+3 дауыс
433 көрілді

Головкинмен  болған   кездесуде  кім  жеңіс тұғырына  көтерілді ?

Головкин жеңілсе Штурмнан жеңілуі мүмкін.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Геннадий Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті Монаконың Монте-Карло ауданында орналасқан Le Casino ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде қазақстандық Геннадий (GGG) Головкин ганалық Осумана Адаманы техникалық нокаутпен ұтып, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы деген атақтарын кезекті мәрте сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі. Жаңа стильдегі жасыл шапанмен шаршы алаңға көтерілген Головкин бірінші раундта барын салмаса да, раунд аяқталар тұста Адама Генадан күтпеген жерден соққы алып, нокдаунға түсіп қалды. Африкалық боксшыны осы тұста тек гонг үні құтқарып қалғанын айта кетейік. Екінші раундты да қос боксшы соққы алмасып жүріп өткізіп, алайда Адама гонг үні естілгенге дейін тағы да бір ауыр соққы жіберіп үлгерді. Үшінші раунд Генаның толықтай бақылауымен өтсе де, Адама бір екі шабуылын сәтті өткізгендей болды. Төртінші раундта Генаның жасаған бір хугы өткенімен, бұл кезең қазақстандық боксшының сәл ғана басымдылығымен өтті. Бесінші раундта қарсыластар бірдей деңгейде жұдырықтасты. Бірақ Геннадий дәл осы раунд аяқталар тұста қысымды барынша күшейтті. Алтыншы раундта Адама капасын қайта-қайта аузынан түсіріп алып, біраз демалып алуға тырысқанымен де, раундтың бел ортасында тағы да бір нокдаунға түсіп, гонг үніне дейін раундты әупірімдеп жүріп өткізді. Жетінші раунд тағы да Адаманың нокдаунға түсуімен басталып, кейін Генадан алған тағы бір ауыр соққысынан кейін рингтегі төреші кездесуді тоқтатуға шешім шығарды. Осылайша, Геннадий Головкин спорттық мансабы жолындағы 29-шы кездесуінде де жеңіске жетіп отыр. Оның 26-сын уақытынан бұрын аяқтады (нокаутпен). Айта кетейік, кездесу алдында Геннадийдің командасы құрамында Қазақстан Республикасының ресми әнұранын қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Musicola тобы орындады. Ал ұйымдастырушылар дәл осы кездесуді жүргізу үшін АҚШ-тан атақты ринг-анонсер Майкл Бафферді шақырған екен. Сонымен бірге залда Головкинге қолдау көрсетушілер арасында Олимпиада ойындарының чемпиондары Серік Сапиев пен Александр Винокуровтың да болғанын айта кетейік. Musicola тобы Генаның ендігі кездесуі 26 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді деп жоспарланған. Әзірге қарсыласының кім болатыны белгісіз. Ақпарат: http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/16572
+3 дауыс

видеосымен

http://baq.kz/kk/news/42962

+3 дауыс

Геннадий Головкин жеңіске жетті.Тартысты өткен кездесуде 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.Геннадийдің бұл 26 нокаутты.

0 дауыс

Техникалық нокаутпен Геннадий Головкин жеңді.

0 дауыс

Мына жерден http://sports.kz/news/video-boya-gennadiy-golovkin-osumana-adamu көрсең болады.

хихи базар жоқ Адама мамалап қайтты)))
...