Баяғды алғашқы тәуелсіздік жылдары,қысқарту,жұмыссыздық жайлап,әйелдер сумка асынып кеткен қиын заманда ,Назарбаевты сайлау керек болатын,тағы бір қарсыластары болды,мен қазіргі Елбасын сайламаймын деп шештім,өйткені жағдай қиын еді,содан түс көрдім,түсімде үйілген өліктер,қап қара кісілер,сұмдық ызың,қара қарғаларды көріп шошып ояндым,құдай сақтасын,бейбітшілік керек дедім,бейбіт өмір болса бәрі жақсы болады,Назарбаевқа дауыс берем деп шештім де ұйықтап кеттім,ертеңінде дауыс бердім.Шынында да заман түзелді.Түсті өте,өте сирек көрем,бірақ анық қолмен қойғандай көрем.Түсімде үйімнің терезелері сап сары болып тұр екен,үйдің қабырғасы қақ айырылыпты,сол түстен кейін құдай төбемнен ұрғандай қасірет болды,үлкен қайғы болды.Жамандық енді болмасын,сенің түсің де бейбіт өмір болады,адаспаңдар деп тұрған шығар.