+3 дауыс
647 көрілді

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Түс демекші...бүгін түсімде терезеден қарап тұр екем... далаға көзім салсам, бейбіт тұрғындардың бәрі жайрап жатыр Өңкей ер адамдар, егдесі де, баласы да бар. Тұла бойым мұздап кетті. Сөмке асынып сұлап жатқан балаларды көріп, олардың ата-аналары бұдан бейхабар-ау деп қапаланып тұр екем. Шошып ояндым. Дәл осы түні тағы түс көрдім. Біреу сондай бір өшпенділікпен аспанға оқ атып жатыр, оқ атқан сайын аспаннан  нөсерлетіп тасыр-тұсыр жауын құйып жатыр. Мен қашып барам екен. Түс түлкінің боғы дегенмен, бәрібір жағымсыз түстерден, тиісінше,жағымсыз әсер аласың ғой.Сен мейлің, сенбе мейлің.... 

Баяғды алғашқы тәуелсіздік жылдары,қысқарту,жұмыссыздық жайлап,әйелдер сумка асынып кеткен қиын заманда ,Назарбаевты сайлау керек болатын,тағы бір қарсыластары болды,мен қазіргі Елбасын сайламаймын деп шештім,өйткені жағдай қиын еді,содан түс көрдім,түсімде үйілген өліктер,қап қара кісілер,сұмдық ызың,қара қарғаларды көріп шошып ояндым,құдай сақтасын,бейбітшілік керек дедім,бейбіт өмір болса бәрі жақсы болады,Назарбаевқа дауыс берем деп шештім де ұйықтап кеттім,ертеңінде дауыс бердім.Шынында да заман түзелді.Түсті өте,өте сирек көрем,бірақ анық қолмен қойғандай көрем.Түсімде үйімнің терезелері сап сары болып тұр екен,үйдің қабырғасы қақ айырылыпты,сол түстен кейін құдай төбемнен ұрғандай қасірет болды,үлкен қайғы болды.Жамандық енді болмасын,сенің түсің де бейбіт өмір болады,адаспаңдар деп тұрған шығар.
Сіз бар ғой, сіз... көңілдің пернесін дөп басасыз ылғи! Жақсылыққа жоримыз ғой! Негізі осындай түстерден соң бейбіт күннің қадірін түсінеді екенсің расында...
Негізі мұндай түстер әдетте қатты шаршап-шалдыққанда, жүйкеге салмақ түскенде енеді ғой... расында, шаршап жүрмін жұмыстан...Ұйқыңыз бөлінбесін! Тәтті түстер ғана енсін!
Ол рас жүйкеге салмақ түспей тұрмайды,өмір курорт,біз саяхатшы емеспіз,сондықтан темірдей берік болайық,жүйкеміз аман болсын!
+4 дауыс
корем 1 кунде 1 рет сагат тангы 4.33 те неше турли ертенинде онимде дал орындалады.
Соғасың ау,сериал емес пе?
+3 дауыс
Tus korem, ote sirek korem. Birak eshkashan tuske senbeidi ekenmin. Tipti man bermeimin, jaman tus korsem eshkimge aitpaimyn, baska oilar arkyly tez umytyp ketem. Tus tulkinin bogy. Olai bolsa bokka eshkim senbeitin shygar.Ua-ha-ha. Shaitan adam balasyn ata-babasy bolyp tusine enu arkyly onai azgyrady deidigo. Sizdin en osal jerinizden ustaidy. Sondyktan agaiyn shaitannyn azgyruynan ALLAHka siynaiyk!!!
0 дауыс
Бұрындары түсті көп көретінмін. Тіпті бір түннің ішінде қысқа-қысқа түстен 3-4-еуін бір-ақ көріп тастайтынмын:) Бірақ қазір ешқандай түс көрмейтін болып кеттім. Тек кейде ғана түс көрмесем, былайынша ешқандай түс көрмеймін.
Таусылған шығар,қашанғы болсын...
+4 дауыс

Ең сүйіп көретін түсім - елес секілді Ұшып жүрген түстерім...

+2 дауыс
Тустi сирек кормiн. Бiрак тусiмде коргенiм онiмде болады.=))
...