+2 дауыс
66.8k көрілді
"Татулық" туралы әңгіме жазу керек? Татулық дегеніміз не? Татулық туралы қандай әңгіме жазсам болады?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сес­сия­сында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жа­уап­кершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік.Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр. Соның бірі – Қызылорда облыстық Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы.

Бұл Кіші Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға бағытталған. Қазіргі уақытта облыста оннан астам ұлттық мәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар: «Понтийцы» грек ұлттық мәдени орталығы, Түрік ұлттық мәдени орталығы, Татар ұлттық мәдени орталығы, «Вайнах» шешен ұлттық мәдени орталығы, «Lev ami» еврей ұлттық мәдени орталығы, Қазақстан кәрістерінің Қауымдастығы облыстық филиалы, Өзбек ұлттық мәдени орталығы, «Wiedergeburt» неміс ұлттық мәдени орталығы, «Славяне» ұлттық мәдени орталығы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Қызылорда филиалы және жуырда ғана шаңырақ көтерген Қырғыз ұлттық мәдени орталығы. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері мемлекеттік ұлт саясатының белсенді насихаттаушылары десек, артық айтқандық емес. Себебі мәдени орталықтардың өкілдері облыс көлемінде ұйымдастырылатын кең көлемді шараларға белсене қатысып қана қоймай, өз тараптарынан да шаралар ұйымдастыруды жолға қойған. «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында облыстық олимпиада, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты облыстық этномәдени дәстүрлер фестивалі секілді көптеген шаралар оған нақты дәлел бола алады. Ұйымдастырылған шаралар барысында ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулық идеялары мен патриотизмді насихаттауға көп мән беріледі. Сонымен қатар өзінің ділін, ана тілі мен мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени орталықтардың қызметінің мәні. Қызылорда облыс әкімдігі және облыстық ішкі саясат басқармасы және өзге де тиісті құрылымдар жыл бойы ұлттық мәдени орталықтармен ұлтаралық қатынастарды сақтау және олардың салт-дәстүрін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды бірге атқарады.

Атап айтсақ: Ұлыстың ұлы күні Нау­рыз мерекесі, «Рождество» мерекесі, «Масленница» «Остерн» (Пасха) мерекесі, «Сабантой», шығыс күнтізбесі бойынша мерекеленетін Жаңа жыл сияқты ұлттық мерекелер ешқашан назардан тыс қалған емес. Бұл мерекелердің барлығы облыс тұрғындары үшін дәстүрге айналған. Олар осындай ұлттық мерекелердің арқасында келешек ұрпаққа өздерінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын кеңінен насихаттауға да мүмкіндік алады. Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Тәуелсіздік мерекесі секілді мемлекеттік деңгейдегі мерекелер де ұлттық мәдени орталықтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі 11 ұлттық этномәдени орталық елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып, бірлік пен өзара түсіністік жағдайында жақсы нәтижелерге жетуде. Яғни бұл дегеніміз біздегі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығын білдіреді.

Баршаға белгілі, ұлтаралық келісім – экономикалық және саяси реформалардың алға жылжуына, демократияның одан әрі дамуына және қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді. Сондықтан ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін облыстың қоғамдық-саяси өміріне бұдан ары қарай да белсене араласа бермек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Сыр өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз.

+3 дауыс

Менің өте тату, бақытты отбасым бар. Біздің үйде әкем , анам , апам , мен бәріміз бір-бірімізге көмектесеміз. Мен күн сайын әкеме көмектесемін. Анама апам күн сайын ыдыс жуып көмек береді. Кешке таман бәріміз дастархан басында жиналамыз. Әңгіме, көрген-білгенімізді айтып көңілді отырамыз. Біз тату отбасымыз.

☺ Рахмет
+2 дауыс

Оның не қиындығы бар, ініңізбен арадағы өткен бір өткен қызықты оқиғаны жаза салыңыз. Сіз енді оны қорғап, баптап журетін боларсыз, бір ондай қызықты оқиға болмады дегенге мен сенбеймін (негізінен болған оқиғаны жазған әңгіме өте қызықты шығады)  (аздап қосасың ғой енді) 

0 дауыс
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз.

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.

2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА.
Талапты ауылы.
0 дауыс

Татулық пен бірлік, менің ойымша, мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген — жер сыйы, алғыс деген — ел сыйына» ие болады.

Татулық пен бірлік, менің ойымша дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі дер едім. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиеті де арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық — бұзылмайтын қорған» екені рас.

Татулық пен бірлік, менің ойымша, отбасындағы туған туысқандар үшін де маңызы терең. «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса ат көп», «жақыныңды жат етсең елге күлкі боларсың», «туысы бірдің уысы бір», «жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «жақсы ағаң –орман, жақсы інің-қорған» деген аталы сөздер осының айғағы. Өз үйінде сыйласпаған жан көпшілікпен сыйыспайды. Сондықтан да ынтымақтың негізі оның алған тәрбиесімен қаланатынын, оның қоғамдағы алатын орны ерекше екенін лайым есте ұстап, «жас талдың қисық өспеуінің» алдын алып оған дұрыс бағыт көрсету үлкендердің міндеті деп білемін.

Татулық пен бірлік, менің ойымша, қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны. Елбасымыз Н.Назарбаевтың көп ұлтты қазақ елінде барлық дәстүрлі діндердің дамуына мүмкіндік бар екенін атап айтқанын білеміз.

...