+2 дауыс
21.8k көрілді

Қалай ұйқыны қашыруға, яғни ұйықтамауға болады?

8 жауап

+1 дауыс

Бетінізді салқын сумен жуғанда ұйқы қашуы мүмкін.

Ал суық ванна қабылдасаныз тіпті керемет!

+2 дауыс
Сізге қажет болған жағдайда ұйқымен қалай күресуге болады? *.Әдетте адамдаркофеніңкөмегіне жүгінеді. Әсерді тез беретін әдіс, алайда зияны да жоқ емес. Кофені жиі пайдаланудың арты дертке апарып соғуы мүмкін, екінші жағынан кофе есірткі секілді әдетке айналып кетуі де мүмкін. Кофені пайдалануға болады, бірақ тап ұйқыңыз қыса бастаған сәтте емес, одан ертерек кешкі сағат 7-8 шамасында ішіп алғаныңыз жөн. Өйткені ұйқыңыз келіп тұрғанда кофе ішсеңіз, ойлау қабілетін нашарлатып жібереді, жұмысыңызды аяқтағаннан соң, ұйықтай алмай, әбігерге түсуіңіз де мүмкін. *.Келесі бір кең таралған әдістердің бірі –энергетикалық сусындарды ішу.Жалпы әсер ету жағынан олар кофеге ұқсас болып келеді, олар да кофе сияқты ұйқыңызды ашқанменен, жұмыс істеуге деген құлшынысыңызды төмендетеді. Айтпақшы, мұндай сусындардың дәмі бұзылу қаупі бар, сондықтан құтыны ашқаннан соң, бірден таусып немесе аузын жауып қойыңыз. *.Тағы да бір зиянды әдістердің бірі – кез келгенгаздалған сусындар. Кока-кола, Пепси, Спрайт, Фанта және т.б. қатты газдалған сусындар жарайды. Қанша зиянды дегенменен, әрбір жарты сағат сайын аздап ішіп тұрсаңыз болады. Яғни, мөлшерден асырып жібермесеңіз, жалпы белсенділік қалпын сақтап тұра алады. *.Тұздалған, ащы тағамдар- ұйқыңызды ашып, белсенді қимылдауға көмектеседі. Тұздалған қиярдың бірнеше тілігінің 3 кесе кофеден де артығырақ әсері бар. Сонымен қоса, тұздалған ірімшік, маринадталған саңырауқұлақтар, ашытылған қырыққабат та көмектеседі. Бутерборд пен сүрленген шұжықты, кәдімгі қияр мен қызанақты пайдалансаңыз да болады. Пайдалы әрі дәмді. *.Ұйықтамауға өзге де әрекеттерді қолданып көрсеңіз болады. Бөлменің ішіндеары-бері жүрсеңіз, қан айналымыңыз жақсарады. Мейлі ол жай ғана орындықты айналу болса да, оған қоса саусақтарыңызды айналдырып, құлағыңыз бен мойныңызды уқалаңыз. Арқаңызды біреуге уқалатсаңыз, тіптен қатып кетеді. Денеңіздің ауырсынғанша қатты шыныққаны дұрыс. *.Ыстық немесе салқын суға бетіңіздіжуып алыңыз. Тек су жылы болмасын. Душқа түсіп алсаңыз да, артық етпейді. Қолыңызды шынтаққа дейін сабындап жуудың пайдасы зор. Бірақ бұл ұйқыны ұзаққа ашуға кепіл емес. *.Бөлмеңізді желдетіп алыңыз. Әрине, тісіңіз сақырлап, қалтырайтындай емес, өзіңізді жақсы сезінетін температураны қалыптастырыңыз. *.Түніңіз ұйқысыз өтті. Ертеңгі күнді көз алдыңызға елестетіңізші! Мұндай сәттерді біртәтті нәрсенің көмегіне жүгініңіз.Белсенді ойлануға көмегі көп. Есіңізге шоколад түсті ме? Кішкентай ғана қара шоколадты (тек қара, қалғаны тәтті ретінде ғана әсер етеді) жесеңіз, миыңыз дұрыс жұмыс істеуіне септігі тиеді. Айтпақшы, қарныңыз қатты ашып тұрса да, тәттілер таптырмас тағам бола алады. *.Шай – ұйқыдан сергек оянудың тағы бір жақсы тәсілі.Тәтті шай– тіптен жақсы. Осындай ұйқысыз түндерден кейін, міндетті түрдежақсылап ұйықтап алукеректігін ұмытпаңыз! Ақпарат: http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/1079
0 дауыс

Мезгілімен ұйықтау керек.Сонда өзі қалпына келеді.Ұйқыңыз келмеседе уақытында ұйықтауға өз-өзіңізді үйретіңіз.

мысалы азанда ұйқыдан жұмысқа немесе сабаққа тұруға қиналып тұрсаңыз әйеліңіз немесе анаңыз немесе әпкеңіз (Ойбай тұр ұйықтап қалыппыз жұмыстан кешіктің немесе сабақтан кешіктің)-десе ұйқың қалай ашылғаның білмей қаласың))))))))))
0 дауыс

Азанда тұрғаннан кейін таза ауаға шығып жаттығулар жасаған жөн. Ұйқыңыз ашылып, серігіп қаласыз!

0 дауыс

Сыртқа шығып 5-10 минут жүгіріп алыңыз. Сосын бетті қармен жуу керек.

қыс болса қармен жуасызғо))
0 дауыс
бетіңді мұздай сумен жуып жібер ашылады
0 дауыс
Түнімен ұйқтамай сабақ қарап ертеңіне қалай сабаөқа барам екен
0 дауыс
Дарет алгандагы секлди мурынга су тарту керек

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+5 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.05.2011 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...