+4 дауыс

Сұрақ-Жауап сайтында "маған шығарма (эссе) жазып беріңіздерші" деген сұрақсымақтардан көз сүрінеді, толып жатыр. Қазақ тілі тұрғысынан қарағанда, бұлар сұрақтар емес, өтініштер болып табылады. Неліктен бұндай сұрақтар жабылып, жасырылып тасталмайды? Бұл сайт Өтініш-Жауап сайты емес шығар енді?

02.02.2014 1.2k қаралым

4 жауап

+3 дауыс

Кейбір оқушылар өз сабақтарын оқығысы келмей, осындай сұрақтар қояды. Оларға жауап жазып жатқан да ешкім жоқ.

02.02.2014
солардың көбісін өшіріп тастау керек.
+4 дауыс
Ол былай болады негізі: Оқушы интернеттен ақпарат іздеу үшін гугл не яндекс сайтына шығармасының тақырыбын жазғанда алдыңғы қатарлардан СЖ сайтының сілтемесі шығады. Содан не керек, жаңа келген қолданушы "ақпарат табамын не маған жазып береді" деген оймен сұрақ қоя салады. Және көбісі СЖ-ға осылай келген.
02.02.2014
0 дауыс

Онша қиын емес. Шығармада белгілі бір тақырып бойынша ойды қосымша мәліметтермен толықтырып жазасың, ал эсседе өз ойыңды қорытындылап,тиянақтылап жазасың. Былайша қиын емес.

23.02.2014
+1 дауыс
Ниеттеніп жасаса қиын іс жоқ деп айтқан екен бір адам.
03.04.2014

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы