+2 дауыс
3.7k көрілді

Осы қыздар тұрмысқа шыққанда таңертен тұрып сәлем салу керек екен? Егер болашақта маған сал десе ерінбестен салар едім, бірақ, осы жақында бір жаңалықтардан айтты сәлем салу дұрыс емес, мұсылмансыңба құдайдын алдында ғана иіл деді, сол пікір таласта, бір имам айтты ата-ана Алладан үлкен емес иіліп сәлем салмау керек  керісінше жан дүниеңмен құрметтесең жеткілікті деп. Жарайды құрметтеу әр жас келіннің өз санасы, бірақ салт-дәстүрді бірден жоққа шығара алмаймызғой, қайсысы дұрыс? қайсысы бұрыс?

Аюка,салем бер!
Белгісіз

10 жауап

+1 дауыс
Менше дін мен салт-дәстүрді қайшы қоюдың дұрыс еместігін айтқым келеді. Бұрыннан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді енді келіп болмайды деу менше қалай айтарымды білмеймін, Қазақ деген атауды ұмытайық бәріміз онда.
+2 дауыс
Негізі дін туралы сұрақ қоюға болмайды бұл сайтта бірақ жауап берейін келін өзі таңертең тұрып сәлем беруі ата енеге шәй беру және таңертең  ерте тұру ол бұрыннан ата бабадан қалған салт дәстүріміз оның бәрі дұрыс...мысалағ менің жеңгем Шымкентте ата енесіне күнде сәлем береді оның ештеңесі де жоқ қайта енесі күнде мақтап келінімен қуанып отырады....Құдайдың алдында иілген дұрыс бірақ жұмақ ананың аяғында сол себепті...ата-ананы да Тәңірді де құрметтеуді ұмытпайық.
рахмееееееееееееееееееееееееееееет
+2 дауыс
Бұл мәселе қазақ қоғамында жиі қойылып жүрген сұрақ. Жалпы сәлем салу үшін иілу - шариғатымызға қайшы іс емес. Ал құлшылық мағынасында болса, әрине ол күпірлік. Бірақ ешкім ата-енесіне құлшылық ниетімен сәлем салмайды ғой. Бұл туралы толық білу үшін Қайрат Жолдыбайұлының "Дін мен ділін" оқып шығуыңызға кеңес беремін.
+1 дауыс
Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені! Сен адам алдында иіліп сәлем бересің, табынбайсың. Сондықтан дұрыс ниет болса болды емес пе? тіпті түсіне алар емеспін. Имамнан сұрап көру керек екен
+2 дауыс
Жалпы сәлем салу ешқандай құлшылыққа жатпайды. Тек сәлем салу рукуғқа ұқсап кетпесе болды. Яғни қатты иілуге болмайды. Және ниет тек сыпайылық мақсатында болу керек. Мына сілтемеде толық жазылған. http://zheniskaz.kz/?p=46 Егер молдалардан анық білгің келсе ҚМДБ-ның ресми сайты muftyat.kz осы сайтқа сұрағыңды қойып көр. Болмаса Қ. Жолдыбайұлының "Дін мен діл" кітабынан да оқи аласыз.
0 дауыс
ислам діні туралы сұрақтарды muslim.kz тен карай аласын
0 дауыс

Иә, "Дін мен діл" деген кітабында Қайрат Жолдыбайұлы осындай көптеген сұрақтар мен мәселелерді түсіндірген. Осы сұраққа қатысты сол кітаптан үзінді:

Құрмет ниетімен сәлем салу исламда харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл  –  қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес. Қазақ келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмайтыны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан бері ислам дінін жетік білген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып келе жатқан бұл әдетті ширкке балап, елдің шырқын бұзу – әсте дұрыс емес.

0 дауыс
Əрине сəлем еткені дұрыс,ол біріншіден тəрбие,екіншіден айналасына құрмет,одан еш кем тарлық көрмейсің,ата-енеге иіліп сəлем етпеймін,тек Аллаға ғана иілемін деу ол тəкəппарлық!
0 дауыс
Куманди маселе бирак шаригатта жок дуние. Егер салт дастур талап етип турса катты илмей жаигана басын изеп кана салемдесуге болады. Негизинде курметти баскалайда корсетуге болады. Казактын дастури тым куманди тустары коп. Ширкте   Бар. Дастур ол адамдармен ойлап кабылданган,ал шаригат Алланын буйрыгы емеспе
0 дауыс
Менің ойымша сәлем салу дұрыс емес, бірақ көбінесе ол ниетіңе қарай. Ұлтты және ата ене,ата ананы діннен жоғары қоя алмаймыз,силасаң болды бастысы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...