+1 дауыс
3.9k көрілді

Қазақ күйі- Қазақ жаны деген тақырыпта ой толғау жазу керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Күй – қазақтың жаны. Көне өнердің құдіретін көкшетаулық бала күйші Нұржан Сағынай осылай түсінеді. Музыка мектебінде оқитын балғынның арманы - дәулескер күйші болу. Нұрғиса Тілендиевті пір тұтады. Күймен жанына шуақ құйған ол - Польшада өткен халықаралық өнер фестивалінде гран-приді жеңіп алды.Кәусар бұлақтың көзін ашатын халықаралық фестиваль биыл жетінші рет өткізілген. Әр жанрда 600-ден астам жас талант бағын сынапты. Бәрі де өз отанының үкілеген үміттері. 12 жасар Нұржан қалың көрермен талғамына Нұрғисаның екі күйін ұсынған. «Аққуды» гәккулетіп, «Бала мишканы» балбыратқан.
 
Осылайша, қос ішектен сұлу саз суырған Нұржан бас жүлдені жеңіп алды. Күй өнерінің ұлттық әуезін Польшада әуелеткен талантты баланы «Нұр Отан» партиясының Көкшетау қалалық филиалы құттықтап, қауырсын қанат қарлығашқа табыс тіледі. Ұлы өнерден өріс іздеген Нұржан қазір үлкен дайындық үстінде. Жас таланттың қайнар көзін ашқан ұстазы да оны үлкен мақсаттарға жетелеуде.
   
Серік Сәрсенбай, ұстазы:
 
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші біз қасиетті қара домбыраның құдіретін Еуропа еліне тағы бір таныттық. Нұржан - талантты шәкірттерімнің бірі. Болашағы зор. Қазір біз үлкен дайындық жасап жатырмыз. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Астанада өтетін мерекелік шараларға қатысамыз ба деген ойымыз бар.

...