+1 дауыс

Әкемнің жұмыстасының тұрғылықты тұрып жатқан үй маңынан тексере келіп,емдік қасиеті бар ыссы бұлақ суы шығып жатқандығы белгілі болды.Енді өкімет,яғни жоғарыдағылар сол маңайдағы үйлерді бұзбақ,яғни былайша айтқанда,ол жер мемлекет қарауына өтпек.(бәлкім,сауықтыру орталығын ашпақ па?!)Енді өкімет мұндайда бұл адамдарға дайын үй яки үй салуға қаражат бере ме?Жалпы,өкімет халықтың жеке меншігіндегі үйді қандай жағдайда бұзуға құқылы?Себептерін көрсетіп,қарапайым халыққа қандай көмек көрсетілетінін айтып өтсеңіздер,рахмет!

09.02.2014 364 қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Бұны "жеке меншік пайдаланудағы жерді мемлекет меншігіне өткізу" деп атайды. Егер сол жеке меншіктегі жердің үстімен республикалық маңызы бар автожол, теміржол, байланыс желісі, су жолы, газ құбыры сияқты маңызды желілер өтетін болып бекітілсе, жерді пайдаланушы жергілікті әкімшілік берген өтемақыны алып, жерді босату керек. Ал егер көпқабатты үй немесе басқа ғимарат салынатын болса, үй егесіне үйіне парапар пәтер беріледі.

09.02.2014
жауабыңызға рахмет!сонда мұндай жағдайда әкімшілік өтемақы берілсе,қаншалықты мөлшерде болады екен?оның үй салуына жете ме?
Екі жақтың келісімі бойынша өтемақы көлемі бекітіледі.
127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы