+2 дауыс

Төл тілімізде "О" әріпін "А"ға айналдырып айту ерсі емес пе? Неге "Моңғолия" деп жазамыз да, [Маңғолия] деп оқимыз? "Тойота" деп жазамыз да, [Тайота] деп оқимыз?  Қалай ойлайсыздар, бұл үрдісты өзгерту керек пе? Осы қалпында қалдыру керек пе? Әлде бұл өзгеріс те болашақтың еншісіндегі дүние ме? 

26.11.2014 907 қаралым

4 жауап

+4 дауыс

Қазақ тілінде негізі "о" әрпін "а" деп оқылатын сөз жоқ.Бұл үрдіс тек кірме сөздерде кездеседі.wink

26.11.2014
Әрине, төл сөздерімізде кездеседі делініп жатқан жоқ. Кірме сөзді сол күйінде (біздің тілдік заңдылыққа жат күйінде) қалдырамыз ба деген сұрақ қойылып отыр.
0 дауыс
Ол ешқандай қателік емес, бұл Қазақ тілінің ерекшелігі (жалпы түркі тілінің), түркі тілдері үндестік заңына (сингормонизм) бағынады.

Бұндай ерекшеліктер қай тілдеде бар (мыс: орыс, ағылшын т.б.) бірақ олар белгілі бір заңдылыққа бағынбайтын сияқты (түркі тілдерінде әйтеуір бір белгілі бағыт бар). Мысалы мен ағылшынша аздап сөйлегенмен (нан сұрарлық) грамматикасына еш түсініп болған емеспін
26.11.2014
Иә, ағылшын тілінде де француз тілінен енген кейбір сөздердің жазылуын сол қалпында қалдырған да, айтылу ағылшын тілінің үндестік заңына сәйкес келмейді. Менің сұрамақшы болғаным, біздің де солай қалдырғанымыз жөн бе?  орыс тілінің ықпалы тілімізде қалып қоя бере ме? соны сұрағым келіп еді.
меніңше ол орыс тілінің ықпалы емес, кирилл қаріптерінен сияқты, мысалы Пекин қаласын латын әріптерімен оқысақ Бежің болып оқылады (қайсысы дұрыс оны біле алмадым)
–1 дауыс
Сіз қазақ тілін оқымағансыз ау димін. Себебі осының бәрін қазақ тілінде қарастырылған. О мен А қандай жағдайда айтылады жазылады деген. Негізі ол орфография мен орфоэпия болуы керек.
26.11.2014
Түсінбедім? Қазақ тілінде О А-болып оқылады деген ереже бар ма? Ол қандай ереже? Сұрақты тағы бір рет оқыңызшы.
–1 дауыс
Орфография мен орфоэпияны оқыңыз.
27.11.2014
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы