Намаз оқығым келеді бірақ орамал тағып, ұзын көйлек кигім келмейді, кимесе болмайды ма?

+4 дауыс
103k қаралым

Сәлеметсіздерме. Мен намаз оқығым келеді, бірақ орамал тағып не болмаса ұзын көйлек кигім келмейді. Намазды міндетті түрде ұзын көйлек және орамал тағып оқу керек пе? Намазды қалай үйренсем болады? Намаз үйрететін қандай кітапшалар бар? Сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.

• Санаты: Өмір, Тіршілік | 103k қаралым

Қазіргі кезде неше түрлі намаз жайында кітаптар бар. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс білмейсің. Намаз оқып үйренуге арналған кітаптарды қалай дұрыс таңдауға болады?

Сәлем.
Айсұлу (Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы) ҚМДБ-ның арнайы сайты www.muftyat.kz осы сайтқа тіркеліп сұрақ-жауап бөліміне сұрақ қою арқылы намаз оқып үйренуге  арналған кітаптарды біле аласыз.
Болмаса жергілікті мешіттерге барсаңыз да біле аласыз.
ең дұрысы молдалардан сұра

34 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Құрметті қарындасым. Алла сізге разы болсын. Ұзын көйлектің ішінде де әдемісін тауып алуға болады. Орамалдыңда әдемі етіп тағуға болады емеспе?! Паранджа киіп, өзіңді сыртқы көзге қорқынышты қылып қоюда емес дініміздің мақсаты. Тек көрсетпе деген жерлеріңді жауып, әдемі етіп киінуге болатынына сенем. )) Айтқан ойым көмегін тигізсе екен дейм.

Жақсы жауап таңдалды
+5 дауыс

Зарият сүресі: Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым. (56)

Нұр сүресі:   Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30)

Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)

+2 дауыс
Сенде намаз оқимын деген ниетің жоқ, егер сенде намаз оқуға деген ниетің болса, сен мұндай сұрақ қоймас едің. Сен бізден сұрағанша мешітке барып имамдардан сұрап анық қанығын біліп ал.
Ниетім бар екеніне мен сенемін. Ниетәм болмаса мен бұл сұрағыма еш уақытта жауап іздемес едім. Намазды қалай оқу керектігі жөнінде толық ақпаратым болмағандықтан мен сұрақ қойып отырмын ғой. Сіз неге бірден ниетін жоқ деп жағадан аласыз қайта маған дұрыс жол сілтеп имандылық туралы сөз қозғағаныма қуанбайсызба? Мұсылман адам мұсылманның жағасына жармасуы қателік деп есептеймін. Қатты айтсам кешірерсіз
ЕНді мен саған Иманға бар медресге барып білім ал деп тұрмынғо ты че мінез көрсетіп ххххъъъъъъ
Салем  Айсұлу  2014жылы жазыпсыз. Қазір жағдайыңыз   қалай? Намаз бастасаңыз болды  ары қарай   жабық киіну  мен басқада парыздары біліп соны Аллаһ  разылығы үшін істеуге ниеттене бастайсыз Ин  Ша Алла. Әрине,егерде сіздің ықылас пен ниетіңіз  түзу болса!))))
+1 дауыс

Намазды үйде де оқып үйренуге және мешітке бармай-ақ үйде оқуға болады. Ол туралы арнайы кітапшалар бар, солардан оқып үйрен.

Коп коп рахмет!

Айсұлу, ниетіңді Алла қабыл етсін!  Гуугл-ге кіріп "әйелдер намазы деп жазып іздесең, жақсы, үйренуге оңай әдістерді суретімен, аудио видеосымен таба аласыз. Ал ұзын көйлек орамал тағып жүру үнемі шарт емес. Сыпайы, жарасымды,  сәнді  киініп,"ашық-шашық" жүрмесеңіз болды. Ал намаз оқығанда, әрине, бетіңіз бен қолыңыз ғана ашық болуы тиіс, шарты солай.  Алла жар болсын! Ниетіңізге жетіңіз!
–1 дауыс

Әрине олай киінбей ақ намаз оқуға болады.Ең бастысы ұятты жерлеріңді жауып тұратын киім кисең болды.

Тек ұятты жер ғана емес ол жер онсызда жабық тұрады,білек тобыққа дейін жабық тұруы керек!
менің айтқым келгені ашық шашық киінбеу керек дегенім
Қуанышбек намаз оқитын адам хиджаб кигені дұрыс дейсіңғой ?
Намаз оқырда міндетті  түрде басынды жауып жаулық тағып және жеңі бар тізеден төмен киім кию керек хиджап кимесеңіз де)
иә солай.
+3 дауыс
Жоқ олай болмайды. Дене түгел шаштан бастап жабылып аяқ тобыққа дейін жабылу керек. Қол білекке дейін жабылу керек. Содан соң таза дәретпен құбылаға қарап ниет етіліп оқу керек. Олай оқығым келмейді деген иманның әлсіздігін білдіреді. Сондықтан muftyat.kz осы сайтқа тіркеліп намаз туралы анық қанығын барлық жасалатын іс-әрекеттердің құранда да хадисте де сүннеттен де дәлел келтіріп жауап аласыз. Немесе намаз оқып үйренейік т.б кітаптардан толық ақпарат ала аласыз.
0 дауыс
Намаз оқығың келсе оқы, қыздарға тізе, сан, омырау ішіңді көрсетуге болмайды осыған шыдай алсан. Намазды үйрену үшін намаз оқитын адамнан үйрен.
+6 дауыс

Айтпа дейсің орамал жайлы мүлде, 
Қымтанған болып еді қайғы кімге? 
Тақымын көріп епті жігіттердің, 
Талай қыз үйретілген тай күнінде. 

Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін, 
Дәметіп қарар небір зұлым кісің. 
Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп, 
Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің. 

Қызыңда қызғанатын не қалып ед, 
Ұяты он жасында жоғалып ед. 
Намысы он бесінде тоналып ед, 
Оңаша қалып бөтен бозбаламен, 
Үйіне түнделетіп оралып ед. 

Кісіге тік қарамас ұятты қыз, 
Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз. 
Қорғаған абыройын ару көрсек, 
Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз. 

Байыпсыз байбаламын салады ақыр, 
Дінменен бір келердей заман ақыр. 
Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды, 
Көрінген қолын созып ала алатын. 

Санасы кім бар бүгін уланбаған, 
Қурап бір қалатындай қу болмаған? 
Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар, 
Суық қол су жыландай сумаңдаған. 

Көп қазақ хиджап көрсе қапаланар, 
Күйініп, отты көзбен атады олар. 
Аңырар ақыретте азап көріп, 
Қыздарын қызғанбаған ата-аналар. 

Құранға қарсы шығып халқым оңбас, 
Өзен боп жанарлардан сарқырар жас. 
Орамал тарту – жат ел дәстүрі емес, 
Алланың бұйрығы бұл талқыланбас. 

Қазағым, қашан сенің ойының оңған? 
Ойнасты дәстүр қылдың айнығаннан. 
Жездесі балдызының төсін мыжып, 
Жеңгесі қайныларын қойнына алған. 

Жексұрын мінезің көп, ырбаңдайтын, 
Нәпсіңе кезің бар ма құл болмайтын? 
Құрдасың әйеліңе қол жүгіртіп, 
Құдасы құдашадан құр қалмайтын. 

Байқап ал байлайтынын кім бағыңды, 
Бұрған жөн жақсылыққа тіл-жағыңды. 
Біл, қазақ, орамалды сөккеніңде, 
Шайтанның сөзін сөйлеп тұрғаныңды.

 

+3 дауыс

Алла (т.ғ.) ниетіңді қабыл етсін!!!  Мұсылман бауырлар!!! "Имандыққа бет бұрған адамды қорқытпаңдар, керісінше қуандырыңдар"- деген хадис те бар емес пе?! "Былай болады, ал былай болмайды"-  деп, пәтуа айтудан аулақ болайық бауырлар!!! Айсұлудың жүрегіне Алладан (т.ғ.) имандық берілген болса, өз сұрағына өзі жауап беріп, әуреті өздігінен көп ұзамай жабылар.

Қайырлы кеш Қайрат. Маған қолдау көрсеткеніңіз үшін көп рахмет сізге!
Қайрат бауырым ондай хадис жоқ.
Жалған хадис айтуға болмайды.
Оны нақты кім жеткізген хадис сахих па анық көз жеткізгенде ғана Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадисінде былай деді деп айтуға болады.
Хадистің бар екеніне көзіңді жеткізгің келсе діни кітаптар оқы немесе мешітке барып молдадан сұра. Қорқытпаңдар қуандырыңдар деген хадис бар. Ал мына кейінгі көбейіп кеткен (адасушы) діни - экстремистік ағымдағы "молдасымақтар" бірден жағадан алып "сен кәпірсің" немесе "сенікі  харам" деп қорқытып алдын-ала пәтуа айтуға құмар. "Бесіктен белдері шықпай жатып" өздерінше пайғамбарша сөйлейтінін қайтерсің. Адаспаңдар бауырлар, сабырлық - исламның досы. Енді ғана дінге беті бұрып жатқан халқымызды жағадан алмай биязы мінезімізбен құшақ жая көмектессеңіздер абзалырақ болар (анығын Алла (т.ғ.) білер!!!
Рахмет сізге,шыныменде казіргі таңда адасушылар өте көп екені өкінішті
0 дауыс

Намаз - парыз, ұзын көйлек кию сүннат, ары қарай түсінікті болар деймін.

мүмкін ұзын көйлек емес әуретті жерін жабатын киім кию сүннет шығар!??? Міндетті түрде ұзын көйлек емес шығар?
–1 дауыс

Намаз оқу үшін қажеті: бірінші - иман, екінші - дәрет, үшінші - намаз оқи алу. Киім қандай болса ондай болсын, таза болса болғаны.

Кез-келген қыз баласы бөтен адамдардың арасында санын жалтыратып, кiндiгiн ашып жүруге ұялады. Сонда адамнан ұялғанда Аллахтан ұялмай қысқа белдемшемен намаз оқу Аллахқа емес, шайтанға құлшылық еткенмен бiрдей.
0 дауыс
намаз оқып үйренейік деген кітп
0 дауыс
Cәлем ниетің қабыл болсын!Негізі хиджап кимеяқ жабық киініп жүрсең болды!Және адамды жолдан тайдыратын нәпсімен зина деген нәрсе бар!Бұл жерде зина дегеніміз көзден басталады!Мәселен сен ашық киініп жүрсең ер адамдар қарайды кей біреулер тіпті жаман ойлап тұрады!Сол үшін ұятты жерді ерлердің алдында жауып жүру қыз баллардың алла алдындағы парызы!Алайда кәзір Батысқа еліктеп моды қуалайтын болдық!Бірақ намаз оқыйтын болсаң шын ниетіңмен адал көңіліңмен оқы!Себебі намаздың ең бірінші талабы дәрет алып таза жүру!Содан кейін жақсылық жасау адалдық пітір садақа беру деген сияқты сауапты істер жасаған да намаздың 1 парызы!Негізі намаз оқу мұсылманның бәріне парыз ерлерге 7 жастан қыздарға 13 жастан!Сондықтан ниетің қабыл болсын!Ал намазды Мұхтасар Ғылымхал деген кітап бар содан үйренуге болды дәрет алу намаз оқығанда қалай отыру сәждеге қалай тұру бәрі бәрі көрсетілген!
а және  ұятты жеріңе ерлер қарап,сол қарағаны үшін сен емес сол адам күнәға батады!Сондықтан өзгеге күнә арттырмай жабық киінген дұрыс!Бірақ мен хиджап киіп тұмшаланып ал деп тұрғам жоқ!
0 дауыс
Аллаға құлшылық қылу ұзын киім киу ғана емес, маңыздысы, жүрегін таза болып аллаға шың ақ ниетімен құлшылық жасап, алланың ақ жолына түсіп парызды және Мұхаммед С.А.У ның сүннетірін орындау. Көзге ерсі көрінетін киім кимеген дұрыс тым қатты ұзын болмаса да, көзге ерсі көрінбейтін, ұятты жерінді жабатын жарасымды киімды табуға болады.
0 дауыс
Хиджап бүркену деген магына берелі оны кию әр мұсылман қызына әйеліне парыз ягни парыз деген Алланын бұйрығы оны талқыға саоуға болмайды одан неге сонша қорқасыңдар осынау азғындалып бар жатқан заманда хиджап киіп жүрген қыздарға қарап Маш Аллах демейсіңдер ма. Өз беттеріңше үкім шығара бермей.
0 дауыс
Айсулу хиджап киіп намаз оқыдыңыз ба біраз уақыт өтіпті ғой
0 дауыс
Әурет жерлеріңді жапсаң болды.
0 дауыс
Менын ойымша ен бастысы ниет тузу болу керек сосын узун кию мындет емес сиякты намаз окырда барлык жерынды жауып окысан болды .Ал баска уакытта айтеуыр ашык шашык журмесен болдыгой Бул менын жеке ойым
0 дауыс
Ас салламуалейкум уа рахматуллах.Менде оз пікірімді білдірсем деймін.Намазға жығылуға дайындалып жүрмін.Менің сурайын дегенім уйренгенше қағазға қарап айтып,жығылуға болады ма?әзірше таң намазынан бастасам болады ма?Сосын жәйлап толықтырғым келеді.Рахмет.
0 дауыс
Салеметсизбе! Мен намаз окыгым келеди. Бирак аягымда аппарат тур екинши аягымда жаракатталган. Теккана балдакпен турып суйрелип журе алам.. Отырып намаз окуга болады ма?.. Жане екинши сурак осы жылы Ораза устадым енди отелмеген кундерим калды,отемесем оразам кабылданбайды ма?
0 дауыс
Міндетті түрде ұзын киіп, оранып алу керек деген жоқ, егер күйеуге тимесең ата-анаң не айтса соны киесің, ал егер куйеуің хиджаб киесің десе киесің, ал оған дейін бəрі ата-анаңның келісімімен болады
0 дауыс
Саламатсыздарма барша қазақ елім! Менде намазға жығылсам деген ниетім бар. Бірінші мешітке барып ақылдасам.
0 дауыс
казактын кыз- келиншектери  кай заманда да хиджап кимеген, дурыс орамалын тарткан басына, женди узын койлек киген. ер адамдармен дастарханда бирге отырган, атка минген, хиджап киу биздин салт- дастуримизге жатпайды, мусылман коп , биз казакпыз, оз ата салтымызбен намаз окып журейк
0 дауыс

                                             Сәлеметсіңбе.

Сіздің  намаз оқып,АЛЛА-ның 5-парызын орындап,мұсылмандық жолға түсемін дегенің құптарлық-іс . Бірақ та қысқа етек көйлек киіп,орамал тақпау - бұл ислам дініне жат нәрсе.  

Ислам дінінде ұзын етекті көйлекті бір жерлерін жабу үшін пайдаланады.Ал орамал тамағың жабық тұру үшін қажет.Сіздің бұлардан бастартқаныңыз дұрыс емес.

0 дауыс

                                             Сәлеметсіңбе.

    Сіздің  намаз оқып,АЛЛА-ның 5-парызын орындап,мұсылмандық жолға түсемін дегенің құптарлық-іс . Бірақ та қысқа етек көйлек киіп,орамал тақпау - бұл ислам дініне жат нәрсе.  

    Ұзын етекті көйлекті бір жерлерін жабу үшін пайдаланады.Ал орамал тамағың жабық тұру үшін қажет.Сіздің бұлардан бастартқаныңыз дұрыс емес.

0 дауыс
Саламатсыздарма, мен намаз оқуды жанадан уйрендим бирақ хиджаб кимеймин себеби жумыста ондай болмайды. Негизи хиджаб киу парыз ба?
0 дауыс
Сәлем синилим менде намаз бастап окыгым келіп жүр, осы сұраққа менде жауап издедим. 4 мазхабта да айел адамдарга тек кол, билек, бетти гана ашык туруы керек. Бир тал шаш коринбеуи тиіс, мойын, жақ (подбородок),кей мазхабтарда типти табаннын коринбеуи керек дейди ( сажде жасағанда) .Койлек узын бооуы керек аяктар коринбейтиндей жане жука болмауы керек. Сол сиякты орамал да жука болмауы керек, желательно орамал узын болуы керек ( мойын мен омырау, шашты тугелимен жабатындай) .Рукух жасаганда орамалыныз алдына тусип желкениз коринип немесе мойныныз ,СубханАлла Ны 3 рет айтаиындай уакытка ашык калса ,онда оқыған намазынызды кайта окуга тура келеді айтпесе куна болып калады ягни намаз кабылданбайды. Енди солай оку керек деп ажеме анама айтсам олар тустнбейди. Ягни жогарыда суреттеген киім - ХИДЖАБ қой. Олар хиджаб десе тобеишаштары тик турады. Кайтем енди Неге ДИНИ БАСКАРМА хиджабка жактаспайды екен? Намаз окыгвнда солай жабык киініп, кошеге ашык киинсен тагы ЕКИЖУЗДИ боласың, кунага батасын. Биздин мусылман асиресе қазақ кыздарына обал болды. Баска елдерде ( Америка, Франция, Туркия, Ақш сиякты елдердеги мусыоман айелдерине хиджабка карсы емес ари солай киінген кыздарга " Мынау биздин улттык киим емес, арабтардики" олар барлық мусылман кыздар хиджаб кию керек деп ойлайды. Жылап отырмын, хиджаб десем туыстарым қиналады, кимесем Алладан коркам.
0 дауыс
Маган хиджаб киюге агаларым рухсат бермейды, не истеуым керек
0 дауыс

— Қазақстан — мұсылман мемлекеті емес, мұсылмандар тұратын ел. Қазақстан — зайырлы мемлекет. Біздің елде дін мемлекеттен бөлек. Сондықтан дінге сенеміз бе, сенбейміз бе, діннен шығатын этнографиялық, этнологиялық ұғымдар, салт-дәстүрлерді ұстаймыз ба, ұстамаймыз ба, өз еркімізде.

Қазақ әйелдері еш уақытта хиджаб тартпаған. Хиджаб тарту — қазақта жоқ дәстүр. Сондықтан біз осы жоқ дәстүрмен күресуіміз керек.

Қазақтар көшпенді болған. Мал шаруашылығымен айналысқан елдің ер азаматы да, әйелдері де ат үстінде жүрген. Ал атқа мінген кісіге етегі жер сызған ұзын киім кию — оның қимыл-қозғалысына қолайсыз екені белгілі.

Ертеде қазақ әйелдері бас киімінің жүзден астам түрі болған. Мысалы, бота бөрік, бұлғын бөрік, дөңгелек бөрік, жалбағай, т.б. Сол жүзден астам бас киімді әйел адамдар жас ерекшелігіне байланысты кие білген.

Қазақ ешқашанда бесіктен белі шықпаған қыз балаға орамал тақпаған. Қыз баланы еркелетіп, жат жұрттық деп ерекше қадірлеп, әлпештеп өсірген. Рас, қазақта орамал тарту үрдісі бар. Орамалды қыз бала келін болып, босаға аттағаннан кейін таққан. Бірақ жас келін балалы болғанша қыздың киімін киіп жүре берген.

Қазақ әйелдеріне қазір де хиджаб тағудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Мүмкін діндар әйелдің рөлін сомдау үшін киноға түскенде, қойылым кезінде хиджаб тағу керек болар. Бірақ күнделікті тірлікте кішкентай қыз бала түгілі, орта жастағы, тіпті егде жастағы әйелдер үшін де етегі жер сызған ұзын көйлек киіп, орамал тарту қажет емес. Өзіндік пікірі қалыптасып үлгермеген мектеп жасындағы балаға орамал тартудың өзі — оны қорлау. Баланың басына орамал тағу — оның балалығын талан-таражға салу. Бала болғаннан кейін ол ойнайды: секіреді, жүгіреді. Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу — баланың мүмкіндігін шектейді. Оның үстіне, жас баланың орамал тағуы оған психологиялық соққы болуы мүмкін. Сыныптастары оған таңырқай қарауының өзі жас баланың психологиясына кері ықпал етеді. Бала — бала. Қасында отырған ер бала орамалын тартып ойнауы мүмкін. Сондықтан жас баланың басына орамал шандып қойған ата-ана мұны да ойлағаны жөн. Меніңше, бұл мәселеде алдымен ата-ананы тәрбиелеу керек.

Бұрын мектептерде қыздарға сырға, сақина, алқа тақтырмайтын еді. Қазір балалар соңғы үлгідегі ұялы телефон ұстайды. Тіпті мектепке жеке көлігімен баратын балалар да бар. Бұл — балалардың психикасын бұзады. Сондықтан мектептің өз дәстүрі, өз формасы болуы керек.

Хиджабты тек қана мектеп оқушылары емес, арнаулы, орта, жоғары оқу орындарының оқушы, студенттері де тартпауы тиіс. Себебі, олар зайырлы мемлекеттің зайырлы оқу орнында оқып жүргендігін ұмытпағандары жөн. Сондықтан студенттер, оқушылар оқу орнының талаптарын орындауға міндетті. Оның үстіне білім беру мекемелерінде хиджаб тартатын адамға жағдай жасалмаған. Мысалы, хиджаб тартқан қыз шетел тілдері бөлімінде оқиды делік, сабақ барысында ол құлағына құлақша киюуі керек. Орамалды шандып тастаған соң, қалай тыңдайды?

Егер оқушы немесе студент оқу орнының басшысы орамал тартуға тыйым салғаны үшін оқудан шығамын десе, еркі білсін. Негізі діни оқу мен таным және ғылыми оқу мен таным екеуі бір-бірін жоққа шығармайды. Бірақ түптің түбінде діни түсініктегі адамға зайырлы мемлекеттің оқуын оқығаннан пайда жоқ. Рас, діндар болса, діни оқуға түскені жөн.

«Мұсылманбыз» дейтін кейбір әйелдердің киген киімдері сыпырғыш сияқты, етектері жер «сыпырып» жүреді. Ұзын етек көйлек кигендердің қоғамдық көлікке қалай мінетініне қайран қаламын. Олардың етегін біреу басып кетеді немесе өзі басады, сонда тазалық қайда?

Хиджаб тарту үшін Құранды араластырмау керек. Құран — қасиетті кітап. Қасиетті кітап кез келген адамға қол жетімді болмайды. Кешегі маскүнемдердің көпшілігі қазір діндар болып кеткен. Солар әйелдеріне тыйым салу үшін Құранды алға тартады.

Қысқасы, дінге біржолата бет бұрған адам ғана хиджаб тартып, етегі ұзын көйлек киюуі шарт. Оқушы, студент, жұмыс істейтін әйел адам ондай киімді кимегені дұрыс. Әйел адам ораза кезінде, туысы қайтыс болып, садақаға барғанда ғана орамал тартуына болады. Ал одан басқа уақытта әйелдердің барлығы сәннен қалмай, өзінің қалауы бойынша киінгені абзал. Жаппай етегі жер сызып жүретін көйлек кию, жағына дейін жасырып орамал тарту — ақылға сыймайтын әрекет.

0 дауыс
Салем мен намаз окыгым келеди брак куйеуим окымайды егер мен намаз окысам намазым кабыл болама
0 дауыс
Уағалейкумассалам. Аллаһ Тағала намазды қалай парыз етіп қойғанындай орамалды да солай парыз еткен. Парыздар әлбетте орындалуы тиіс .
0 дауыс
Сенін шашын барлык дене мүшен сенін ауретін тек бет алпетінмен қолыннан баска ал ауретті ашып қойып намаз оқу намазды төмендету ер адамдар аркасынын ашык калуынан коркады ал ашык калган жакдайда намазы каза болады ал сен адейі ашык калдыргын келеді балкім бұлда шайтаннын уасуасасі ниетінді аллам қабыл етіп хиджабпен намаз оқуды жазсын
0 дауыс
Намазға таза ниет болу керек, таза ниет болғанда  мынандай сұрақ туындамаушы еді... Демек, әлі дайын емессіз... Қалай көйлек пен орамал намазға кедергі болады? Ниет шын болса?Ұқпайм...
0 дауыс
Намаз окып журсизбе 7 жыл отипти)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
30.12.2021 • Санаты: Кітап, Әдебиет Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
4.12.2020 • Санаты: Өмір, Тіршілік Аноним сұрақ қойды
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы