+2 дауыс
12.5k көрілді

Улы  саңырауқұлақтарға  қандай  саңырауқұлақтар  жатады ?

Ооо, бүгін сайтта "Биология" пәні жыртып жатыр екен ғой ))

4 жауап

+1 дауыс

Улы саңырауқұлақтарға: шыбынжұт, бозғылт арамқұлақ, алдама томарқұлақ, тілікқұлақ, жалған түлкіжем және тағы басқалары жатады.

0 дауыс
Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған). Бозғылт арамқұлақжаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі. Ақпарат, әрі қарай осында: http://referatkaz.kz/uly-sanyrauqylaqtar/
0 дауыс

білуімше тағамдық саңырауқұлақтардың өзін қолданар алдында мұқия қайнатып алмаса улы әсері өте жоғары болады екен

0 дауыс

Шыбынжұт  - ең улы саңырауқұлақ.

...