+2 дауыс
3.6k көрілді

4 баласы бар әйел күйеуінің басқамен жүріп кетуіне байланысты ажырасса, балаларды кім алуға құқылы?

6 жауап

0 дауыс

Менің ойымша балаларды әйелі алу керек.

0 дауыс

Заң бойынша, кәмелетке толмаған балалар анасында қалады. Кәмелетке толған балалар өздері таңдайды. Ажырасқаннан кейін әйел ортақ дүние-мүліктің жартысын алады және 16 жасқа дейінгі балаларына алимент тағайындалады.

–1 дауыс

Әрине,анасында қалуы тиіс.Егер 16 жасқа толғанда кіммен қалатынын өзі шешеді.

0 дауыс

Сұрақтың жауабын таппаған болсаңыз, заң жүзінде жауап беретін мына қазақ радиосы-заңгер кеңесіне сұрақ қойып көріңіз.http://kazradio.kz/kaz/allprograms/programs/48.html

Бүгінгі халыққа қазіргі тұрмыста жиі кездесетін үй сатып алу, сату, ажырасу, мүлік бөлісі, бала асырау т.б. жағдайларға байланысты нақтылы заң актілері негізінде ақ-қараны таныту.

 

+1 дауыс

Сот шешімі анықтайды, бұл жерде кесіп - пішіп айту өте қиын. Сіздің айтқандарыңыздан бөлек жолдасыңыздың да аргументі ескеріледі. Одан басқа да ата-ананың моральдық ахуалы, балаларды ары қарай асырап, өсіру  жағдайы, 12 жастан асқан балалардың өз ойы деген сияқты критерилер бар. Негізі соңғы кездері сот шешімінде балаларды әке тәрбиесінде қалдыру жиі кездеседі.

0 дауыс

Балалар негізңнен анасында қалады.  Неке және отбасы туралы кодексіне сәйкес 60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

      Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.

      Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.

      Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстің 1315 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.

61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы

      1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.

      Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.

      2. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.

62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы

      Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.

      Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.08.2021 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...