Мұғалімдік жақсы мамандық ғой, маған ұнайды, мұғалімдерге қызыға қараймын, кейбір кезде оқушы болсам да мұғалімдердің сабағын өтіп беремін, апайымыздан тапсырмамды алып, үйде әбден дайындаламын, біздің мектебімізде жалпы кейбір кездері апайларымыздың орнына бір сәт өзімізді қойып көреміз, жалпы мұғалімдік маған ұнайды, мен биология, математика, география пәндерінен мұғалім болдым, әбден дайындалдым, көрнекіліктер, плакаттар, сөзжұмбақтар сызып, биологиядан сабақ қызықты өту үшін, оқушылардың жауап беруге деген ынтасын көтеру үшін кәмпит дегендерді мектепке алып бардым, сол әрбір кәмпитке (шоколад) тапсырма ретінде сұрақтарды орадым, сосын оқушы қалаған кәмпитін алып жауап беруге тиісті болады, егер жауап берсе кәмпиті өзінде қалады және ұпайы көтеріліп журналға жақсы баға қойылады, сосын тағы оқушыларды үш топқа бөліп қойып, сұрақ жауап ұйымдастырғанмын, яғни бұл ұйымшылдыққа тәрбиелейді жалпы жеңу үшін атсалысады, өзімді жалпы жарнамалап, мақтанғандай болып кеттім-ау шамасы, жалпы сұраққа келер болсам, мұғалімнің мәртебесі жоғары да, жоғары емес деп те айта алмаймын, кейбір мұғалімдерге қарап менің ішім ауырып кетеді, оның алдында менің тәжірибем жоқ болса да мен сабақты жақсы өтетін секілді көрінемін, мұғалімдердің бәрі бірдей емес қой, жақсы мұғалімдер бар, тек олар я пайдасы, я зияны жоқ мұғалімдердің жетегінде қалып көрінбей қалып жатыр, сондықтан да сіздер мұғалімдерді жамандайсыздар, жалпы бұл дұрыс емес, әйтеуір енді оларға да оңай емес, не болса да таяқтың екінші ұшы мұғалімдерге барып тиеді, сондықтан кейбір мұғалімдердің жүйкесі шаршаған, жалпы негізі мұғалімдік міндеттің жақсы орындалмауы сол білімсіздіктің кесірі, ұйымдастыра алмаудың, оқушыларды бағындыра алмаудың кесірі, қазіргі уақытта мектепке мұғалім болып кіріп алу қалтасы бар адамдар үшін оңайдың оңайы болды ғой, сондықтан да білімді жастарымыз көбейсін десек, еліміз өркендесін десек парақорлыққа да жол бермеуіміз керек, ақшаның күшімен көкірегін көтеріп жүргендерді басу керек деп ойлаймын