Қазақстан аумағында табиғи зоналар қалай өзгереді?Табиғи зоналар ауысуының негізгі себептерін атаңыз. Қазақстандағы табиғи зоналардың қайсысы ең үлкен ауданды алып жатыр?
Қазақстанның жазықтық бөліктерінің табиғи зоналарына қысқаша сипаттама
Табиғат зоналары | Климаттық жағдайлар | Өсімдіктері | Жануарлары |
---|---|---|---|
Орманды дала | Жазғы шілде +18 - +20° қаңтардың орташа температурасы -17°- 19° кейде -51°-53°. жауын-шашын 370-430 мм (300-350 мм) мөлшерінде | Бетеге, боз, бидайық, арпабас, қайың, қоңырбас, итқонақ, құлпынай, қарағай, қияқ, ебелек, жоңышқа, қоян шөптер. Ормандарында қайың, емен, жөке, қандыағаш, көктерек және қарағайлар бар. | Саршұнақ, сұртышқандар, егеуқұйрық, қосаяқтар, тышқандар, түлкі, елік, қасқыр, сусар, бұлан, тоқылдақ, көкек, күйкентай, қараторғай. Ормандарында тиін, құр, сұңқар. Көлдерінде тырна, үйрек, қаз, шағала, ондатр. |
Дала | Климаты континентті. Шілдеде +18°+23° кейде +20°+24°, қаңтарда -16°-тан -17°-қа дейін, -14°-18°, -16°- 18° абсолюттік минимум минус 40° жауын-шашын – 300 мм (220-310 мм) | Боз, бетеге, атқонақ, ебелек, еркекшөп, жайшөп, жусан, итмұрын, меңдуана, жанаргүл, бидайық, арғаба, қияқ, кұрақ, шайшөп, дәрілік валериандар. | Саршұнақ, қосаяқ, алақоржын, қасқыр, борсық, суыр, қарсақ, ақбөкен. Безгелдек, тырна, бозторғай бүркіт, батпақ құстары, қаз, шағала, үйрек, аққұтан, қызыл үйрек, сара ала қаз, аққу, дуадақ, торғай. |
Шөлейт | Орташа температура шілдеде +22° +24°(кейде +40°-қа дейін) қаңтарда-15°-17° (кейде -50°) жауын-шашын мөлшері 180 мм-ден 300 мм-ге дейін | Бетеге, жусан түймедақ, боздан, изен, ебелек, теріскен, көкпек, ши қамыс, кұрақ, тал, итмұрын, сексеуіл | Саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары, күзен, түлкі, кесіртке, сұр жылан, ақбөкен, қарақұйрық, қалқан тұмсық, қара шұбар жылан. Құстар: бүркіт, бозторғай. |
Шөл | Климаты өте континентті. Орташа температура шілдеде солтүстігінде +24° +26°С, оңтүстігінде +28° +30°С, жауын-шашын мөлшері 100-200мм. | Селеу, өлеңшөп, боз жусан, кұм бетегесі, еркекшөп, қоңырбас, құм түймедағы, жантақ, жыңғыл т.б. бар. | Тасбақа, кірпі, кесіртке, оқжыландар, улы өрмекші, бүйі, сарышаян, қарақұрт, ақбөкен, қарақұйрық. |