+3 дауыс
501 көрілді
Зейнетақы алу үшін қарттар тізіліп тұр. Қалада айдың басында, ал ауылда айдың аяғында береді. Осы зейнетақының қысқаша тарихын айтып бересіз бе. Қай ғасырда пайда болған? Зейнетақы беру жүйесін кім енгізген?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің ойымша зейнетақы беру, Араб елінде,  Халифат кезінде шықты деп ойлаймын. Ол 2-ші халиф Омар ибн Аль-Хаттабтың кезінде пайда болды. Сол заманда қарт кісілерге жәрдем ретінде, ел қазынасынан ақы біріліп отырған. Бірақ ол кезде оны зейнетақы деп айтқан жоқ.

Ал ғаламторда осындай мәлімет бар екен.

Ең алғашқы зейнетақы туралы XV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген XI Людовик билігі тұсында Париж есеп палатасының құжаттарынан білуге болады.  Онда ағылшын королінің бірін­ші камергері Эдуард IV Уильям Гастингс­­тің және өзге де лондондық сановник­тер­дің атына жазылған зейнетақы тура­лы айтылады. 1889 жылы Германия кан­цлері Отто фон Бисмарк өз қыз­мет­керлеріне ресми түрде мемлекеттік зейнетақы бекітті. 

Арада 20 жыл өткен соң Ұлыбри­тания, Австралия, ал ХХ ғасырдың 30- жыл­дары АҚШ мемлекеттік зейнетақы жүйесіне көшті. 

Большевиктер революциядан кейін зейнетақы беруге асықпады. 1918 жыл­дың тамызында Қызыл армия мүге­дек­теріне, 1923 жылы қарт большевиктерге, 1928 жылы тау-кен, тоқыма өнеркәсібі қыз­меткерлеріне, 1937 жылы қала жұмысшылары мен қызметкерлеріне зейнетақы жүйесін енгізе бастады.

Мәлімет осы жерден алынды.

...