+2 дауыс
1.9k көрілді

Владимир Питерцев (композитор) қай жердікі, қандай әндері бар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Елімізге танымал әйгілі композитор Владимир Виниаминович Питерцевке жолығып, оның шығармашылығы жайлы әңгіме өрбіткен едік. Тұлпарды шабысынан танитын атбегілердей В. Питерцев те дарынды алыстан танитын, жас өнерпаздың өнерін аша білетін сазгер ғана емес, өнегелі ұстаз. Домбыраның құлағында ойнаған Владимир Бір күні «Қазақконцертке» келген Мақпал Жүнісованың жарқын-жарқын күлкісі естіліп, елдің бәрін өзіне аударады. Әріптестерінің бірі: «Мақпал, күлкің әдемі екен, бірге күлейік, себебін айтсаңшы», — дейді. Сонда Мақпал: «Владимир Питерцевтің де орыс тіліндегі өлеңге ән шығаратын кезі болады екен-ау, қайран қалып тұрмын», — деген екен. Иә, ұлты орыс болса да тек қазақша әндер жазып, күмбірлеген күйлер шығарып жүрген Владимир орысша ән жазып, әншілерді бір таңдандырып тастаған екен. Қазақша ән мен күй шығару үшін қазақтың жан дүниесін, болмысын, тарихын терең білу қажет, мүмкін, қазақ боп туу керек шығар. Сондықтан да сазгерге: «Ойлы да мәнді, сырлы да әуезді қазақ музыкасын жазуға қалай қол жеткіздіңіз?» деген сауал қойған едік. Владимир Питерцев:«Мұндай жетістікке қазақтың шанағынан сыр мен мұң төгілген қасиетті қара домбырасының арқасында жеттім. Мен кез келген әуенді естіп, ол әннің Қазақстанның қай өңірінен екенін бірден білемін. Өйткені мен домбыраны жан-тәніммен түсінемін. Домбыраның құлағында ойнаған атақты күйші Мағауия Хамзин маған шертпе күйлерді үйретті. Отыз жыл бойы «Қазақконцертте» музыка жөніндегі жетекші болдым. Сондықтан да әншілермен бірге гастрольдерге жиі шығатынмын. Ел аралап жүрген кездерде төкпе күйдің шебері Зейнолла Есқалиевтен батыстың төкпе күйлерін үйренуші едім», — деп, сол бір қызық шақтарды еске алады. «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» деген осы. Қазақтың әні мен күйіне деген құштарлық оны көптеген қазақ достарымен табыстырды. Солардың бірі — ақын Шөмішбай Сариев. Екеуі бірлесіп 100-ге жуық ән шығарды. Шөмішбай ақынның туған жері Арал теңізі, осыған орай жан досына арнап «Теңіз зары» деген күй шығарды. Ал ақын Шөмішбай Сариев өзінің өнердегі адал досы туралы: «Владимир Питерцевтің өзі былай айтады: «Мына Затаевич болды қазақ халқы үшін күрескен, Мирзоковичтер болды. Олардың барлығы да қазақтың мыңдаған ән өлеңдерін сақтады. Біздің қазынамызды, байлығымызды сақтаған адамдар. Менің олардан артықшылығым —осындай қазынаны сақтаумен бірге орыстардың арасында бірінші болып күй шығарған адаммын»,— дейді. Домбырада күй тартады. Владимирдің қазақ халқына сіңірген еңбегі өте зор. Оның қазаққа деген махаббаты, музыкант ретіндегі үлкен жүрегі домбыра арқылы келген. Владимир Кеңес өкіметінің кезінде біздің әншілеріміздің қаншама аранжировкаларын жасап, көркемдік жетекші болып, көп көмектесті. Оның ең бір сүбелі еңбегі — фольклорды зерттеді. Қазақтың фольклоры сондай бай, дүние жүзінде оған теңдесетін фольклор жоқ. Сол байлыққа кереметтей сүңгіп, соның ішінде жүзіп, сол байлықты өзінің бойымен, қайтадан шығара білген керемет адам. Әрбір ұлттың биікке көтерілуіне үлес қосатын адамдар бар сондай адамдардың бірі — Владимир Питерцев. Ол —Кеңес өкіметінің қайнаған ортасында қазағымызға, ұлтымызға қамқоршы болып, өзіміз айта алмаған талай нәрселерді батылы жетіп айтқан адам», — дейді. «Кеңес халқын» жасап жатқан Қызыл империяның дәуірінде ұлттық дәстүрді әспеттегендер ұлтшылдар болып жазаланып жатқан тұста, Владимир Виниаминович «Қазақконцерттің» музыкалық жетекшісі болып тұрған кезде, еліміздің шалғай жатқан өңірлерінде қазақтың ұлттық фольклорлық ансамбльдерін құрды. Машақаты көп осы істі ол жан-тәнімен беріле атқарды. Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы «Қаламқас», Жамбыл облысы, Мерке ауданының «Мерке әуендері», Оралдың «Ақжайық әні», Алматы облысы, Іле ауданының «Сарытауқұмы» шөліркеген халықты ұлттық әндердің жауһарымен сусындатты. 1981 жылы өз қолымен негізін қалаған «Сарытауқұм» фольклорлық ансамблі әлі күнге сахнада өнер көрсетіп келеді.Орыстардың арасында бірінші болып күй шығарған сазгер Сазгердің енді күй шығаратын өнеріне тоқталайық. Ол марқұм Нұрғиса Тілендиевке көзінің тірісінде «Құс қанаты» деген күй арнады. Нұрғиса Атабайұлы күйді шын ықыласымен ұнатып, жақсы қабылдайды. «Нұр ағаңдай талғамы күшті Күй атасына ұнау, оның көңілінен шығу үлкен бір ғанибет еді», — дейді Питерцев. «Күйді осылайша атауға не түрткі болды?» деген сауалға сазгер: «Наурыз айында соңғы рет жапалақтап үлпек қар жауады. Қыстың аяқталып, Әз-көктемнің келгенінен хабар бергендей. Ол қарды қазақтар «Құс қанаты» деп атайды. Мен шығарған күйіме қардың атауын бердім», — деді. Абайдың өлеңдерін оқымаған, оның тереңіне бойлап, рухани нәр алмаған адам кемде-кем шығар. Сондықтан да болар Питерцев Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап «Абайды еске алу» күйін шығарды. Желтоқсан көтерілісінен 5 жыл өткеннен кейін 1991 жылы бірінші рет желтоқсандықтарға митинг өткізуге рұқсат берді. Сол кезде Владимир Виниаминович қазақ композиторларының дәстүрімен «86 жыл» күйін шығарды. Мәселен, Дина Нүрпейсованың «16-шы жыл» деген күйі бар. Мұхтар Шаханов 1991 жылы Желтоқсан көтерілісіне арнап ұйымдастырған тұңғыш концертте ол «86 жыл» күйін халық алдында бірінші рет домбырада орындады. Оркестрге орындатпақ еді, алайда, «Домбырамен күйді өзің тартсаң, әсерлі шығады», — деп Мұхтар Шаханов қолқа салды. Питерцев «Елім-айды» домбырада ойнап отырып, «таныдың ба?» дегендей маған сұраулы жүзімен қарады: «Егер сіз білсеңіз, бұл «Елім-ай», трагедиялық әні Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама кезінде шыққан. Мен тақырыпты осыдан алдым. «86 жыл» күйіне «Елім-айдың» мақамын салдым», — деді. Жанам деген жүрекке от беремін Тәуелсіздік күні — қазақ халқы үшін ең бір қасиетті мерекелердің бірі. Ал ақындар мен сазгерлер Тәуелсіздік күніне жүрегін тебірентіп шыққан жалынды жырларын арнаумен келеді. Солардың бірі Владимир Виниаминович Шөмішбай Сариевтің «Тәуелсіз елім» атты өлеңіне музыка жазды. Оның бұл әнін қазақ пен орыстың жасөспірім балалары сахнада шырқап жүр. Сөйтіп ол өрендерді отаншылдық рухта тәрбиелеп жүр. Ол жетекшілік ететін «Іле сазы» ансамблінің құрамында 80-ге жуық өнерпаз өрендер бар. Құрылғанына екі жыл болса да «Іле сазы» ансамблі Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының мәдени өміріне әр беріп, нұрландыра білді. «Іле сазы» өзінің аясына бірнеше шағын ансамбльдерді біріктіреді. Атап айтсақ, «Наз» және «Диаторис» би ансамбльдері, «Элегия» вокалдық ансамблі және бастауыш сыныптардың «Солнышко» ансамблі. «Жанам деген жүрекке от беремін» деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, Владимир Виниаминович қаншама дарынды балалардың көзін ашып, оларды өнер әлеміне қанаттандыруда. 8 жасар Шырын Үсенова Өтеген батыр ауылындағы №13 мектептің 2 сынып оқушысы. Шырынның әсем даусын бағалап, қолынан жетектеп ансамбльге алып келген де осы Владимир Виниаминович. Шырынға ән айтып беруін өтіндік. Кішкентай әнші өзінің әуезді де әсем даусымен «Бала қиялы» деген Питерцевтің әнін орындай жөнелді Жүректерге нұр беретін әнеші болғым келеді. Туған елге таң боп әсем, арай бергім келеді.... . Шырынның анасы Ләззат Шардабаевамен де тілдесудің сәті түсті: «Владимир Виниаминовичке айтар алғысым шексіз. Ол кісі жағдайы жоқ балалар мен жетім балалардың арасынан дарынды жеткіншектерді іздеп, мектепке келді. Сынып-сыныпты аралап, балалардың дауысын тыңдады. Сол кезде Владимир Питерцевке менің қызым Шырынның дауысы қатты ұнайды. Ол қызымды ансамбльге әнші қылып алды. Әннің бәрін өзі жазып береді. Көп балалы ана деп маған қолдау көрсетіп келеді. Менің алты балам бар. Басымда баспанам жоқ, пәтерді жалға алып, күн көріп жүрміз. Аудан әкімі Николай Логотов қызымның өнерін бағалап, баспанамен көмектесемін деп отыр», — деп ағынан жарылды. Шырын «Жетісу жұлдыздары», «Әнші балапан» тәрізді бірқатар байқауларда Іле ауданының намысын қорғап жүр.
Аудан әкімі Николай Логотов қызымның өнерін бағалап, баспанамен көмектесемін деп отыр», — деп ағынан жарылды.
Шырын «Жетісу жұлдыздары», «Әнші балапан» тәрізді бірқатар байқауларда Іле ауданының намысын қорғап жүр. Аудан әкімі Николай Логотовтың демеушілік етуімен өнер сайыстарына қатысып, шыңдала бастаған кішкентай әншінің алар асуы әлі алда.
«Батаменен ер көгерер» деген қазақ бабамның өсиетін ескере отырып, мақаламды Питерцевтің ақ тілегімен аяқтағым келіп отыр. Күй құдіретіне ғана емес, сөз қадіріне де жеткен Владимир Питерцев былайша бата береді:
Дастарқандарың кең болсын,
Бала шаға ер болсын.
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа.
Таңың азанды болсын,
Тойың қазанды болсын.
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін.
0 дауыс
Владимир Питерцевты қайдан тапсам болады? Қатты қажет болып тұр еді. Сұхбат алуға, данныйын, тефон нөмірін табуға көмектесіп жіберіңіздерші.
(727) 378-44-68 нөмірі арқылы хабарласуға болады
...