Белгісіз Кітап, Әдебиет | 1.5k қаралды
1.5k қаралды
Күйіп піскен нан туралы сатиралық өлең бар еді ғой, соны тауып бересіздер ме? Келіннің нанды күйдіріп пісіргені туралы сатиралық өлең бар ғой, соны тауып беріңіздерші

1 жауап

Бұл күйген печенье туралы әңгіме.......

Кемшілік пен кешірім.

Кішкентай кезім. Жұмыстан шаршап келген анам әкемнің алдына қуырылған жұмыртқа мен жартылай күйіп кеткен печенье қойды. (Печеньені үйде өзі пісіретін). Әкем анамның жүзіне жымиып қарап қарап қойып, күйген печеньеге май жағып, біртіндеп аузына салып отырды. Менен сабағымның жайын сұрады. Ас ішіп, дастархан басынан тұра бергенімде анам әкемнен печеньені күйдіріп алғанына кешірім сұрады. Сонда әкемнің бар айтқаны: "Жаным-ау, мен күйген печеньені жақсы көремін ғой", - деген сөз болды. Жатар алдында әкемнің қасына барып бетінен сүйдім де: "Әке! Сіз шынымен де күйген печеньені жақсы көресіз бе?", - деп сұрадым. Сол кезде әкемнің мені құшағына алып айтқан мына бір сөздері мәңгі есімде қалып қойды: "Сенің анаң күнде жұмысқа барады. Үйге шаршап келеді. Оның үстіне аз ғана күйген печеньенің ешқандай зияны жоқ. Сосын мен де барлық жұмысты бірден кемшіліксіз атқара алмаймын ғой. Кейде мен де қателесемін. Сол себептен бір-бірімізге кешіріммен қарап, қателессе, көңілін аулауымыз қажет" - деді.
119,179 сұрақ
307,370 жауап
153,315 пікір
68,923 қолданушы