+4 дауыс
Інім штанга көтеріп жүр, әжем аяғыңа түсіп кетеді деп шыр-пыры шығады. Ауыр атлетикада штангалардың қанша түрі бар? Олар қалай аталады?
15.01.2014 1.9k қаралым
Шатанга котеру арекетiне байланысты серпе котеру жане жулка котеру болып болiнедi.
Сонымен қатар ауыр атлетикаға гир көтеру, пауерлифтинг те жатады.

1 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Бүгінде штанганың төрт түрі бар. 1) Олимпиадалық штанга, 2) Стандартты штанга, 3) ЕZ-грифті штанга, 4) Т-грифті штанга.

Олимпиадалық штанга грифінің салмағы 20 келі, ұзындығы 220 сантиметр болады. Ал диаметрі – 28 миллиметр. Оның дискілері 25 келі (қызыл түс), 20 келі (көк), 15 келі (сары) және 10 келі (жасыл) болып бөлінеді. Сондай-ақ 5, 2,5, 1,25, 1,05, 0,25 келілік кішкентай дискілері де бар. Алайда әйелдерге арналған олимпиадалық штанга сәл басқаша. Яғни грифінің ұзындығы – 2,05 метр, диаметрі – 25 миллиметр. Ал грифінің салмағы – 15 келі.

Стандарттық штанганың олимпиадалық штангамен аса көп айырмасы жоқ. Тек грифінің диаметрі 25 миллиметр болса, салмағы – 10 келі.

ЕZ-грифті штанганың грифі иректеу болып келеді. Сондай-ақ Т-грифті штангада дисктер тек бір-ақ жағына орналасады.

15.01.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы