+2 дауыс
9.0k көрілді

Ассалямуалейкум жамагат! Жамагат мен койган сурак жайында бірдене білсеніздер отініш ой болісініздерші! осыдан екі кун бурын танертен сагат 8:52 осы уакыта уйімнін алдына кадімгі УКІ кусы келіп конып турган! Мен озім корген жокпын уйдегілер суретке тусіріп алган! Турі енді коркынышты! бул жагдайды неге болжауга болады? Алла сактагай жаманшылыктан!

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Уағалейкум-ас-салам Жандос!

Шындығы керек Үкі деген негізі киелі құс қой,бірақта не нарсе болсада жақсы жағынан болжау керек!Жамандықтан лайым АЛЛАХ тағалам сақтасын!Үкі қонса жамандыққа балай алмаймын.Менімше жақсы нарсе!Бақ-береке келсін!

ИншАллаh жаксылыгы болгай! Рахмет cізге ой пікір боліскенізге! Аллаh жар болсын!
+1 дауыс

Бұған діни мағына берудің тіпті де қажеті жоқ. Үкі тек түнде ғана ұшатын ірі құс. Егер ол күндіз ұшып жүрсе, онда ол үкі қартайған немесе ауру.

+1 дауыс

100% m.virus2013 пен келісем ондай нәрселерге бас қатырудың керегі жоқ. жақсыма жаманба деп ойланудың да керегі жоқ. сенің айтып тұрғаның мысық алдыңды кесіп өте жол болмай қалады деген сияқты бір сенімғой. ол үкі m.virus2013 айтқандай ауырума бірдене күндіз тығылып жатпағанына қарағанда

+2 дауыс

Есігіңнің алдына үкі қонса тек жақсылықа деп білу керек,өйткені қазақта үкіні киелі құс деп санаған.Үкі бақыт әкеледі деген ырым ,сенім болған.Бұрынғының сал-серілері үкінің қауырсынын бас киімдеріне,домбыраларына тағып жүрген.Үкінің қауырсынындағы бедерлерді құранның құпия сөздері деп санаған,бұрынғы қазақтар.Көз тимесін деп жас нәрестенің бас киіміне,бесігіне үкінің қауырсынын тағып қойған,сондықтан есігің алдына үкі қонса тек бақыт,ырыс,береке келеді деп сен.

0 дауыс
Әрине, жақсыға жору кере. Бірақ, менің өмірімде, өкінішке орай, олай болмады. Арты жаман болды. Жақын туысым ауырып үйге келген еді, сол күндері үлкен үкі қораға келіп қонды. Үлкендер жақсы емес екенін білген екен. Сол ауруынан айықпады.Одан беріп көптеген жылдар өтсе тірі үкі көрмедім. Сол кездерде үйдің қасында көртышқан да жүрді. Өмірдің жұмбағы бітпейді.
...