+2 дауыс
1.5k көрілді
Әжем беташарға барғалы жатыр. - Палау жеп, ақшасын төлеп қайтайық дейді атама. Есімін атап , жас келін сәлем салғанда ақша тастамаса тағы ұят .Осы беташарда банкі қойып ақша жинап алу деген қайдан шыққан? Қазақтың салт-дәстүрінде болған ба?

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қайдан шыққанын, қайдан келгенін білмеймін, бірақ бұл біздің салтымызға жат өте нашар дәстүр. Біздің бала кезімізде беташарда тойға келген қауым көрімдіктерін той егесіне беретін еді дағы, бет ашқан адамға той иесі өзі сый -сияпат жасайтын еді. Бұрынғы кезде аталарымыз бет ашқан ақынға ат мінгізіп, шапан жапқан екен деседі, оны өзім көрген жоқпын. Ал өзім үйленгенде бет ашқан адамға костюм кигізіп, той тарағанша елмен бірге шын көңілімен тойлағаны есімде. Ал қазір болса жаттап алған тақпағын айтады да, банкісін құшақтай алып, кезектегі беташарға қаша жөнеледі, оған қуаныш емес ақша табу ғана мақсат. Бір тиын болса алу мақсатында бесігінде жатқан балаға дейін сәлемге қостырып жібереді..Осы да дұрыс па? Бар шығын той егесінен болады дағы, елдің келінге берген көрімдігін бір қу алып кетеді.Өзіме бұл үрдіс ұнамайды.

–1 дауыс

Шынындада солай сол дәстүр барлық қалада бар мекен. Шымкентте бар.

–1 дауыс

Бұл дәстүр ОҚ-нан шыққан, ол дәстүр қазіргі таңдада қолданылады.

+2 дауыс
Бұл қазақтың салт-дәстүріне жатпайды, соңғы жылдары пайда болған. Маңғыстауда бұл үрдісті көргем жоқ. Шымкенттің Керемет деген мейрамханасына тойға барғанда көрдім. Қазақстанда шоу бизнес қайда дамыған болса, осы нәрсе сол жақта пайда болған.
+1 дауыс

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Беташарда ақша салу, жаназа кезінде ақша тарату оңтүстік өңірлерде 1970-1980 жылдары ақша көп, алатын заттар дефицит кезінде пайда болған үрдіс. Ал ақын мақтау өлең шығарса мал, алтын ақша не шапан беру қазақта бұрыннан болған. Бұл сол үрдістің жаңа түрі болуы керек.

0 дауыс

Беташар ертеден келе жатқан салт дәстүр ғой.Біз жақта банкі емес,бетіне ақ байлауыш салып табақ қояды.Беташар айтылып болғаннан кейін жиналған ақшадан той иесі домбыраға кәде деп бес мыңды қыстырады. Бет ашар айтқан асаба қалған ақшаны келінге немесе той иесіне береді.

 

 

Бізде беташар айтқан тамада ақшаны өзіне алады))
0 дауыс
Мұндай өрескел дүниені шығарып жүрген асабалар. Той иесі алдын ала асабаны ескертіп, беташарда ақша салуға табақ қоюды сөйтіп, күйеу баланың бесіктегілерінен бастап еңкейген қарттарынан ақша жинауға тиым салуы және де оны созбалақтатпай 3-5 минутта бітіруін талап етуі керек.
0 дауыс

кайдан білейн кызым ауууу

...