"Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер сияқты "стан" деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында "стан" қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн" деді Елбасы.
Еріккеннің ісі деп есептеймін, басқа да шаруалар жетерлік мемлекетімізде.
Елбасының олай айтуының бір мағынасы бар шығар.Қайдан білесіздер?!Қазақ елі де жаман атау емес,бір жағынан Стан жалғауы көп мемлекет атауына жалғанған.Қазақ елі болып ауыссақ өте әдемі болар еді.Елбасымыз көпті көрген кісі яғни біледі.Мен құптаймын!
Егер өгертпесек қазақ деген халық атауы жойылып, қазақстандық деген халық пайда болайын деп тұр ғой... Болғыларың келе ме американец сияқты тексіз? Жер де ел де қазақтыкі дегенннің несі жаман? Сосын бәріміз ештеңені ойламай тату өмір сүре береміз тарихқа таласпай.
мәселе кітаптың не мекеменің атауының өзгеруі емес , оны өзгертудегі басты себебі ел алдында жарияланып, халықтың көз қарасы ескерілуі керек . Мен мемлекет атауының өзгертудегі басты себебін білмей жатып қандайда бір пікір айтудан аулақпын.
егер себеп-салдары атап айтылған болса қандай??????
Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын!!!
Монғолияда стан жоқ екен деп ауысудын қажеті жоқ деп ойлаймын. Ауыстыру үшін нақты дәлелдер керек. Халықтың жағдайы соншама керемет болып тұрған жоқ. Үй салып, машина алсада барлығы несие арқылы ғана. Біраз тиын тебен зейнетақы мен еңбекақыға қосылса,күнделікті тұтынатын заттар бірнеше есе қымбаттайды. Ең алдымен доллар мен орыстын рубліне жалтақтағанша, бағаны тұрақтандырып,қарапайым халықтың жағдайын жасап басқа ойды бірақ ойлау керек деп ойлаймын. Орташа еңбек ақыны есептеседе ақшаны көп алатындардыкі қоса есептеліп, орташа еңбекақыны жүз мыңнан асырып айтады. Оны ауыстыру үшін мемлекетке де, қарапайым халыққа да қаншама қаражат керек.
Құптамаймын, елдің атауын емес, сапасын өзгерту керек! Мысалы, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бір Тіл мәселесі, бірінші осында жөнге келтіру керек!
ҚАЗАҒЫМ! ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМ! СІЗДЕРГЕ НЕ БОЛҒАН? НЕГЕ "ҚАЗАҚ ЕЛІ " АТАУЫНА ҚАРЫ КЕЛУМІЗ КЕРЕК? БІЗ АТА - БАБА ТАСТАП КЕТКЕН СОНАУ ДАРХАН ДАЛАМЫЗДЫҢ ӨЗ АТАУЫНАН НЕГЕ БАС ТАРТУЫМЫЗ КЕРКЕ? БІЗДІҢ ҚАНДАЙ ХАҚЫМЫЗ БАР? БҰЛ АТАУДАН БАСТАРТУ ОЛ ДЕГЕН КҮНӘ ЕМЕС ПЕ? МЫНАЛАРДЫН БАРЛЫҒЫ СЫЛТАУ НЕ БОЛМАСА ШЫНАЙ ҚАЗАҚТАРДЫ МОЙЫНДАМАУ : Қаншама 190елдің алдында 20жылдан мәртебеміз Қазақстан атауымен танымал. Сондықтан осы қалпы қалғанын қалаймын.Өз басым мүлде құптамаймын. "Қазақстан" атауы тарихи-мәдени және саяси толық қалыптасқан атау. Оны өзггертудің ешқандай қажеті жоқ.Қазақстанда кәзіргі уақытта 130 дан астам улт окилдери бар емес пе? те қазақтар ғана емес. Қолдайтын адамдарды түсінбеймін. Қазақ елі деп ауыстырса Республика алынып қалайын деп тұрғой ал Республика алынып қалды деген сөз біз қандай елге көшкенімізді ойласаңдаршы,-ДЕГЕН ДҰРЫС ЕМЕС!
ЕЛ БАСЫНЫҢ АЙТҚАНЫНА ҚАРСЫ КЕЛМЕНДЕР!
"Қазақ елі" атауы дұрыс. Қазақстан, қазақстандықтар дегеннен гөрі Қазақ Елі, қазақтар деген әлдеқайда жақсы естіледі әрі босбелбеу, көңілшек бауырларымыздың есін жинауға тезірек көмектеседі. Тек ақыры Қазақ Елі болатын болса, қазақтың мүддесі ойдан шығарылған "130 этностан" бөлек қаралса, қорғалса екен деймін.
ТАЛАСПАҢДАР, БІЗДЕН ЕШКІМ ПІКІР СҰРАМАЙДЫ, МҰНДАЙ СӨЗ АЙТЫЛСА, КӨП ҰЗАМАЙ ОРЫНДАЛАДЫ ДЕГЕН СӨЗ. БІР ТҮСІНБЕЙТІНІМ, БҰРЫН ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛАЙЫҚ ДЕП ЕДІ, ЕНДІ НАҒЫЗ ПАТРИОТТЫҚ ҰСЫНЫС АЙТЫП ЖАТЫР. НАҒЫЗ ӨЗГЕРЕТІН БОЛСА "ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ" ДЕП АТАЛСЫН. 1-ШІДЕН "СТАН" ТІРКЕСІНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ, 2-ШІДЕН "ҚАЗАҚ" АТАУЫ ЖЕКЕ ДАРА АЙТЫЛАДЫ, 3-ШІДЕН "РЕСПУБЛИКА" ЕКЕНІМІЗДІ ҰМЫТПАЙЫҚ, 4-ШІДЕН ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ДЕ ТҮСІНІКТІ ЕСТІЛЕДІ. МЫС: "КАЗАХСКАЯ РЕСПУБЛИКА", "KAZAKH REPUBLIС"
http://news.nur.kz/301944.html
Мына жерді қараңыздар!
Қазақстанды өзгертсе әлем мүлде қазақтардың барын ұмытып қалып жүрмесін! Онсызда әлемнің 50 пайыздан астамы Қазақстанның бар екенін білмейді! Нұр атамызға тағыда ойлану керек сияқты! Қалай ойлайсыздар?!
Иа Қазақстан атауымен қалған жақсы. Қазақ елі десек біз тек қазақтар тұрмаймыз,басқа ұлттарда жетерлік. Меніңше қазақ елінен ҚАЗАҚИЯ дұрыс сияқты