+1 дауыс
8.1k көрілді

Бүгінде «Менің Қазақстаным» еліміздің әнұраны. Әлем елдерінің төрінен асқақтайды. Елордамыз Астананың орталығында Тәуелсіздік даңғылымен қиылысатын Жұмабек Тәшенов, Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов атындағы көшелер жылдан жылға көз тартып, көсіле түсуде. Композитор Шәмші Қалдаяқовтың Менің Қазақстаным әнінің шығу тарихы керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап



Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным" әнінің шығу тарихы

Алматы. 1997 жылдың мамыр айы.

«Менің Қазақстаным»

Кейбір әндер бір ұлттың тағдырынан сыр шертеді. Сол сияқты, композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің қазақстаным» әнінің арқалаған тарихи жүгі ауыр. Олай дейтінім, кеңестік үкімет 1956 жылдары ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасының құрамынан бөлуге әрекеттенеді. Мақсаттары, қазақ жерінде және бір автономиялы дербес республика құрмақ екен. Осы тұста Шәмші Қалдаяқов қазақтың жерін бөлшектетпейміз. Оған рұқсат жоқ деп, рухани қарсылығын білдірген осы әнді дүниеге әкеледі. Композитор бүкіл қазақ халқының атынан, қызыл кремльдің сойқан саясатына деген наразылығын осылай ән арқылы жеткізеді. Қазақ ССР Компартиясының идеология бөлімінен әннің сөзін өзгертуге арнайы бұйрық беріліп, кезінде сөздері өзгертілген екен. Ән тепкінің астында қалды десе болады. Соған қарамастан «Менің Қазақстаным» әні әнші Жамал Омарованың орындауында, автор мен ұлтжанды редакторлармен өзара тонның ішкі бауындай келісе отырып «Қазақ радиосының» әуе толқынында күніне бес- алты мәрте шырқалып тұрады. Осылайша, қазақ елінің түкпір - түкпіріне тарайды. Тұншықтырылып жатқан ұлттық рух пен идеологияға қарлығаштың қанатымен себелеп су сепкендей болады.Тура осы жылдары Қазақ Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ұлтын сүйгіш азамат Жұмабек Тәшенов қызметінен түсіп қалады. Ал, дарынды композитор әрі өз ұлтын жанындай сүйген ұл Шәмші кеңес үкіметі тарапынан қудалауға түсіп, шығармашылығының астаң - кестеңі шығады. Бірақ, тылсым үннің талып жеткен жаңғырығындай, осыдан он бір жыл бұрын 1986 жылы 17- желтоқсанда тоталитарлық қызыл империяның режиміне қарсылық білдіріп, алаңға шыққан қазақ жастарының рухына дем берген де осы «Менің Қазақстаным» әні болатын. Демек, «Менің Қазақстаным» әні қазақтың зар заман жылдарында туған «Елім-айы» тәрізді, тарихи арқалаған жүгі ауыр- ән.

Енді міне, араға 40 жыл салып ән тарихы қазаққа қайта оралуда. Бұл жолы қуаныш сыйлауда. Сол бөлшектенбек болған бес облыстың бір облысы Ақмола - тәуелсіз қазақ елінің астанасы болғалы жатыр. Осы жылдың аяғында тәуелсіз ұлт ретінде қазақ халқы – Ақмолада өз астанасының іргетасын қалай бастайды.

...