Картоптан салат
Құрамы:
Картоп — 6 дана
Маринадталған қияр — 10-15 түйір
Маринадталған опята саңырауқұлақтары — 300гр
Көк пияз — 4-5 тал
Ақжелкен
Аскөк
Жарты лимон сығындысы
Тұз
Қара бұрыш
Сұйық май
Алдымен картоптарымызды тазалап, суға тұз салып, пісіріп аламыз.
Салқындағаннан кейін, қабығын ашып,
тураймыз.
Мен осы қиярларды қолданамын.
қиярларды да турап шығамыз,
Аскөк пен ақжелкенді турап,
көк пиязды да турап,
Осындай саңырауқұлақтарды,
алдын — ала суға бір шайып алып саламыз, әйтпесе өзінің шырыны жағымсыздау және жабысқақ болады.
Тұздың орнына осы дәмдеуішті салуға кеңес беремін, бұл болмаса тұзды да сала беруге болады.
Салатты араластырмас бұрын, қиярдың суын аздап құйыңыз, ол салаттың құрғақ болмауына септігін тигізеді.
Сығылған жарты лимон шырынын және аз ғана сұйық май құйып,
қара бұрыш салып,
араластырамыз.
Салатымыз дайын!
Ас болсын!