+1 дауыс
450 көрілді
Ең алғаш зейнетақының тарихы қай кезден басталып, енгізіле бас­тады? Зейнетақы беру жүйесі қай жылы енгізілген?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең алғашқы зейнетақы туралы XV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген XI Людовик билігі тұсында Париж есеп палатасының құжаттарынан білуге болады. Онда ағылшын королінің бірінші камергері Эдуард IV Уильям Гастингстің және өзге де лондондық сановниктердің атына жазылған зейнетақы туралы айтылады. 1889 жылы Германия канцлері Отто фон Бисмарк өз қызметкерлеріне ресми түрде мемлекеттік зейнетақы бекітті.

Арада 20 жыл өткен соң Ұлыбритания, Австралия, ал ХХ ғасырдың 30- жылдары АҚШ мемлекеттік зейнетақы жүйесіне көшті.

Большевиктер революциядан кейін зейнетақы беруге асықпады. 1918 жылдың тамызында Қызыл армия мүгедектеріне, 1923 жылы қарт большевиктерге, 1928 жылы таукен, тоқыма өнеркәсібі қызметкерлеріне, 1937 жылы қала жұмысшылары мен қызметкерлеріне зейнетақы жүйесін енгізе бастады.
0 дауыс
Ал біздің елде 1998 жылы Заң қабылданған болатын, зейнетақы туралы.
...