Жол ережесі, ГАЙ | 1.7k қаралды
Жедел жәрдем көлік жүргізушілері ремен тақпай құйғытып бара жатқанын байқап қаламын кейде. Май қызметкері тоқтатама деп қарап тұрамын, тоқтатпайды. Қауіпсіздік ременін тағпағанға қанша айыппұл салынатын еді? Сұрайын дегенім жолда жүргенде қауіпсіздік ременін тақпауға кімдер құқылы?
Барлық жауаптар үшін рахмет. Өте риза болдым, анық әрі нақты жауаптарыңызға.

10 жауап

Көлік жүргізу кезіндегі жол қозғалысы ережелері курсын оқығанымда осы сұраққа ағайымыз жауап берген болатын. Сонымен, көлік қозғалысы кезінде төмендегілер қауіпсіздік белдігін тақпауға болады:

Рөлде отырған өз оқушысына көлік жүргізуді үйретіп келе жатырған инструктор;

Тұрғылықты пункттерде (населенный пункт) екіқабат әйелдер мен мүгедектерге рұқсат етіледі (белдік тағуденсаулығына қауіпті болса);

Потентін төлейтін такси жүргізушілеріне (таксисттер жолаушының жүктерін алып-салып береді, көлік есіктерін клиенттеріне ашып-жауып береді);

Жақсы Жауап
Солармен қатар, полицайлар мен жанынан безгендер де қауіпсіздік белбеуін тақпайды ))

ҚР -ында қабылданған заң осы мемлекеттің кез-келген нүктесінде, бай екеніне немесе бағлан екеніне қарамастан кез келген  адамды орындалуына міндеттейді. Демек қауіпсіздік белдігін көлік пайдаланушы адамдардың барлығы пайдалануы міндетті, ал тақпайтындар тәртіп бұзушылар. Айыппұл 8500 тг көлемінде, қателеспесем.

қауіпсіздік белдігін тақпаған жағдайда ҚР ӘҚтК-нің 463-бап 4-бөліміне сәйкес 10 АЕК(айлык енбек корсеткiшi) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қа­рас­ты­рылады.(бул жагдай сiзге май кызметкерi сiзге хаттама жазган жагдайда,) Негiзi белдiк такпай усталсаныз МАЙ кызметкерiнiн озiне 7000тенге колемiнде колемiнде берiп кутылуга болатын едi,осы жылдан бастап 14000 болды. 1 айлык енбек корсеткiш 1680тенге.

Жоқ  жолда  кез  келген  адам  тіпті  президенттің  өзіде  тағуы  міндетті.Тақпаған  жағдайда  кез  келген  адамға  айыппұл  салуға  құқылы

қауіпсіздік белдігін тақпаған жағдайда ҚР ӘҚтК-нің 463-бап 4-бөліміне сәйкес 10 АЕК(айлык енбек корсеткiшi) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қа­рас­ты­рылады.(бул жагдай сiзге май кызметкерi сiзге хаттама жазган жагдайда,) Негiзi белдiк такпай усталсаныз МАЙ кызметкерiнiн озiне 7000тенге колемiнде колемiнде берiп кутылуга болатын едi,осы жылдан бастап 14000 болды. 1 айлык енбек корсеткiш 1680тенге

Өзімнің басымнан өткен жағдай. Ремень тақпағаны үшін 8000 тг көлемінде айыппұл салынады. Ал ременьді менің ойымша барлығы тағуы тиіс. Ол әр адамның өз жеке басының қауіпсіздігі үшін ғой. Бірақ МАИ қызметкерлері бәлкім асығыс жұмысты болғандықтан Жедел жәрдем, Өрт сөндірушілер көліктерін тоқтатпайтын шығар.

Былай жауап берейін негізі байлар шенеуліктер тақпайды Май қызыметкерлер жақсы машинаны және нөмерін көріп тоқтатпайды келешекте машина алсанызз бірінші нөмерін жақсарты палыныз сонда сізді де тоқтатпайды?

Авария болғанда белбеудің көмегі тиеді,өлгісі келіп жүргендер тақпайды.Ал жедел жәрдем жүргізушілеріне гай ештене айта алмайтын шығар,тек ескерту жасауы мүмкін,мысалға олар жедел бару үшін ДАБЫЛ ма соны қосып қойып бағдаршамның қызыл түсіненде өтіп кете алады,тек жедел жәрдем емес өрту сөндіру,полиция солар.

Сондықтан болар оларға ештене демейді.

Министр-әкімдер мен олардың туыстары тақпайды.
и я солар сосын,жоғарғы жақта президентте тағу керек дейтта мыналар тақпай жүргенде,президент тағатын беді
Президент көлік жүргізбейдіғо )) Ол тек ременьді тек беліне тағады.
яяя бірақ кейде айдайды

Барлық көлік жүргізушілер қауіпсіздік белбеуін тағуы міндетті,жол ережесі бәріне бірдей.

Негізі ремень керек емес нәрсе, шынымен керек болса ГАЙ, ДВД, Акиматтың машиналары тақпай ма. Заң бәріне ортақ. Менің ойымша заңнан ременді алып тастау керек. Бұл ремен тек гайлердің қолын жүргізіп отыр. Жақында штрафты көбейтті, күнін әрең кріп жүрген халықты қыса береді ғой жоғарыдағылар... қазір жемқорлық заманы...Қиын заман...
Қауіпсіздік белбеуімен жабдықталмаған көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары ғана. Басқаларының барлығы тағуға міндетті!
Қала ішінде тек қырықпен жүргендіктен ремень тағу қажет етпейді деп естідім. Елуден жоғары болса ғана тағу міндетті екен деп естігенім бар сол қаншалықты рас?

Ұқсас сұрақтар

121,979 сұрақ
311,213 жауап
153,276 пікір
69,767 қолданушы