+2 дауыс
3.7k көрілді
Тұрақты жұмыс істемейтін, басында 76 000 теңге несиесі бар адамның  екі балаға төлейтін алименті қанша болады?

5 жауап

–1 дауыс
на одного ребенка - одной четверти;
на двух детей - одной трети;
на трех и более детей - половины.
Рахмет, тұрақты жүмысы жоқ адамның оплптын сот қалай шығарады
тағы кредитте 76,000тенге жеке көлігі бар бұларға сот қалай шешім жасайды
Тұрақты жұмысы болмаса жұмысты (немесе зейнетақыдағы) жақын туыстарынан өндіреді. Бір балаға 27 мың теңге.
0 дауыс

Көлігіңізбен болса да төлеткізетін шығар деген ойдамын. Алиметтердің көлемі өсіпті бұл жылы (1, 2, 3)

Төлемесеңіз 7 жылға сотталады екенсіз. 

0 дауыс
Түсіндім , рахмет
0 дауыс
Алимент толейтин адам туберкулезбен пенсияга шыкса,2 балага канша толейди
0 дауыс

Заң бойынша 1 балаға табысының 25 пайызы, 2 балаға 33 пайыз, 3 және оданда көп балаға тек 50 пайызын ғана өндіре алады.

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу

      1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін айқындауға құқылы.

      Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.

      2. Күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.

      3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.

      4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттің мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгіленеді.

142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және оны пайдалану

      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 138-141-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешілеріне төленеді.

      Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешіге берілген балаларға арналған алимент төлемдерінің сомасы екінші деңгейдегі банктерде ашылған осы балалардың депозиттік шоттарына аударылады.

...