+1 дауыс
77.1k көрілді

"Бейбіт өмірдегі батырлық" тақырыбына шығарма керек. Қайдан алсам болады? Нағыз қиындық тудырмаса осы сайтқа жазыңыздаршы.


Әр адамның өмір жолы оның тағдыры екені анық. Біреу өмірлік жейтін нанын дәрігерлік мамандықтан тапса, енді бірі тау-тас кезіп геолог болуға құмартады, тағы бірі – жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беруді мұрат тұтқан ұстаздықты қалайды. Қай мамандық болмасын өзінің қиындығымен әрі қызығымен саналуан. Тек соны жүрек қалауымен таңдап, болашақтағы өміріңе айнымас серік ете білсең, сенен асқан бақытты жан жоқ.

Біздің әңгімемізге арқау болар азаматтар өмірден өз орындарын қоғамдық тәртіп сақшысы болудан тапқан азаматтар. Осындай ауыр да абыройлы міндетті өздеріне нәсіп еткендер полиция қызметкері атанып, иықтарына шен таққанда қандықол қарақшы немесе қанқұйлы қылмыскермен бетпе-бет келетін кездегі жауапкершілікті жақсы сезінеді.

Жақсы жауап

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Бейбіт өмірдегі батырлық пен соғыс кезінде батырлық екеуі екі басқа. Мысалы, соғыс кезіндегі батырлық- соғыс кезінде ерең ерлік көрсеткен батырлар көп. Олар: Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәмбетова және т.б. Ал ешбір соғыс болмаса да, қазөіргі адамдар бір-біріне зұлымдық жасауын қояр емес. Олар біреуді соққыға жығып немесе өлтіріп сияқты түрлі зұлымдық жасайды. Сол кезде ер жүрек адам келіп, оны құтқарып, жедел жәрдем шақырып, тіпті өзіне қауіп төніп тұрса да сол адамды құтқарып алады. Міне осыны бейбіт өмірдегі батырлық деп ойлаймын. Осындай батырлық жасап, басқаларды құтқарам деп өз денесін жаралап алады. Бірақ оған еш мойымайды. Мұндай батырлық жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан ер жүрек адамдарды құрметтейік, достар!
Жоспарын жазссын
0 дауыс

БЕЙБІТШІЛІК – АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. 
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. 
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр. 
Әрбір сауатты, саналы, парасатты деген азамат бір сәт артымызға ата-бабамыздың жүріп өткен жолына ой жіберіп қарайық. Қазақ халқының жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды. Десекте, бір жеңнен қол шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында ерен ерліктер көрсетті, ақыры бүгінгі тәуелсіздікке ұласты. 
Бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарымен қатар, қазақстандықтар да Ұлы Жеңіске сүбелі үлес қосты. Біздің жүздеген мың жерлесіміз қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті. Олардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск жағасындағы шайқастарда Днепрді кесіп өтуде ерекше көзге түсті. Олар Еуропаны нацистік өктемдікпен азат етуге қатысып, Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс Туын тікті. Жерлестеріміздің ондаған мыңы жоғары әскери наградаларға ие болдыф. 500-дей Қазақстандық Кеңес одағының батыры атағын алса, соның ішіндегі 98 қазақөстандықтың біреуі біздің жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаев. 
Біздің ауылда көне тарих куәсі болған, кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері от кешіп, біздің осы бейбіт өмірімізге үлес қосқан ардагер аталарымыз санаулы-ақ қалды: Әбішев Ермұрат, Дүйсенбиев Әубәкір. Бірақ ешкімде ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Бұл- біздің тарихымыз, біздің – мақтанышымыз, біздің – даңқымыз. 
Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмірге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой. Арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, дипломаттар қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағыда бір дәлелдеп, оны әемге паш ете білдік. 
Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. 
Қазақстан басшылығы КСРО тарасымен-ақ ядролық қаруды таратпауды жақтап, Ресей, Украина, Белорусь басшыларыфмен бірлескуен іс-қимыл шаралары туралы келісімге қол қойды. 
1992 ж 23-мамырда ядролық қаруды таратпау және ядролық ракеталарды біртіндеп бұзып Ресейге көшіру, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөнінде Лиссабон хатьтамасына Қазақстан қол қояды. 
1994 ж Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды. Ал 1994 ж желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздіңқауіпсіздігіне кепілдік беретін меморандумға қол қойды. 
1996 жҚазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөнінде Шартқа қосылады. 
1997 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнініде қара қабылдады. 
2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақ жүргізілетін ең ақырғы штольня жойылды. 
Қазақстан Республикасы әлемде бейбітшілікті сақтау мен нығайту ісіне үлес қосуын жылдан-жылға кеңейтуде.
Түйіедеп айтқанда, Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болып өз еркімен қуаттылығы жағынан әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан бас тартып және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жауып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда теңдесі жоқ үлесін қосты. Мұны басқа халықтар мен мемлекеттер таныды және лайықты бағалады. 
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен тығыз байланысты. 
Қазіргі таңда лаңкесшілдікке қарсы тұру Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етудің басым бағыттарының бірі болып саналады. 
Біріншіден, республика БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі барлық он екі Конвенциясына қосылды. 
Екіншіден, Қазақстанда ұлттық Антитеррористік Орталық құрылды. 
Үшіншіден, ұлттық заңнама жетілдіріліп келеді. Парламенттен экстремизмге қарсы тұрну жөніндегі шараларды көздейтін заң жобасы бар. 
Төртіншіден, Қазақстанда лаңкесшілдік ұйымдардың белсенді қызметін бейтараптандыру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. 
Бесіншіден, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес елде лас ақшаны тазартуға және лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға қарсы тұру жүйесі жолға қойылған. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 26-27 қаңтарда Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Антитеррористік комитетінің 4-ші арнайы отырысында сөйлеген сөзінен: «Қазақстан халықаралық лаңкесшілдікке қарсы күрес саласындағы ықпалдастықтың нақты бағыттары бойынша барлық қатысушылардың белсенді диологы орнайды деп есептейді» – деп көрсетті. 
Не сойқанды басымыздан өткеріп, «Мың өліп, мың тіріліп», жүріп егеменді ел болып, байрағымыз әлемнің жүздеген елдері менг қатар биікетен желбіреуде. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің 3 мүмкіндігіміз бен 7 жетістігіміз» деген бөлімде «Мен өз халқымның төзімділігін мақтан тұтамын» деген болатын. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстан Орта Азия Барысына айналады» деп атап көрсеткен. Ондағы мақсат:Барыс биік шыңдарда өзінгің ірілігімен, терісінің бағалағымен ерекшеленсе бұл қасиетті Қазақстанның ішкі байлығымен теңестіріледі. Табиғат байлықтары: жер асты, жер үсті байлықтары Менделеев таблицасындағы 109 элементтің Қазақстан жер қойнауынан табылуы соның айғағы. 
Ал Барыстың тектілігі, маңғаздығы, ешбір аңға өздігімен шабуыл жасамайтыны, ал тиіскен аңды оңдырмайтын қасиеті Қазақстанның сыртқы саясатына теңестіріледі. Қазақ елінің о бастағы бабаларымыз салған сара жол – ешкімге соғыс ашпау, ешбір жауға жерін таптатпау. 
Қазақстан Республикасы Ата заңында көрсетілген «Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді» деп, атап көрсеткен. Және Қаз дауысты Қазыбек бидің: 
«Біз қазақ деген халық 
мал баққан елміз 
Бірақ ешкімге тиіспей 
Жай жатқан елміз 
Жерімізді жау баспасын деп, 
Елімізден құт-береке қашпасын деп, 
Найзамызға үкі таққан елміз 
Ешбір дұшпан басынбаған елміз 
Басымыздан сөз асырмаған елміз» деген сөзі де дәлелі боларлықтай. Жер көлеміне 5 Францияны сыйдырып жатқан ұлан-байтақ қазақ жері анталаған жау – Қоқан, Хиуа, Жоңғар хандықтарын Ресей, Қытай империяларына қарсы алапатты жолдардан өте келе еліміздің елдігін, жерін, салт-дәстүрін яғни ұлттық менталитетін сақтап қалған елміз. Осындай жеріміз бар, еліміз бар. Үш жүздің басын қосқан, ұлтымызға баспана да болған, астана да болған, рухани тірегі болған – Сыр елі біздің туған өлкеміз. Қазақстан Республикасының дарынды ақыны «Тарлан» сыйлығының иегері, ұлтжанды ағамыз М:Шахановтың «Отырар эллегиясы» поэмасында Отырардың қақпасын ашып берген сатқын Қарашаны Шыңғысхан алдына алып келгенде сатқынның әкесі бармағын тістеп қатты өкінген екен. Сонда әкесі:

«Ең негізгі кінә, әрине өзімде, 
Бұл баланы жаңа туған кезінде 
Перзент үні тусаған жан мұратын 
Афрасиабтың ар жағында тұратын 
Нағашысы бауырына басқанды 
Қателігім осы арадан басталды 
Кіндік кескен өлкесінің сорына 
Ер жеткен соң қайта келді қолыма 
Бөренені жарып шыққан сынадай 
Бабалардан бізге жеткен, 
Құлақтыны іздеп өткен, 
Өсиет бар мынадай: 
«Әр нәресте қашан есі кіргенше 
Жер қадірін, ер қадірін білгенше 
Алғаш әнтек қылығына 
Өзі ұялып күлгенше 
Көтергенше балаң оідың желкенін 
Өзі туған қасиетті өлкенің 
Ауасымен дем алуы тиіс ол» 
Мен осынау борышыма әкелік 
Немқұрайды қарадым да, 
Кінәлі боп ар алдында 
Жібердім зор орны толмас қателік» деген екен. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақөтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.

0 дауыс

«Жау – батырлық өлшемі іспеттес құбылыс. Жаумен шайқас майданы – батырлық мінездің көріну алаңы», – дейді сұхбатымыздың бүгінгі қонағы, философ Дәулетбек Раев. Рас, біз үшін батыр тек жаугершілік заманда ғана болған сияқты көрінеді. Патриоттық, отансүйгіштік сезім туралы айтқанда да соғыста көрсеткен ерлігімізбен мақтанамыз. Ал, шын мәнінде, біз батырлықты қалай түсінеміз? Егер шығу тарихына көз жүгіртсек, Батырлар жырының пайда болу кезеңін ғалымдар үш топқа бөліп қарастырады: алғашқы кезеңдегі эпостық жырлар, тарихи кезеңдер мен жаңа дәуір эпосы. Сонау мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырдың бейнесі көне дәуірде жеке отбасы, қалыңдық үшін күреске шығумен суреттелсе, біртіндеп ол халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуге ұласты. Ал, қазіргі таңда батырлық өлшемді қалай ұстанып жүрміз? Екінші Дүниежүзілік соғысқа байланысты «Бүгінгі бейбіт өмірдегі өрлік пен ерліктің, азаматтық пен жоғары парасаттылықтың, жалпы, батырлықтың өлшемі қандай?» деген сауал төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

– Батырлық туралы айтқанда, кө­бі­несе, эпостық сарынға салып, көз ал­дымызға қиял-ғажайып­та­ғы­дай «күн сайын өсіп, алты күнде күлген, ал­пыс күн­де жүрген, алты жылда жі­гіт болған» ба­тырды елестетеміз. Шын мәнінде, бағзы заманғы батыр­лар­­дың құра­лай­ды көзге атқан мер­гендігі, аң аулап, құ­лан алғаны, кү­рес­­кенін жыққан пал­уандығы сөз еті­­леді. Ал бүгінгі таңда біз, шын мә­нінде, батырлық өлшемді қа­лай ұс­та­нып жүрміз?
Дәулетбек РАЕВ, философ:
– Батырлықты эпостық жырларда сіз­дің айтқаныңыздай, интенсивті динамика­да көрсетуінің өзінде терең мән жат­қан сияқты. Оны, ең алдымен, қазақ дала­сын­дағы тарихи-саяси жағдай логикасымен тү­сіндіруге болатын сияқты. Сая­си реализмнен туындаған, лингвис­ти­калық шы­ғар­машылық рефлексия биігі, филогемдік тұ­ғырнама деуге болады. Екіншіден, бұл тарихи кеңістік пен уа­­қыт талабының жыл­дамдығымен байланысты болған десек қалай болады. Де­­мек, батырлыққа қа­жет­тілікті айқын­дай­тын жағымды тұрғыдағы «темпо­цент­ризм­ді» көрсеткісі келген сияқ­­ты. Батыр­лық мәселесіне әлеуметтік фи­ло­со­­фиялық тұрғыдан талдау жасауға қадам жасағандардың бірі итальяндық философ Вико «батырлық» ұғымын адамзат дамуы тарихының белгілі бір кезеңін атау үшін қолданды. Мысалы, «құдайлар дәуірінен» кейінгі болған және «адамдар дәуірінің» жалғасы саналатын «батырлар дәуірін» немесе батырлық дәуірді атап көр­сетеді. Үшіншіден, бұл қазақ фольк­ло­р­ындағы парадокстік стильдің бай­лы­ғын аңғартса керек. Жалпы, қазақ көркем әде­биетіндегі парадокстік амал шығар­ма­шы­лық ойдың тереңдігін көрсетіп, сөз сап­тау стилистикасының символикалық ше­берлігін білдірмек. Төртіншіден, қазақ ба­тырының мергендігі мен палуандығы жал­пы батырға тән тұлғалық бітімнің ерек­ше сапалық қасиетін айтқаны болар. Де­мек, батырлық – елдің қуаттылық әлеуе­тін көрсететін әлеуметтік-саяси өл­шем. Сондықтан қазақ эпосындағы ба­тыр­дың қалыптасу динамикасының ерекше сипатталуы саяси-әлеуметтік стратегия тұрғысындағы ұлттық идеология.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ, тарихшы:
– Батырлық туралы айтқан кезде эпос­­­­­­тық жырлардағы батырлар бейнесі ойға оралып жатқаны қалыпты құбылыс деп ойлаймын. Ол біріншіден, халқы­мыз­дың ұлттық қасиетіне, тарихи санамыздың сергектігіне байланысты, яғни халықтың тарихи-әлеуметтік жадында тарихи іздің әлі өше қоймағандығының белгісі. Қазақ халқы ұзақ уақыт бойы отарлық жағдайда өмір сүрген халық, сондықтан өзінің өткен тари­хынан ондай батырларды іздеуі, олар­дың ерліктерін еске түсіруі өте орынды.
Екіншіден, әрине, отбасы, мектеп, жо­ғары оқу орнында алған білім мен тә­лім-тәрбиеден болса керек. Өйткені, оларды білу үшін белгілі дәрежеде білім мен тәлім-тәрбие де қажет қой...
Дәстүрлі қазақ қоғамында батырлыққа ерек­ше мән берген. Халық екінің бірін ба­тыр ретінде мойындай бермеген. Ел мен жерді жаудан қорғауда, елінің азат­тығы мен тәуелсіздігі, тұтастығы жолын­да­ғы ерен ерлік көрсеткен, жаумен жек­пе-жекке шығып, жеңіп үлгі болған, ер­­­­­­жүрек, қайсар мінезі, т.б. қасиеттері бар тұлғаларды ғана батыр деп мойын­да­ған. Батырлардың атқаратын өзіндік қо­ғам­дық қызметі, қоғамдағы басқа әлеу­меттік топтармен ара-қатынасын реттейтін эти­калық нормалары, басқа да ерекше­лік­тері болған. 
– Жалпы, бүгінгінің түсінігіндегі ба­тыр­лық туралы айтқанда нені ескерген жөн?
Дәулетбек РАЕВ:
– Батырлық – біздің халықтың рухани та­ным-түсінігімен біте қайнасып, қалып­тас­қан ұғымдардың бірі. Әйтеке бидің сө­зімен айтқанда, батыр – «өмірім өзге­нікі, өлі­мім ғана өзімдікі» дейтін қоғамшыл, отан­шыл, мемлекетшіл тұлға. Батыр – ел­дің, қоғамның саяси әлеуетін білдіретін жиынтық образ, қоғамдық рух. Ал ба­тыр­лық – елдің қоғамдық санасы. Міне, осыны келер ұрпаққа терең сіңіруіміз керек. Бү­гін ақыл мен ой батырлығының заманы келу­де. Қазақ даласындағы батыр қара күш­тің ғана иегері емес, терең ақыл­ды-лықтың иесі болған. Қазақ батырлықтан ақылдылықты тани білген. Бүгінгі батыр ұшқыр ойдың, батыл шешімнің, өткір мі­нездің эпицентрі болғанын қалар едік. Осы­ған байланысты кезінде әлемді ба­ғын­дырған, өзінің батырлық дәстүрі мен жауынгерлік рухының күштілігімен там­сан­дырған көшпелілер ұрпақтары өзде­рінің батырлық рухы мен идеалынан жат­­­сынып бара ма дейтін ой туады. Келешек ұрпақты халқымыздың жауынгерлік рухы мен ерлік тарихы негізінде тәрбие­леуі­міз қажет. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құры­лы­мында, мәдени-рухани жүйесінде өзін­дік орны болған батырлардың ролі мен қыз­метін қайта зерделеу, оны жас ұрпақ ара­сында дәріптеу кезек күттірмес мә­се­ле. Ол қазақ халқының құнды­лықтарын ор­нықтырудың, ұлттық тұлғаның өзіндік бірегейленуін іске асырудың бірден-бір жолы болмақ. Тарихтың діни тұрғыдағы бел­сенді бастамасы туралы қағиданы ес­кере отырып, Карлейль «батырлар культі» концепциясын жасады. ХХ ғасырдың орта шеніндегі әдебиеттерде батырлықты «күшті» тұлғаның ерікті ісі ретінде қарас­тыр­ған көзқарастар да болды. Мысалы, жа­пон­дық философ Китаяма «батыр әлем­де ешқан­дай нәрсемен есептеспейді, керісінше, әлем онымен жиі санасуға тура келеді» деген тұжырым жасайды.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ:
– Осыдан біраз жыл бұрын газеттердің бі­рінде «қазақтарда батыр көбейіп кетті, әр бұтаның түбінен бір-бір батыр шығарып жатыр» дегенге саятын пікір айтылды. Бұл қаншалықты орынды айтылғаны белгісіз... Бірақ жүз жылдан аса уақыт жоңғар шап­қыншылығына қарсы (бірде бәсеңдеп, бір­де күшейіп жүріп отырған) соғысқан, кейін Ресей империясының отарлық ез­гісіне қарсы азаттық үшін күрескен қазақ хал­қынан батырлардың көптеп шығуы заң­ды құбылыс. Сондай-ақ, қазақ батырлары өзге елдің батырларынан (Еуропаның «рыцарьларынан», орыстардың «богатырларынан») еш кем емес. Қазақтарға Еуро­паның «көзімен», орыстың «көзімен» қарап ба­ға бергісі келетіндер бар, ондай пікір өзі­міз­дің қазақтардың ішінде де кездеседі. Ол дұрыс емес, біз өзімізге өзіміздің «көзіміз­бен» қарағанымыз жөн. «Өз-өзіңді жаттай сый­ла, жат жанынан түңілсін» дегенді әр ­кез есте сақтағанымыз дұрыс болар...
– Қазір сол замандағы батырлық өл­шемін оңайлатып алған жоқпыз ба?
Дәулетбек РАЕВ:
– Біздің пікірімізше, батырлықты оңай­лату батырлықтың болмысына сыймайтын нәрсе. Себебі, батырлық әр пен­де­нің табиғатына беріле бермейтін жалқы дүние. Мысалы, ағылшын философы Карлейль өзінің «Батырлар және тарихтағы ба­тырлық» деген еңбегінде батырлықты құ­дайдан болатын ерік-бостандықтың кө­рінісі болып табылатын жеке тұлғаның ұлы іс-әрекеті ретінде қарастырады. Ба­тыр­лық – қоғамның тарихи дамуына, ха­лық мүддесіне жауап беретін және адамнан ортақ мүддені іске асыруда белгілі бір өзін-өзі құрбан етуге дайын болуды талап ететін, қоғамдық мәнге ие болатын ерекше іс, мінез көрсету арқылы көрініс табатын моральдық сапаны білдіретін бол­мыс­тық саяси-әлеуметтік категория. Батырлық әрекет әр кезде адамдағы жоғары мо­раль­­дық қасиетпен және оның физикалық қабілетімен тығыз байланысты, адамның жеке басындағы ерекше ерлік қуатты, табандылықты, қайсарлық пен қажыр­лық­ты талап етеді. Мәселен, Ницше үшін ба­тыр идеалы – ол «жоғары адам», «ізгілік пен зұлымдықтан жоғары тұратын» және қо­ғамдық нормалар мен ұстанымдарға ба­ғынатын адам. Осыған байланысты ба­тырлық мәселесін қарастыруда батыр­лық­тың өлшемі, оның тарихи формалары, жеке тұлғаның тарихтағы ролі туралы мәселелер туындайды.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ:
– Батырлықты оңай қылып жібердік деп ойламаймын. Батырлық ұғымы кең ау­қымды ұғым. Ол атадан балаға мұра бо­лып қалатын дүние емес, олардың асын­ған қару-жарағы, сауыт-сайманы мұ­раға қалуы мүмкін, бірақ батырлық рух ба­лаға мұра болып қала қоймайды. Ба­тыр­лық, батырлықтың өлшемі туралы айт­­­қанда әр тарихи кезеңді, тарихи жағ­дайды ескерген жөн. Әр заманның өзіндік ерекшеліктері бар, тарихи уақыт пен тарихи кеңістік дегенді дұрыс түсінуіміз қа­жет. Белгілі бір тарихи жағдай, тарихи оқи­ғалар болмаса батырлар да шыға қой­мас. Күні кеше өткен 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі болмаса, біз Қайрат Рыс­құл­бе­ков, Ләззат Асанова сияқты батыр­­­ларды бі­л­е қоймас едік... 
Бауыржан Момышұлына Кеңес Ода­ғы­ның Батыры деген атақ 1990 жылға дейін берілмей келді, бірақ оған қарамастан ха­лық оны батыр деп мойындады. Ең бас­тысы, халықтың мойындауы. Ол кісінің ба­тырға лайық ержүрек мінезі, қайсар­лы­ғы, ерік-жігері, рухы болды, соған қарай ха­лық та оны батыр деп білді. Батырларды за­манына қарай бағалай білуіміз керек.
– Қазақ тарихында «Батыр» атағын ал­ған ержүрек, қайсар, өжет жандар аз емес. Десек те, тарихты жазу барысында ба­тырлар өз деңгейінде жазылды деп ай­та аласыздар ма? Рейхстагқа ту тіккен Р.Қош­қарбаевтың екі жүзге жуық жау танкісін жойғанын көп­ші­лік біле бермейді. Мысалы, Б.Момыш­ұлы, Т.Бигелдинов сынды біртуар аза­мат­тардың батырлығын қалай ашып жатырмыз?
Дәулетбек РАЕВ:
– Кәсіби тарихшы болмағандықтан, бұл сұраққа философиялық тұрғыдан жауап беріп көрейін. Жалпы, қазақтың тарихы көнеден келе жатқан мәдениетінің көптеген түрлері – эпостар, тастағы жазулар мен суреттер, балбал тастар осы батырлар аруағына табынудан туған жәдігерлер. Француз халқының санасында рыцарьлық рухтың, жапондықтар санасында самурайлық рухтың көрініс тап­қаны сияқты, батырлар қоғамдық топ ре­тінде жойылып кеткенмен, батыршыл­дық рух та ұлттық қасиетіміздің бір сипаты болып қалды. Мамандығы ретінде әскери істі таңдаған қазақтың бүгінгі кәсіби әс­ке­рилері – қолбасшылары мен офицерлері де осы күні бар құрметке лайықты, олар да еліміздің қазіргі тәуелсіздігінің тірегі. Оның басты ұстанымы – «Хас батырда ұй­қы жоқ...» (Майқы би), – деп келетін пер­цепция. Бүгінде офицерлік құрамды ға­на емес, бүкіл әскерді кәсібилендіру бо­лашақта батыршылық рухты қайта жаң­ғыртары сөзсіз. Мысалы, ел жадындағы Еді­ге әрі батыр, әрі көсем, әрі ақылгөй дана болғаны белгілі. Сондықтан халық ара­сында: «Едіге деген ер екен, елдің қа­мын жер екен», – деген жыр жолдары бар. Қаныш Сәтбаев «Ер Едіге» жинағына жазған алғысөзінде: «Едіге – қазақ батыр­ла­рының ішіндегі ең маңдайлы, аруағы күш­ті, көсемі, сәулесі күшті шолпаны есе­бінде... Сыпыра жырау Едігені Шыңғыс, Әз Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден де ар­тық сипаттайды», – деп ардақ тұтады. Олай болса, бүгінгі қазақ азаматы үшін оның өз тарихында үлгі боларлық тұл­ға­лардың болғандығын ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі жастарды батырлық пен қаһар­мандық рухта тәрбиелеу ел парызы, мем­лекет межесі болғаны лазым. Сон­дық­тан өнегелі батыршылдық жадының негізінде қалыптасатын мықты батырлық сана бүгінгі отансүйгіштік сезімнің тұғыр­на­масы деп айтуға негіз бар. Бүгінгі әр қа­зақ азаматы: «Отан үшін күрес – ерге ти­ген үлес», – деген ұлттық идеологемді ес­тен шығармағаны жөн.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ:
– Әрине, тарихымызда талай батырлар бар, бірақ олардың барлығы өз дең­гейін­де жазыла қойды деп айту қиын. Ра­қымжан Қошқарбаевтың ерлігі жөнінде де толыққанды жазылған еңбектер жоқ деу­ге болады, бар болса да оны екінің бірі біле бермейді. Жалпы, батырлар жөнінде жан-жақты қамтылып жазылған ғылыми ең­бектер де, әдеби шығармалар да аз. Ба­тырлар туралы насихат та өз деңгейінде емес. Көп жағдайда белгілі бір тарихи да­талар жақындағанда әкімдіктер, мектеп, т.б. ұйымдар түрлі шаралар өткізіп, бұқа­ра­лық ақпарат құралдары хабарлар ұйым­­дастырып, жаппай мақалалар жариялап жатады. Ал ол өткен соң саябырсып қалады. Негізі насихат жұмыстары жүйе­лі түрде жүргізілгені жөн. Түрлі кинолар мен мультфильмдер арқылы насихатталса да бәлкім, нәтижелі болар еді. «Жау­жүрек мың бала» фильмі жарыққа шыққанда халық бір серпіліп, әсіресе, жастардың рухы көтеріліп қалғандай болды. Осындай фильмдер көптеп түсірілсе... Өкінішке қарай, бізде ұлттың рухын көте­ретін кинолар өте аз. Оның орнына қай-қай­дағы түсініксіз фильмдерді экранға шы­ғарады. Мысалы, Ресейде «Скорая помощь» деген кино шығып еді, аз уақыт өт­кен соң бізде «Жедел жәрдем» фильмі бе­ріле бастады, «Сваты» шығып еді, «Құ­далар» пайда болды. Мұндай көшірме фи­льмдерді ел қызығып көре қоймайтын сияқты, көшірме емес дегеннің өзінде сәтсіз шыққан деп ойлаймын. Кейде біздің актерлеріміздің шеберлігі де жетіспей жа­тады, жасанды ойнайтын сияқты көрі­не­ді. Мұндайларды тізбектей берсең бір­талайын айтуға болады. Ең өкініштісі, осы фильмдерге қыруар ақша жұмсалды ғой. Сол ақшалар елдік мүдде мен ерлік дәс­түр­ге қызмет жасайтын түрлі фильмдер тү­сіруге жұмсалса нәтижелі болар еді-ау...
– Қазіргі қазақ әдебиеті, жалпы қай кезеңнің болсын, көркем шығар­ма­лары батырлықты қалай суреттеген еді? Осы тақырыпты қаузаған әдеби шы­ғармалар туралы не айтар едіңіз­дер?
Дәулетбек РАЕВ:
– Қазақ қоғамында батырлық белгілі бір топтың өкілі ретінде адамға тән қаһар­ман­дық қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Батырлық – адамның әлеуметтік мұратына, қызметіне сай болатын өзіне ғана тән ұстанымымен, өмір салтымен, психологиялық жүйесімен, на­ным-сеніммен, дәстүрімен ерекшеленетін феномен. Қазақ даласындағы батырлық түсінік жеке тұлға мүддесінің халық, туған ел, туған жер, Отан, әлеумет мүддесімен бай­ланысты көрініс табатын кешенді құбылыс болған. Батырлық сана, ең алдымен, ар-намыс, борыш, азаматтық аманат, парыз және т.б. ұстанымдарға құрылатын әлеуметтік қызмет формасы. Ал батырлық мінез – қазақ санасында әр кезде әлеумет мүддесіне негізделетін, қоғамдық сипат алатын мінез түрі. Көшпелілер дүние­таны­мында батыр адамның өмір салты, тіршілік дәстүрі, халықтың өмір жағдайымен, дәуір­лік уақыт пен кеңістікке тікелей байла­нысты. Ал қоғам тағдыры батырдың әлеу­­меттік тарихи роліне тәуелді түрде қа­рас­­тырылады. Батырларға жоғарыдағы ұстанымға сай өте жауапкершілік, адал­дық, әділдік, тазалық, кісілік, шыншылдық, сөзге беріктік және т.б. сияқты ерен мо­раль­дық сапалар тән. Сол ұстанымдар­мен жүріп, сол моральдық сапалар көрініс табуы үшін олардың бойында ер жүректілік, бір сөзділік, табандылық, қайсарлық, жауын­герлік, қаһармандық, уәдеде тұру, ба­тылдық, т.б. қасиеттер болуы шарт.
Жалпы, жау – батырлық өлшемі іс­пет­тес құбылыс. Жаумен шайқас майданы – батырлық мінездің көріну алаңы дегенге саяды. «…Батыр болсаң жауға найзаң ти­сін; …батыр болып жауға найзаң тимесе, елден ала бөтен үйің күйсін» (Әйтеке би), «...Құлдық ұрсаң дұшпанға, еркек болып туды деп, мына сені кім айтар?», – де­ген сөздер бар. Осы бір түсініктің онто­ге­нез­дік табиғатының бар екендігін айтқан жөн. Демек, жеке адам өмірін қоғамнан бөліп қарауға болмайды дейтін қорытынды жасауға болады. «Батыр ортақ, бақ жал­қы», – деген қазақ мақалы соның дәлелі. Батырлық – әлеуметтік саяси қызметтің көрініс табуы. Ерлік пен батырлық – қо­ғам­дық іс этосы. Олай болса, батырлық фе­номені қазақ азаматының ел-жұрты, Отаны алдындағы қоғамдық жауапкер­ші­лі­гін білдіретін әлеуметтік-саяси сана фор­масы.
«Батыр жинап, ел шаппай, қылыш жи­нап, оқ атпай, ...қазақтың кегін алғаның», – деп толғаған жоқтау жырынан батырлық­тың көріну формасының тағы бір жолы мен тәсілін аңғаруға болады. Мұнда Қа­зы­бек бидің шешендік тіл мен ұтқыр сөзді қару еткен рухани батырлығы сипатталады. Бұл орайда қазақтың дәстүрлі саяси мә­дениетіндегі «батыр – ой», «батыр – сөз», «батыр – тіл» сияқты концептсферасын айтуға болады. Осыдан еліміздің ұлт­тық қоғамдық семантика жүйесінде «ба­тыл ой», «сөз батырлығы», «өткір тіл» де­ген сияқты әлеуметтік-саяси константтар қалыптасқан. Осыған байланысты қа­зақ тілінің «батырлық рухы» туралы өзек­­ті мәселе туындайтынын айтқан жөн. «Батырдың сөзі мың теңгелік», – деген соның кепілі.
Мөңке би қалдырған:
Сұрасаң арғы атамды батыр Бөлек,
Тірескен аспанменен бір бәйтерек.
Ерегіс, екіталай іс болғанда,
Талайлар паналаған көлеңкелеп, –
деген сөз бар. Мұндағы ой желісі ел қор­ғаны болу, ел намысын сақтау, халық ал­дындағы борышты өтеу, өз білімің мен күшіңді халық игілігіне жұмсау және оны орнымен қолдана білу, дос пен жауды дұрыс айыра білу, өз арың – халық ары деп білу дегенге саяды. Бұл ұстанымдар мен қағидалар бүгінде төл әскери-пат­риот­тық тәрбиенің негізі бола алады деп айтар едік.
Елдің, халықтың күш-қуаты, тәуелсіздігі кәсіби әскерилер – батырларға байланыс­ты болғандықтан, батырларды дәріптеу, аруағына сыйыну, есімдерін елдің ұранына айналдыру, ұстаған заттарын кие тұту ха­лық­тық салтқа айналып, ұлттық санамыз­дың құрамдас бөлігі болып қалыптасты.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ:
– Қазақ халқының тарихи жадын құ­райтын ауыз әдебиетінің үлгілері: ше­жі­ре­лер, аңыздар, батырлық жырлар, жырау­лар­дың поэзиясы – барлығы бір-бірімен сабақтас, бірін-бірі толықтырып тұратын тарихи деректер жүйесінің әртүрлі бөл­шектері. Олар бірінсіз-бірі толық мәлімет бере алмайды.
Қазақтың батырлық жырларының эт­никалық сипатын танып-білуге терең мән беріп, оған арнайы зерттеу жүргізген көр­некті ғалым Әлкей Марғұлан. Ол қазақ эпостық мұраларының пайда болуына себеп болған бес «батырлық кезеңді» атап, өз жіктемесін ұсынады: 1) Ежелгі дәуір. Ерте түрік тайпаларының ислам дәуі­ріне дейінгі мифтерін, аңыз-әңгі­ме­лерін жатқызған; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі – далалық эпостың барынша дамыған ке­зеңі (VІ-ХІІ ғ.ғ.); 3) Ноғайлы дәуірі – да­ла­лық эпостың өркендеген кезеңі (ХІІІ-ХVІ ғ.ғ.); 4) Қазақ-жоңғар дәуірі (ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.); 5) Патшалы Ресей құрамындағы дәуір.
Осы кезеңдердің ішінде «қазақ-жоңғар дәуірі» мен «патшалы Ресей құрамындағы дәуірге» қатысты бірталай әдеби көркем шығармалар жарық көрді. Кеңестік ке­зеңдегі Ұлы Отан соғысының батырлары жөнінде де шығармалар біршама бар. Бі­рақ ол кітаптарды елдің бәрі оқи бер­мей­тін сияқты. Таралымы да аз. Жалпы, ха­лық­тың кітап оқу мәдениеті төмендеген, әсі­ресе, жастар кітап оқуға құлықсыз. Кей­де әңгімелесе қалсаң, қарапайым сөздердің мән-мағынасын түсінбейтінін байқайсың. Ол – әдеби кітап оқымағаннан деп ойлаймын...
– Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы әр ел өзінше жазды. Қалауына қа­рай бұрмалаған тұстары да болған шы­ғар. Себебі, басқа елдердің еңбек­те­рінде қазақтың соғысқа қосқан үле­сі мардымсыз деген пікірлер айтылады. Жалпы, Жеңісті бағалау бары­сында ұлы халықтардың кіші елдерге деген көз­қарасы анық байқалып қалады. Бұл шындыққа қаншалықты жанасады?
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ:
– Тарихты әркім өзіне қарай бұра тар­тып жазатынына қынжылуға болмас. Ондай жағдай тек Екінші Дүниежүзілік соғыс­тың тарихы ғана емес, басқа тарихқа бай­ланысты да көптеп кездеседі. Әр ел өзін­ше тарих жазуы, онда өздерін ерекше көр­сету, бұрмалап жазу бұрын да болған, қа­зір де бар. 
Қазақтың соғысқа қосқан үлесі жө­нін­де мардымсыз пікірлер айтылып жүр. Егер қателеспесем, Ресей Президенті В.Путин бір сөзінде «Ұлы Отан соғысында Орта Азия­сыз да жеңіске жетер едік» деген пі­кір айтып қалды-ау. Бұл ұшқары айтылған, шындыққа жанаспайтын пікір деп ойлаймын.
Егер Орта Азияның көрсеткен адами көмегі, әскери, түрлі материалдық көмегі болмаса, жеңіс оңайлықпен келе қоймас еді. Ұлы Отан соғысында өзге ұлт өкілдерін айтпағанда, 100-ден аса қазақ ұлтының өкілі «Кеңес Одағының Батыры» атағын ие­ленді. Ол атақты сталиндік жүйе жай ғана бере салған жоқ қой. Майдан даласында көрсеткен ерен ерліктері мен ба­тырлықтары үшін берді ғой. Осыны неге ес­кермейді екен... Бірақ оған таңқалуға да болмас. Себебі, Ресей империялық пи­ғылынан айырыла қойған жоқ қой. Керісінше, кейінгі кездері онысы күшейіп ба­ра жатыр...

0 дауыс
Бейбіт өмірдегі батырлық пен соғыс кезінде батырлық екеуі екі басқа. Мысалы, соғыс кезіндегі батырлық- соғыс кезінде ерең ерлік көрсеткен батырлар көп. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова және т.б. Ал ешбір соғыс болмаса да, қазөіргі адамдар бір-біріне зұлымдық жасауын қояр емес. Олар біреуді соққыға жығып немесе өлтіріп сияқты түрлі зұлымдық жасайды. Сол кезде ер жүрек адам келіп, оны құтқарып, жедел жәрдем шақырып, тіпті өзіне қауіп төніп тұрса да сол адамды құтқарып алады. Міне осыны бейбіт өмірдегі батырлық деп ойлаймын. Осындай батырлық жасап, басқаларды құтқарам деп өз денесін жаралап алады. Бірақ оған еш мойымайды. Мұндай батырлық жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан ер жүрек адамдарды құрметтейік, достар! Дереккөзі: https://www.******.com/kz/shygarma/7781-batyr.html © www.******.com
0 дауыс
https://rankw.ru/k/бейбіт+өмірдегі+батырлық+туралы+шығарма/
0 дауыс
Бәріңе сәлееееем

Ұқсас сұрақтар

...