Жалпы томат адам ағзасына пайдалы. Егер сіз өзіңіз дайындаған кетчупты тұтынатын болсаңыз, оның пайдасы өте зор, әсіресе жүрек пен қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін. Бірақ кетчупты тек органикалық қызанақтан дайындамайды. Томаттың иісі мен дәмі шығуы үшін оған оны ГМО, трансгенді өнімдер, консерванттар көптеген бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосып жасайды. Жалпы кетчупты таңдағанда оның құрамында томат 40 пайыздан кем болмасын.
Сонымен қатар кетчуп құрамында тұз бен қант, крахмал өте көп. Бұл бүйрек, қан ауруларының дамуына жағдай жасайды. Кейбір кетчуптерде бұрышы да көп. Ал ол асқазан үшін өте зиянды. Ал пластикалық құртыдағы кетчуп тіпті зиян. Себебі пластик құрамындағы заттар уақыт өте келе ыдырап, тағамға өтеді. Кетчупты тұтынатын болсаңыз, шыны құтыдағысын таңдаңыз.
Сондықтан кетчуптен гөрі аналарыңыз күзде дайындайтын "огонек", "фантомас", "чимча" (әр өңірде әрқалай аталады) тұтынуға көшіңіз.