0 дауыс
304 көрілді

Головкинның  кездесуінің  уақыты  белгілі  болдыма?

4 жауап

0 дауыс
ертен гой уакытын билмимин
+1 дауыс

Астана уақытымен таңғы 3-те басталады.

0 дауыс

Қазспорт сайтындағы мәліметтерге сүйенсек.22:40 бокс кеші басталады.Боксты көру үшін Қазақстан және Қазспорт телеарнасынан көруге болады.Болатын күні-01.01.02.Осы сайттан қарап көрші http://kazsporttv.kz/kz/page/217.

+1 дауыс
Әлем назары сенбі, 1 ақпан күні Монте-Карлоға ауады. Бұл күні Салле де Этоиле аренасында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бокс кешінің ең басты жекпе-жегінде кәсіпқой бокстан WBO және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғайды. Оның қарсыласы – ганалық боксшы Осуману Адама. Геннадий Головкин кәсіпқой бокста өткізген 28 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 25 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ганалық боксшы шаршы алаңда 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-де жеңіске жеткен. Ал үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан. Сонымен қатар, бұл кеште жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) ресейлік Роман Белаев (12-0-0, 10) пен Ирландия боксшысы Дин Бирн (17-2-1, 6) WBA Continental атағына таласады. Ал орта салмақта (72,6 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион, украиналық боксшы Макс Бурсак (29-1-1, 12) австралиялық Джеррод Флетчермен (17-1-0, 10) өткізетін жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды. Сонымен қатар, ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) конголық боксшы Илунга Макабу (15-1-0, 14) мен аргентиналық Рубен Анхель Мино (20-0-0, 20) жұдырықтасады. Бокс кеші Астана уақыты бойынша 22:40-та басталады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Монте-Карлодан тікелей көрсетілім ұсынады.
...