0 дауыс
17.5k көрілді
Елбасына арналған өлең жолдарын тауып беріңіздерші ӨТІНІШ!

3 жауап

+1 дауыс

Орысша айтқанда бұл өлеңде ''жағымпаздану'' ''просто зашкаливает.'' Мә ұста.

 

 

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

+1 дауыс

Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды. 
Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. 
Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды. 
Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды. 
Тәуелсіздікті елге сыйлады, Бейбітшілікті қалады. 
Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы. 
Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы. 

Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. 
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы 
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

0 дауыс
Казагымның туын тіккен -Елбасы
Ұл-қызынан үміт күткен -Елбасы
Қазақ елін аялаған -Елбасы
Қиындықта сая болған -Елбасы.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
9 жауап
...