Тіл, Сөз | 2k қаралды
2k қаралды

Менің інімнің жасы 13-те.Бірақ ол әлі күнге дейін "Р" әріпін айта алмайды. Айтқанда ррррр деп айтады. Бірақ сөздің арасында айта алмайды.Оған қалай көмектессем екен?

комектесініз және ананызға айтып дарігер көрсетсін бұрында менде сондай болып тілім шұбартылып қалған бірақ мені алдын ала емдеді бұрында өлең түгілі жаттай алмайтынмын жане психалогқа апарды

 

10 жауап

Артық айтсам кешірерсің ініңнің тілі "сақаулау" болғаны ғой. Дәрігерге көрсетіңіз. 

Жақсы Жауап
Құршы бар сақау емес басқа сөді әдемі айтады тек еркелеу мен сенднрден көмек келема десем.Қайта дәрігерге апар деп
Менің де сыныбым да бір бала бар. Ол да "р" ға тілі келмейді.
Оны маған неге айтып тұрсын, оданда маған көмектессей
шамалы ойлансаншы неге онда еркелетесін мен еркемін бірақ р ға тілім келеді

неше жаста 13 деп ойламайын

Шын айтамын!Сәл еркелеу боп өскен өзі

Сен  оған  р-дан  келетін  сөздерді  қайталатып  айтқыза  бер  өзі-ақ  үйреніп  кетеді

Рахмет, бағымды сынап көрейн!

Дәрігерге көрсету керек.

СІЗ акенізге айтыныз мұндай жағдайда нағашыңыздың қойын білдірмей ұрлап оның көтенімен мойнын 3 рет қысу кереек. Бұл істі анаңыз немесе әжеңіз жасасын. Сосын сол малдан құдай тамақ беріңіздер барлығы жиналып отырған кезде нағашыңызға малды ұрлағандарыңызды айтыңыздар Менің білетінім осы бірақ нестеу керектігін өздеріңіз білесіздер

Мен ырым, салт-дәчтүр дегенге сенбеймін

інінізге сөздің ішінде р әріпі бар онай сурақтар қойыныз

Мен 7 сынып оқимын.Бірақ əлі күнге дейін "р" дыбысын айта алмаймын.Сыныптастарым менімен сөйлескісі келмейді. Мазақтайды.Өтінемін көмектесіндерші
Менің жасым 17 де .Бірақ әлі. р әрпіне тілім келмейді қатты ұялам қалай үйренсем болады айтаңыздаршы кейде жылағым келеді анық сөйлеймін бүкіл әріпті анық айтам бірақ р дан басқаларын не істесем екен көмектесіңіздерші
Медетова Күлсін Медетқызы

Логопед

Облыстық арнаулы

тіл мүкістігі бар балаларға арналған

№3 мектеп-интернаты

Атырау қаласы

Р – дыбысын айту жаттығулары

Баланың мектепке баруы барлық жанұяның ең басты жауапты кезеңі. Баладан гөрі ата-ана қатты қобалжулы болады. Сондықтан бала мектепке бармастан бұрын дайындықтан өтуі керек. Бірінші сыныпқа

келген бала сөздік қоры жеткілікті, өз ойын, көзқарасын, сезімін білдіре алатын, мақал-мәтелдерді қолданып салыстыра, мағынасын ажырата және әңгімелей білуі тиіс. Өкінішке орай мектепке келген балалардың көбінің сөздік қоры өте аз, дұрыс толық сөйлем құрастырып жеткізе және дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Кеңес алуға келген көптеген ата-аналар кейбір мамандардың «бала бес-алты жасқа келгенде», «мектепке барарда», «бала өзі дайын болғанда» деген сияқты ұсыныс бергенін алға тартады. Көп жағдайда тіл кемістігінде ауытқуы бар балалардың ата-аналары психологта немесе психиатрда емделеді де, емдеу нәтижесіне көңілі толмайды, сөйтіп жүріп уақыт өткізіп алады. Тәжірибе көрсеткеніндей күшті дәрі-дәрмектердің өзі де сөйлеу функциясын реттеуге көмектесе алмайды. Мұндайда тәжірибелі логопед маманның түзету жұмысы қажет. Ол үшін дәрігер мен логопед бірлесе отырып жүргізген жүйелі емдеу шаралары мен түзету жұмысы жақсы нәтиже береді.

Ата-аналар арнайы маманға тіл кемістігін түзетуге барарда мынаған назар аударуы керек: артикуляциялық аппаратында ерін, тіл, жақ, тіс, жұмсақ және қатты таңдайдың дыбыс айтуда ауытқуы бар-жоғын тексеру.

Сонымен, сіз балаңыздың белгілі бір дыбыстарды дұрыс айтпайтынын байқасаңыз, дыбыс қою үшін қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы мынадай кеңес береміз:

1. Дыбысты айтуға, қоюға бірінші әдіс, ол-еліктеу. Баланың артикуляция мүшесінің қалай қозғалу керек екенін түсіндіру, содан соң айна алдында көрсету. Бала тілдің қозғалысын көріп, сіздің қимылыңызды қайталауы керек.

2. Әр түрлі құралдардың көмегімен дыбысты қою. Еліктеу арқылы дыбысты қою мүмкін болмаса, зонд, қасықты қолдануға болады.

3. Аралас әдіс. Керек дыбысты айтуды сұрап, сол кезде зонды пайдалану.

Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде көп кездесетін Р – дыбысының бұзылып айтылуының бірнеше түрі бар.

- дыбыс сөзде жоқ не оның орнына дауысы дыбысты созып айтуы;

- жұмсақ таңдай мен тілшіктің ауыздан шыққан ауаның әсерімен дірілдеуі, дыбыстың тамағымен айтылуы;

- бүйірлеп айтылуы, тіл ұшы дірілдемей,тіл бүйірі ауыздан шыққан ауа екпінімен [рль] шапалақ, қолпылдаған дыбыс шығады;

- екі еріндік [р] ауа еріннің арасынан өткен ауа арқылы дірілдейді;

- мұрынмен айтылуы – тіл арқасы мен тіл түбінің жұмсақ таңдаймен жақындасуынан шыққан ауа мұрын жолынан өтіп, [нг] деген дыбыс шығады;

- [р] дыбысының орнына [л] айтылуы – тіл ұшының жоғары көтерілуі дірілдемей ауа тіл жанынан өтіп, [л] дыбысы шығады (рас-лас)

- [р] дыбысының орнына [д] айтылуы. Таңдайға көтерілген тіл ұшы дірілдемейді, шыққан ауа тіспен тілдің қабысқан тесігі арасынан шығады (рахмет-дахмет);

- [р] дыбысының орнына [г] айтылуы – тіл ұшы артикуляцияға қатыспайды, бірақ қатайып тіл арқасы көтеріліп, жұмсақ таңдаймен қабысып ауа екпінімен ашылады [гх] деген дыбыс естіледі (раушан- гхаушан);

- [р] дыбысының орнына [й] айтылуы – тіл ұшы қозғалмайды, тіл ортасы көтеріліп ширап жұмсақ таңдаймен жақындасып ауа сол қуыс арқылы өтеді (тар-тай);

- [р] дыбысының орнына [ы] айтылуы – тіл ұшы төмен түсіп ауыз қуысына қарай тартылады, тіл арты қатайып көтеріліпжұмсақ таңдайға ығысады, ауа кедергіге ұшырамай өтеді(барам-ырам);

- [р] дыбысының орнына [в] айтылуы- тіл артикуляциясы қатыспайды, оның орнына төменгі ерін жоғарғы тіске көтеріліп ауа арсынан өтеді (ракета-вакета).

Р дыбысын қою дыбыс қоюдың ішіндегі ең қиыны. Дыбысты қою үшін жұмысты ең алдымен артикуляциялық жаттығудан, тіл мен еріннен бастау керек. Бала тілін таңдайға көтеруге, сол күйде ауызды сәл ашып тіл ұшын қозғауға үйрету, алға қарай тілдің дірілдеуін алу үшін қатайту. Тілдің пішінін, тонусын өзгертіп жалпақ- жіңішке, қатайту – босаңсыту жаттығуларын жасату. Жалпақ тілді жоғарғы ерінге жапсыра бірнеше секунд төменгі ерін, жақты қозғамай ұстау. Тілмен әртүрлі қимылдар жасау: ерінді жалау, тілмен бетін ұрғылау, тілін ауыз бұрышына апару т.б. Тілді жоғары көтеруге қиналса қасық сабымен не саусақпен көмектесуге болады. Тілді сору, қағу, таңдайға жапсырылған кәмпитті түсіру өте пайдалы.

Дыбыс қойылғаннан кейін оны буын, сөз, сөйлем, өлең, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мәтін, еркін сөйлеуде бекітіледі.

1. Балаға буындап айтқызу:

Ра, ро, ры, ру

Ар, ор, ыр, ұр

- Дауыстылар арасында:

Ара, оро, ыры, ұрұ, аро, ору, ыра, ыро

- Дауыссыздармен қатар:

Тра, қра, шра, жра, дра

2. Балаға сөзді аяқтауды тапсыру.

- [р] дыбысын жалғап айтуды ұсыну: қа..., со..., бо..., та..., жа..., қоңы..., қо..., тұ..., бұ..., құ..., сұ..., сы..., то... .

[-ра] буынын жалға:

Қа..., да..., жа..., сұ..., домбы..., жази..., гита..., Ша..., о..., а..., жы... .

[- рақ ]буынын жалға:

Ба..., та..., жа..., қа..., сұ..., құ..., жы..., тұ..., шы... .

[Ыр] буынын жалға:

Бат..., сып..., қоң..., қасқ..., мам..., си..., ау..., шат... .

3. Сөзді қайтала: раушан, ракета, рахмет, риза, рұқсат, арпа, парта, тырна, торғай, айран, дорба, сорпа, тырма, орақ.

4. Суреттерді ата: қар, қыран, тырна, қарға, торғай, ара, картоп, жапырақ, арпа, арша, тарақ, парақ, айран, қырық, тырма, қияр, қарақат, ара, сырға, торсық.

5. Сөйлемді қайтала: 1. Марат базардан тор сатып алды. 2. Омар томар тасыды. 3. Қамбар арамен бөренені кесті. 4. Орманды Ораш суыр көрді. 5. Қырмызы қырдан гүл терді.

6. Сурет бойынша сөйлем құра: (сюжеттісуреттер) Құмар алмұрт жеді. Бауырсақ терезеден домалап түсті. Шорман шортан ұстады. Шынарды қаздар қуды. Марат қолшатырды көтерді. Жарас гитарада ойнады.

7. Оқу. Дәурен дорбаны көтерді. Ол базардан картоп, қияр, сарымсақ сатып алды. Дорба ауыр болды.

8. Жатқа айту:

Балам орныңнан тұр

Қоянның түсі сұр

Сөзге мойын бұр

Қыстайтын құс-құр

Уәдеңде тұр.

* * *

Аққайыңдар, емендер

Қарағайлар, теректер

Жерге көрік беретін

Ағаштар бұл кемеңгер.

* * *

Тырналар

Тырау-тырау тырналар

«Жем іздесең қырға бар»

Сақтанып жүр, тікен бар

Мойныңды тырналар.

Тырау-тырау тырналар

«Жем іздесең қырға бар»

Қырда бірақ, түлкі бар

Сақ болмасаң жұлмалар.

* * *

Дөңгелене тұрайық

Киіз үйді құрайық

Кереге боп керіліп

Уықтар боп иіліп

Киіз үйді құрайық.

Қарға мен бала

Менің атым Қаррр-ға

Баррр-дым ұшып жаррр-ға

Қаррр-ным ашты, қалқам,

Іррр-імшігің баррр-ма?

Жоқ болса тұррр жаррр-да

Ол жаққа енді баррр-ма!

Іррр-імшігім баррр, баррр,

Бол қасымда қаррр-ға.

Буын ұйқас

Ра-ра-ра – Айжан шашыңды тара

Ра-ра-ра – қозыға жақсы қара.

Ры-ры-ры – мінген атым торы

Ры-ры-ры – жинап алдым тары.

Ар-ар-ар – далада қалың қар

Ар-ар-ар – үйге жылдам бар.

Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр

Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.
Тандайын қаққызып көрініз менің подрушкам 8оқит оның тили ррр ға тили келмейді тандайын қағып қағып ррр ға тили келип кетти қазір жақсы сөйлейді
118,259 сұрақ
304,982 жауап
153,297 пікір
67,263 қолданушы