+1 дауыс
6.8k көрілді
Атам айтып еді бірде , - бүркіттің жасына қарай атаулары болады деп. Мұзбалақ, Балапан , Кәрі бүркіттен басқасын атап бере алмады, 'дұрысы есіне түсіре алмады'. Сіз білесіз бе басқа қандай атаулары бар? Ал мұзбалақ деп қанша жастағы бүркітті айтады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бір жастағысы – балапан, екі жас­та­ғысы – қантүбіт, үш жастағысы – тірнек, төрт жастағысы – тастүлек, бес жастағысы – мұзбалақ, алты жастағысы – көктүбіт, жеті жастағысы – қана, сегіз жастағысы – жаңа, тоғыз жастағысы – майтүбіт, он жас­­тағысы – барқын, 11 жастағысы – баршын, 12 жастағысы шөгел деп атала­ды. 

0 дауыс
Мұзбалақ деп 5-7жасар бүркітті айтады
...