер деген де қарапайым адам. Олардың басқа адамдардан артықшылығы жоқ. Тек Аллах-Тағала адамдарға ақыл-ес берген. Яғни сол көрегенділігі арқылы өзінің болжамын айтып кеткен. Яғни білімділігі арқылы ананы салыстырып мынаны салыстырып бір кезеңдерде осындай заман тууы мүмкін деген сияқты. Ал Нострадамус, Ванга т.б орысша айтқанда показуха. Егер болашақты айнадан көргендей біліп тұрса неге айтқандарының көпшілігі шықпаған. Себебі бақсы-балгерлер шайтандармен байланысады. Шайтандар болашақта болатынды періштелерден ақпараттарды естіп балгерлерге жеткізеді. Сосын олар сол ақпараттарды адамдарға айтады. Көп созудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі мұның бәрі 14ғасыр бойы еш өзгеріске түспеген қасиетті "Құран-Кәрімде жазылған. Әз Жәнібектің сұрағы: “Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?” Біз ғайыпқа сенетін адамдардың ұрпағы едік. Баяғыда Әз Жәнібек халықты жиып: - Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – депті, жиылған халық көп дағдарып: - Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, – депті. Бірақ үш жетімді таба алмапты. Сонда Әз Жәнібек хан: - Елде келмеген кім қалды? – деп сұрапты. - Келмеген Қарабас шешен қалды, – депті халық. Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты. Сонда Қарабас: - Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаушысы жоқ сөз жетім, Жоқтаушысыз қыз жетім, – дейді. Сонда Әз Жәнібек: - Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен, «Қарабас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма? – деген екен. «Неке ғайып» дейтін сөз де бар. Байқасаңыздар үш ғайыпта алдағы уақытта болатын нәрселерге байланысты. Қонақтың қашан келетінін, несібең қандай болатынын, ажалдың қашан, қай жерде келетінін білмейсің. Яғни болашақ та ғайып. Кез келген ертеңгі күннің ғайыпқа жатады. Біз өзімізді «әлімсақтан мұсылманбыз» дейтін халықтан едік. Ғайыпқа иман келтіру мұсылмандық. Алла тағала Құранда «мұсылмандарды ғайыпқа иман келтіреді» деп суреттемейтін бе еді. Біздің айтпағымыз, соңғы уақыттарда болашақты болжау сәнге айналды. Жылқы жылы қарсаңында тіпті көбейіп, еліміздің 2014 жылғы жағдайын «тап басқылары келіп», әлектенеді. «Казахстанские экстрасенсы рассказали каким будет год синей лошади» деген мақала жариялаған «Нұр.кз» сайты біраз балшылардың сандырағын келтірді. Саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды өздерінше болжап көрген балшыларға сенбеу керектігін көзі ашық адам жақсы білсе керек. Олардың жындармен байланысы барын айтсаң, кейбір адамдар күледі. Күлетін ештеңесі жоқ. Пайғамбарымыздың хадисі бұл жағдайды ашық баяндамайтын ба еді. «Алла тағала жұлдызды тек үш мақсатта жаратқан. Аспанды безендіру, адасқандар жол табу, балшыларға ақпарат ұрлайтын шайтанды ату үшін» деген хабар осы жәйтті аңғартса керек. Қай кезде де балгерлер болған. Бірақ оған еш сенуге болмайды. Тіпті соңғы күнге дейін болуы мүмкін. Олар өздері неге ұрынғандарын білсе, бұлай істемес еді. Олар білімсіздіктен шалыс басады. Олар шайтаннан ұрлаған ақпараттарына өтірік қосып айтатынын да өзге де хабарлардан білетін боларсыз. Тіпті кей айтқандары тура келіп жатса, ол ұрлықтары түбі жазаға айналатынын да жақсы түсінерсіз. Бүгін кейбіреулер бүйректен сирақ шығарғылары келеді. Әрине алдағы күндерден тек жақсылықтан үміт етеміз. Аллаға тәуекел етеміз. Жоспар жасаймыз. Бірақ ол жоспарымыз қаншылықты жүзеге асады? Бұл – ғайып. Сол үшін дұға етеміз. Құлшылық жасаймыз. Жақсылық тілейміз. Қазір эктрасенстерді жарыстырып қоятын болды. Бұндай күпірлік тек білімсіздердің қолынан келеді. Өткен жолы бір ағамыз Ванганың айтқандарына таңғалып, маған әңгімесін айтып берді. «Аға, сенбей-ақ қойыңыз» десем, «олай бір шеңберге қамалуға болмайды, білімді Қытайдан болса да алыңдар деген жоқ па? Айтқандарының бәрі тура келіп жатыр. Қалай сенбейсің?» дейді. Мен әрине білімімнің аздығынан ағама дұрыс түсіндіре алмадым. Оған шамам жетпейтінін де білдім. Олардың айтқандары неге келіп жатқанына шариғат жауап беріп қойған. Егер шариғаттың шеңберінде жүрмесек, тозақтың шеңгеліне түсетінімізді ойлайық. Санаң жетпеген нәрсеге жүгірме, білімің жетпейтін жерде даурықпа. Алдағы уақыт еліміз үшін берекелі болғай!