Асыл ана
сөзі. Айтқали Нәріков, Мұхамеджан Нұрханов
әні. Әділбек Сүлейменов
Суытпаған бозторғайдай ұясын,
Жүрегіме жылуыңды құясың.
Кенже балаң келді өзіңді сағынып,
Аман жүрші, соның өзі сый асыл.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен
Жаның мөлдір жанарындай ботаның,
Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.
Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,
Сағынышпен мен жолыңды тосамын.