0 дауыс
5.8k көрілді

Қазақтар үшін  ең  ауыр  ғасыр ?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тізе берсек Қазақ халқы не көрмеді. Көптеген қиыншылықтар көрді. 1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама—қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. 2.1731 жылдан 1986 жылға дейінгі Ресейдің қол астына қараған шақ Қазақ халқы үшін ең қиын сәт. 3. 1919-1922 жылдардағы ашаршылық. 4.1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысы. Бұл кезең көптеген елдерге ауыр азап қиыншылық әкелді. 5.1986 жылдардағы "Желтоқсан көтерілісі. Мұның ішінде осы кезеңдерде кеткен қаншама қиыншылықтар болған. Ұлт-азаттық көтеріліс, жерді қорғау жолындағы соғыстар, патша үкіметінің озбырлығына қарсы көтерілістер т.б
0 дауыс

1931-1932 жылдар болған

0 дауыс

Жұбан Молдағалиев айтқандай "...мың өліп мың тірілген.." қазақпыз ғой, мына ғасыр аса ауыр болды деп айту қиындау сияқты, (мысалы: 18 ғасыр: "Ақтабан шұбырынды.."  жылдары, қазақтың тең жартысына жуығы зардап шекке ғасыр, 20 ғасыр: бірінші дүниежүзілік соғыс, революция, репрессия, колхоздандыру) айта берсе көп қой.. (13 ғасырдағы моңғол-татар шапқыншылығы) .... т.б.  

негізі қазақ халқы үшін қиын ғасыр көп қой, оның біреуін ерекшелеп алу  артықтау секілді. Сондай қиындықтардың барлығын жеңіп, төзіп келе жатқан "қазақ" деген халқты, қазақ болып туғандығыңды мақтаныш ету мен үшін зор мәртебе

0 дауыс

      1930-1932 жылдар

      Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шықпай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Өйткені мал көкпеңбек болып қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезінде мал мың-мыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 миллионнан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша, мұндай ауыр жұттар әрбір 10-12 жылда бір рет қайталанатын «қоян» қылына сәйкес келеді. Ондай жұттардан аман қалу үшін қазақтаршекара шебіндегі қазақтар мен орыс шаруаларына жақын келіп қонуға тырысатын. Станицалар мен деревня тұрғындарынан пішен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.

0 дауыс
ең ауыр кезең ашаршылық деп ойлаймын
0 дауыс

Қазақ халқының басынан өткен ең қиын-қыстау күндердiң бiрi - ашаршылық жылдары екенi белгiлi. Ашаршылықтың туу салдарының да түрлi себебi болады. Ол көбiне саяси-әлеуметтiк үрдiстерден, табиғаттың қолайсыз ахуалдарынан туындайды екен. Аш жүрудiң де екi түрi бар. Бiрi - ас-сусыз қалу да, екiншiсi - үнемi шала құрсақ болып жүру. Халық үшiн ең қауiптiсi де осы - үнемсiз қалып, ауруға, iндетке, қырғынға ұшырауы. Ал қолдан жасалған аштықтан қырылу ше? Бұл аштықтың қандай түрiне жатады?! 
Қазақ қалай қырғынға ұшырады? Қазақтың басынан қаншама нәубет өтті? 31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн. Ал биыл алапат аштықтың болғанына 80 жыл толады. Біз сол бір зұлмат кезеңнің ащы шындығын қаншалықты аша алдық? Кеңестік режим өзіне қараған халықтарды атып-асып, қуғындап қана қойған жоқ, сонымен бірге қолдан жасалған аштықпен де ауыр зұлматтар жасады. 
Бұл қырғын Ресейдің Поволжье аймағын, Украина мен Қазақстан халқын жайлады. Осы бір зұлмат кезеңдердің ащы шындығын ашық айтып, Ұлы аштық қырғынын халықаралық деңгейге дейін көтерген, аштық құрбандарына арнап, кесене тұрғызып, оны жыл сайын Азалы күн ретінде атап өтіп жүрген украин халқы екен. Бұл да болса, украин халқының өткен тарихқа, өз халқының басынан өткен зұлматты кезеңге жасаған ерекше тағзымы болса керек. Сол украиндықтар 2010 жылы өздерінде шығатын «Наше слово» газетінде қазақстандық саясаттанушы Данила Бектұрғановтың «Ұлы жұт немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы» мақаласын жариялайды. Әрі бұл мақала украин тілінде жарық көреді. Ол мақаласында автор қазақ даласында болған Ұлы жұттың, яғни Ұлы аштық қырғынының себебі мен салдарын анықтауға тырысқан. Автор: «Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан астам адам аштан өлген» деген деректерді алға тартады.
Алғашқы аштық кезінде қазақтың көбі аштан қырылды. Деректерге сүйенсек, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Бұл сол кездегі қазақтың санының шамамен 20-22 пайызын құрайды деген сөз. Алаш арыстарының көсемі Ахмет Байтұрсынов 20 жылдардағы аштық жөнінде 1922 жылғы «Қазақ календарына» жазған «Тәні саудың - жаны сау» атты мақаласында: «...Өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті... Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті...» деп жазған екен. 

0 дауыс

Жоңғар шапқыншылығы кезінде (XV ғасырдың 50 жылдары)

0 дауыс
ХХ - шы ғасыр .
...