+4 дауыс
835 көрілді
Атам сығандардың да төл тулары бар дейді. Қайыр сұрауды кәсіп еткен, көшпелі халықта қандай ту болуы мүмкін?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Иә, төл мемлекеті жоқ сыған жұр­тының өз туы бар. 1971 жылы Лондонда өткен Бірінші бүкіләлемдік сыған конгресінде сығандардың төл туы қабылданған. Сыған туы екі жолақпен – жоғары жағы көк түспен, төменгі жа­ғы жасыл түспен көмкерілген. Тудың ор­таңғы бөлігінде қызыл дөңгелек не­ме­се ғылым тілімен айтқанда, сыған­дар­дың үнді-арийден тарағанын білді­ре­­тін дхармачакра бейнеленген. Дхар­ма­чакраға ұқсас нәрсе Үндістан туында да бар екен. Бұл элементтер сыған қа­уы­мының өмір бойы рухани жағынан жолда жүретінін білдірсе керек. Шыны керек, әлемдегі сығандардың бәрі бір­дей, әсіресе шығыс еуропалық  сыған жұр­ты бұл туды мақұлдап отыр деу қиын. Мысалы, 1992 жылы Ригада өт­кен сыған кон­гре­сінде қызыл дөңге­лек­тің орнына жыл­қы­ның басын бейнелеу ке­рек деген ұсы­ныс жасалған.

Мағынасымен болса жақсы болар еді!
Неге суреті жоқ қайта салып көрші андройдпен көрінбейді екен.
+4 дауыс

Ту дегеніміз елтаңба мен әнұран сияқты мемлекеттік рәміздерінің бірі. Сонымен қатар, кәсіпорындардың, спорттық клубтардың, әскери құрылымдардың жалаулары болуына рұқсат етілген. Ал мектеп, гимназия, колледж бен университеттерде вымпел болады. Сондықтан, сығандардікі мемлекеттік ту емес, жай ғана жалау.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
4 жауап
+2 дауыс
2 жауап
0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
4 жауап
...