+5 дауыс
1.1k қаралым

Достар, өздеріңіз білетіндей сайтта атақ-дәреже туралы сұрақтар етек ала бастады. Етек алғаны былай тұрсын қарыштады десек те болады. Атап айтсақ "Менің дәрежем қашан көтеріледі?", "Маман немесе редактор болғым келеді" деген сықылдылар. Бұған қуанамыз ба, әлде күмілжиміз бе? Жоғарыда айтылған сұрақтарға бәзбіреулер сайт ережесін көшіріп алып, жауап жазады. Жазғаны дұрыс-ақ. Дегенмен ол ережені оқыған болар... Кей модераторсымақтар жөн-жосықсыз "Сен тіпті редактордың талабына да сайсың!" деп маман қылады. Бірақ оның сұрақ-жауаптарын ескермейді. Оның дәрежесін көтермес бұрын 2-3 күн әлгі қолдананушыны зерттеп, бақылау керек. Егерде ол жақсы қырынан танылып жатса беделін көтер. Тек мынаны ұмытпау керек. Жаңа дәреже алғасын оны тағы да бір аптадай бақыла! Егерде қойылатын міндеттерді орындамай жатса, шенінен айыр. Біз осы тұсқа келгенде сүрінеміз, мән бермейміз. Осыны айтар болсам басты ала қашып "бақылаймыз" деп айтасындар - модераторлар. Ал егерде бақыласаңдар сайттағы қате сұрақтар неге өңделмейді. Қарасам модератор мен редакторлер көп, сапа-нәтижесі жоқ! Шет-шетінен бәрің бетберде киіп жүрген сықылдысыңдар. Менің осыған айтар ұсынысым бар

1. Айына бір рет қолданушылардың шенінен өсіру қаралып, дауысқа салынса. Көп дауыс жинағандардың атағы өсе!

2. Сайтта белсенділік танытпаған, 1 айдан аса уақыт желіге бас сұқпаған қолданушылар атағынан айырылса қалай болады екен?!

Дәрежеңнің өскені атақ емес, артылар міндет көп деген сөз!

Сіздер не дейсіздер?

Жарайсың Марат, осы бір өзі айтылуы керек әңгіме еді, жақсы қозғапсың.

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ой бір тегі шын өмірде атақ-даңққа таласып жатқандай! Сол редактор немесе модератор дегенге қызықпайды екенмін! Бірінші мен осы сайттағы жақсы модератор деп Елекенi,Ақжолды,Нұрекеңді атап айтар едім! Алдында менде қазақша қаріп болмаған соң қате қылып жазып жүр едім! Енді сол модератор,редакторлардың қолдары шаршамасын деп телефонымда қазақша қаріп болмаса да қазақ қаріптерін мынадай қылып үлкенін бір-бөлек кішісін бір бөлек копировать етіп алдым! Ә,Ғ,Қ,Ө,Ұ,Ү,Һ,І,Ё ә,ғ,қ,ө,ұ,ү,һ,і,ё осылай копировать етіп алдым! Енді әр жауап,сұрақ,пікір,жеке хат жазған сайын осы әріптерді әр сөйлеміме вставтить етіп отырмын қатесіз жазбайын деп! Сөз соңында айтарым "Құрметті модераторлар редакторлар жұмыстарыңды атқарғыларың келмейді ме сол сайтта белсенді болып модератор немесе редактор болғысы келіп жүргендерге орындарынды беріңдер адам санын көбейтпей! Админге жеке хат жолдаңдар мені орнымнан түсіресізбе деп айтқандарың дұрыс болар еді!
Жарайсың!
+2 дауыс
Менiнше,кейбiр сайттагы шенi жогаргылар(профессор,доцент т.с.с)озiнен кiшiлерге сес корсетедi,менсiнбеушiлiгi де бар
Сайтта тек маман, редактор, модераторлар ғана сөз жүргізе алады! Ал атағы жоқтардың ол жасауына болмайды. Болған күннің өзінде сайттың модераторларына ескерту жасау керек.
+3 дауыс
ренжіме, бірақ сенің жарытып модераторлық қызмет атқарғаныңды көрмеген екенмін. айына бір рет өңдесең өңдеп жатқан шығарсың. Адам алдымен айнаға қараса...

жауабымды жасыратын шығарсың...))) мүмкіндігің бар ғой)

минус пен спам толса да мен өз ойымды жаздым
Елеке respect * ))
+4 дауыс
Марат дұрыс айтады. Соңғы кезде солай болып кетті. Бес алты сұраққа жауап береді де "қашан редактор боламын"деп шыға келеді. Саны бар сапасы жоқ модерлер мен редакторлар көп. Кейде Жако ата мен Coder деген модерді байқап қаламын. Минустай беріңдер ,бірақ шындық осы.
Ренжіме. Жауабыңызды өңдеп қойдым.
+4 дауыс

Айтқаның өте дұрыс. Осы жағынан салғырт екеніміз рас. 

Ренжіме, бірақ, өздеріңе қарсымын. Осында тақ қумай жүрген қолданушыда жетерлік! Мысалға Елеке жақсы модератор еді. Өз шенінен бас тартып, дәрежесін төмендетті. Айта берсем көп...

Және өзім "маман" еткен Эн_Амор, Айдана Мис, Ұлықбек атты қолданушыларды көріп, бақылап, жауаптары мен сұрақтарын сан рет көріп жүрмін. Маман еткен соң бақылайтындай "мамандардың" мүмкіншілігі іске қосылмаған. Маманға лайық болған соң ғана "маман" дәрежесіне көтердім.

Және бір айта кететінім:

Бұлай қолданушылар арасында дүрбелең туғызбай-ақ сайт мүшелеріне "жеке хабарлама" арқылы ескертсең де болады ғой. Босқа қолданушылардың ойы жан-жаққа шашырап, ұрыс тууы мүмкін.

+2 дауыс

Осындай "сұрақтардың" не керегі бар?!  Сайт админі бола тұра Ербол саған қарағанда ескертулерді азырақ жасайды. Тіпті шыдамасаң  ЖХ деген бар...Сосын сен қозғап отырған сияқты мәселелерді айта берсек бітпейді...

Айтқандарыңа келер болсам, сөзіңнің жаны бар. Сайтта дәрежесіне сай емес редакторлар мен модераторлар көбейіп кетті. Бірақ сол қолданушыларға дәреже беріп отырған модераторлар мен админ емес пе?! Біреуге ЖЖ санына екеу жетпейді немесе сайтта тіркелу уақытың аз дейді де, енді біріне жасын қайтейін ЖЖ санына да қарамай дәрежесін көтере береді. Осындай әділетсіздіктер сайтта жиі байқалатын болды! 

Кешіресіз, қайсыбіріне ЖХ жазып отырамыз. Екінші айтқаныңыз рас. Қолданушының жасын да ескеру керек. Төменгі буынғы қолданушылар дәрежесін үлкейтіп алып, кеудесін көкке керетіні бар!
+3 дауыс

Кейін еліміздің Депутаттары болсаңдар атақ дәрежеге таласып қырқысып халықтың қамын ойламайтын адам боласыңдар ау )) 

Модератор, редактор, маман болдым деп қиалданып кетпей сабырлықпен төзімділікпен жұмыстарыңды жасаңдар, қарапайым қолданушыларды силаңдар! Сайттың моторы ол ҚОЛДАНУШЫЛАР!

Марат Қаниев,
айтайын дегенім сайттағы қатенің барлығын жөндеп бітіру, Админге қиындық келтіреді. Сондықтан атақ алған кезде қателеспеу керек. Немесе атағыңа лайық болмасаң бас тартуың қажет!
0 дауыс
Марат Қаниев, өз орныңды біл!
Марат балам, шәтелеспе!
0 дауыс
Марат жарайсың ойландыратын сұрақ қойыпсың
0 дауыс
Менің модератор, редакторларға қөңілім толмайды :(( өздерінің дәрежесін артық пайдаланды (барлығы емес әрине)
0 дауыс

Немене атағы жоғарылардың арасында күндестік пайда болған ба? Құдды бір үйдің байбішесі мен тоқалының арасындағы болатын күдестіктей. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айырылыпты» деген бар. СЖ да алған дарежеңді ана жаққа алып кете алмайсың. Болмайтын әңгімені қозғамай сұрақ қоюшыладың сұрақтарына мардымды жауап беріп, өзіңе керекті сұрақ қойып жауабыңды ал.Бұл текқана Марат Қаниевқа қатысты емес барлық модераторлармен атағы жоғарыларға қатысты көкіректеріңді көтеріп қоқаңдай бермеңдер. Егер менің жауабым сендерге ұнамаса өшіре салыңдар.

Ескерту қашанда айтылуы тиіс! Ал оған құлақ асып немесе көзге ілмеулерің бұл өздеріңнің шаруаларың.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...