–1 дауыс
24.0k көрілді
Туған жер немесе Қазақстан туралы өлеңдер тауып бересіздер ме?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Туған елім, топырағыңа не жетер? 
Өз басыңа нелер келді, не кетер? 
Отанынсыз тірі жандар не етер, 
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер. 

Таң шапағың аймалайды жүзімді, 
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді. 
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді, 
Елестетіп бір тамшы жас үзілді. 

Айналайын, дархан далам, кең далам, 
Бір өзіңді арқа тұтар мен балаң. 
Сұлулықтың сырын жидың сен маған, 
Сен сияқты дархан болам, кең болам. 

Қойнауыңда қазына, құт-береке, 
Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке. 
Жадыратар жанымды бұл сен екен, 
Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем. 

Тауларым бар мендей сен бол биік дер, 
Қойнауында ойнақшыған киіктер. 
Баурайында бұлақтары құйып тұр, 
Өз байлығын өзендерге жиып тұр. 

Топырағың жаратты асылдарды, 
Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды. 
Саған деген махаббатым басылмайды, 
Мәңгілікке нұрың солай шашылғай-ды!

 

0 дауыс
Қазақстан Әні мен сөзін жазған: Р. Гайсин Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей, Өр өскен жемістердің бүрлеріндей. Жомарттың қазынасындай жермен жарық, Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей. Қазақстан - елдің аты, Қазақстан - жердің аты. Қазақстан - ел жаннаты, Қазақстан - жер жаннаты. Ерлері аспанмен алысқандай, Қыздары жарысқандай қалыс қалмай. Қазақтың - ақ дастархан кең төріндей Құшағы халықтардың табысқандай. Қайырмасы. Тынысы жер жаһанның келісіндей Бір жылы бүгін ғасыр жеңісіндей. Өмірі келешектің өрісіндей, Төңірек келбетімнің жемісіндей. Қайырмасы.  Отаным- Қазақстан Өлеңін жазған: С. Тойлыбаев Әні: А. Исағұлова. Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. Бүгінде бар әлемге данқың жетті, Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің. Жасампаз жыр - әнім, Өзіңсің ғажапстан . Өсиет, ұраным, Отаным –Қазақстан. Ғажап қой сұлу көктем, жасың, әні, Тындарсың ән жүректің сазын әлі . Шіркін – ай, жетпейді бір өзіңе, Қойнауың - тұнған байлық, қазыналы . Қайырмасы. Сен неткен Отан - анам, ғажап едің, Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін, Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Брат,ән емес өлең керек еді.
Белгісіз
...