+3 дауыс
586 көрілді

сұрақ жауап сайтының шығу тарихы қандай?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Уикипедияда былай жызылған:

Тарихы

2010 жылы қазан айының 10 күні сайт өз жұмысын бастады. Сайт негізін қалаушы Ербол Серікбай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығына берген сұхбатында былай деген болатын

«Бір күні ақпарат іздеп mail.ru-дың жауап бөліміне кірдім. Бір қарындасымыз сұрақ қойған екен. Орыс тілінде қойылған сұрақтарға жауап бар да, ал қазақша қойылғаны жетімнің күйін кешіпті. Осы келеңсіздікті көргенде басыма «неге таза қазақ тілінде сұрақ-жауап сайтын ашпасқа» деген ой келді.»

Сайт ең алғашында жұмысын 15-20 қолданушымен бастап, 2013 жылы желтоқсан айының 18 күнгі дерек бойынша 27885 қолданушыға жетті. Сонымен бірге сайтта осы уақытқа дейін 68107 сұрақ қойылып, 166309 жауап алынды.

 

+1 дауыс

Сұрақ-Жауап сайты — бұл түрлі тақырыпта сұрақ қойып оған жауап алатын орта, мұнда сіз қойылған сұрағыңызға іздеу боттарынан емес тірі адамдардан жауап аласыз. Кейде мұны «Тірі іздеу» деп атайды. Сіз де басқа қолданушылардың сұрақтарына жауап бере аласыз және сіздің сұрағыңызға берілген жауаптардың ішінен Жақсы жауапты таңдай аласыз. Сіз қаншалықты белсенді болсаңыз, тиісінше сіздің қолданушылар арасындағы деңгейіңіз арта береді, ол кезде сізге көптеген мүмкіншілік ашылады.
Араласыңыз! Білетін ақпаратыңызбен бөлісіңіз және түрлі тақырыпта сұрақ қойыңыз. Сіз міндетті түрде жауап табасыз.

...