+4 дауыс

Қарыз бастан асып жатыр содан құтылатын әрекет керек еді соған ақыл кеңес берсеңіздер не істейміз. Айлық аз ауылда қосымша жұмыс жоқ дегендей.

01.02.2014 23.3k қаралым

9 жауап

0 дауыс

Әрине, несие алуға шамаңыз жетсе, несие алып қайтарасыз. Ал, олай болмаса, қаражат табудың жақсы жолдарын іздейсіз. Яғни айтпағым, қолдан не келеді, біреуге пайдасы тиетіндей ерекше шаруамен айналысып ақша табуға болады. Ал, қолдан келмесе, икеміңіз келетін өнерді үйреніп алып, сосын машықтанып, нәтижелі болғасын жемісін де көру алыс емес. Мысалы; бірі-сурет салып береді, бірі-реферат жазып, ақша жинайды, т.с.с.Қарызды мейлінше, тез қайтаруға талпыныңыз!Ал, сәттілік! 

01.02.2014
0 дауыс

Қандай жағдай болмасын, қаншалықты қиын болмасын бірақ қарызды қайтару қажет деп ойлаймын. Жағдайыңыз жетпесе де бөліп бөліп қайтарсаңыз да мейлі ғой. Кезінде сізге ол адамдар көмектесіп қарыз берді енді сіз де сол жақсылықты өтеуге тиіссізго,мүмкін ақшалай болмаса бір шаруасына септігіңіз тиер.

01.02.2014
0 дауыс

қатты қиналған кезде қол ұшын берген адамға,қарызыңызды қайтаруға тырысқаныңыз жөн.Себебі ол адамның үйінде ақша өспейді.

01.02.2014
дұрыс айтасыз
+2 дауыс

Мұсылман қорғаны деген кітаптан алынған дұғалар

 АЛЛАҺТАН ҚАРЫЗЫН ӨТЕУГЕ КӨМЕКТЕСУІН СҰРАП ОҚИТЫН ДҰҒА

"Аллаһуммәкфи-ни би халәликә ъан хәрамикә уә әғнини би фәдликә ъаммән сиуәк!"

Аудармасы: Иә, Аллаһ! Мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе қанағаттандыр. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!

 "Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл һәмми уәл-хазәни, уәл-ъаджзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-джубни, уә даләъиддәйни уә ғаләбәтир-риджәл".

Аудармасы: Иә, Аллаһ! Расында мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!

01.02.2014
Жақсы жауап.
0 дауыс

Ол үшін тыңдай жұмыс істе.Ақша өзінен-өзі келмейді.Туыс-тумаларыңыздан сұрап көріңіз.

Еңбекпен келген-нан тәтті.

01.02.2014
Әлбетте дұрыс айтасыз,дұға тілейміз сосын амалын жасаймыз.
0 дауыс
Ақша тапқыңыз келсе қабарласыныз адал жолмен интернет арқылы 8776 393 03 04
08.05.2018
0 дауыс
Жауабы қарапайым: қарыздан құтылу үшін тезірек төлеп тастаңыз))
15.07.2018
0 дауыс
Намаз баста! Қарыздан құтылып, өмірің түзеледі!
15.07.2018
0 дауыс
Сәлеметсіздер ма?Қарыздарымнан кредиттен құтылғым келеді.Кандай да бір жолы барма?Ауылда тұрамын.Зарплат аз.Жұмыс жоқ
15.08.2023
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы