+3 дауыс
294 көрілді

Сайтта кейде 504 Gateway Time-out боп қалады, не үшін?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұндай қателер серверге өте үлкен көлемде ауыртпашылық түссе шығады. Apache көтере алмай қалса көбіне осын жазудағы қателік шығып жатады. 

Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін. Біз күнде мәдениет үйіне концерт көруге барып жүрміз. Мәдениет үйіне кіретін бір үлкен есік бар. Ол Apache деген. 10-10-нан жіберіп кіргізіп, шығарып жатады. Бірақ концертке Қайрат Нұртас келіп мәденит үйіне өте үлкен көлемде тыңдармандар әдеттегіден көп келді. Барлығы Мәденит үйіне кіруге асығады. Ал күнде 10-10 нана кіргізіп жүрген есік осыншама көп адамды көтере алмай қалады. Сол кезде есік жабылып 504 Gateway Time қатесі шығады.

Оны шешуді бір жолы. Серверді мықты ету. Жанағы мәденит үйіне кіріп, шығатын тағы бірнеше есік салу. Сол кезде қанша адам келсе да оңай кіріп шығатын есік болуын қамтамасыз ету.

Жақсы түсініктеме бердің. Әсіресе мысалың жақсы екен! : )
+5 дауыс

Серверге ауырлық түсіп кеткен ғой. Админ осы жағын реттеумен әлек.

0 дауыс

Менде сондай шыққан.Обновить етіп жібер,қателік түзеледі.

...