+2 дауыс

Ізденіс жұмысыма "Қазақстан облыстарында жергілікті тұрғындардың түрлі тойларда айтатын тілек-баталары немесе тілек-баталардың диалектілік ерекшелігі" тарауына нақты мысалдар керек еді. 

07.02.2014 816 қаралым

2 жауап

+1 дауыс

Қызылорда облысында тілектің арасында "оттан, судан сақтасын" деп айтады. Бұл Сырдарияның жағасынан шықпасын, адамдар суға кетіп опат болмасын деген тілек. Жыл сайын ондаған адам суға кетіп қайтыс болады.

07.02.2014
0 дауыс

Оңтүстік облыстарда тойларда тілектер мен баталар ұзақ болады. Бата көбіне өлең түрінде айтылады. Мысалы: Аумин десең маған, Бата берейін саған. Дастарханың бай болсын, Төрт түлігің сай болсын, Ішіп-жегенің май болсын, Үйің толы жан болсын. Досыңнан көңілің қалмасын, Жағаңнан жауың алмасын, Аман болып жан-басың, Арманың көкке самғасын.

08.02.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы