+1 дауыс
6.0k көрілді
Көгершін туралы өлең тауып бересіздер ме?
Ән керек болса, мынау http://music.nur.kz/kk/548427-akkuan-kogershinim

2 жауап

0 дауыс

Көгершін

Ақ көгершін, көгершін, 
Қолғанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт ел үшін, 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан. 
Бақыт болып қоншы деп, 
Ұшырамын қолымнан. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына. 

Сенен көзін алмайды 
Ақ ниетті бар адам. 
Ақ қанатың талмайды 
Әділеттен жаралған. 
Тыныш-бейбіт өмірдің 
Белгісі боп қанат қақ. 
Әлемге ортақ көңілдің 
Қайт шыңына қонақтап. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына. 

Қанатыңда жазылған 
Жалғыз ауыз ұран бар. 
Не құдірет құралдан 
Ең күштісі сол құрал. 
«Бейбітшілік» делінген. 
Белгіні оқыр әр адам. 
Бақыт құсы келді дер 
Қанатыңа қараған. 

Ел тілегін алып ұш 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш 
Мұхиттың арғы жағына.

Бұдан басқасы керек еді.
Белгісіз
–1 дауыс

КӨГЕРШІНМЕН СЫРЛАСУ

Терезенің жақтауына қонды келіп көгершін
Жазса жүрек нөсерлетіп өлеңдерді төгерсің
Жараланған көгершінге қарап тұрып мұңдастым
Жаным менің жараланған сен секілді недерсін?

Жаралымыз екеумізде жүре алмаспыз ұзаққа 
Бір дауа бар мендегі бар сызатқа
Сынған сенің бұғанаңмен жараланған аяғың
Мен секілді сенде құсым түсіппедің тұзаққа

Аяғыңмен бұғанаңды таңып жазып берейін
Екеумізге не сыйы бар бұл өмірдің көрейін
Сен қағарсың қанатыңды, мен табармын жұбымды
Бұл өмірдің ақ-қарасын қалайша мен теңейін

Махаббаттан от бопжанып алағызып ұшындым
Сүйген жанды қаратудың қиындығын түсіндім
Келмейді-ау осы үшін өр кеудемді түсіргім
Сылап-сипап жанымдағы көгершінді ұшырдым

Көгершінде байқағандай жанардағы мұңымды
Оны күнде сипалменен оқушы едім жырымды
Мына өмір жазбағандай күлуді
Көкке бірге алып ұшты кеудедегі сырымды.

Көгершінмен жаным менің бір екен 
Сүйген жаным қазір қайда жүр екен
Көрінер деп терезеге үңілсем
Қайта оралып көгершін кеп тұр екен

Сұлулықта бейнеңді мүсіндеген
Ғашық жанмын көңілін түсірмеген
Сүйіктім-ау мен саған не айтайын 
Көгершіндей жанымды түсінбеген

 

ТОҚАЙ БЕРДІБЕК

...