+6 дауыс
Бұрында менің өмірім қызық еді, ал қазір қызық емес. Және жана жылда кызык болған жоқ. Яғни 2007 ден бастап 2011 жылға дейын менын өмырым кызык еді. 2012 жылы да ұнаған жоқ. Мен 1999 жылғы едім. Көмектесіңдерші өтініш.
01.01.2014 1.8k қаралым
Өтпелі кезең.
«Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»
                                                                                                                 Ғабит Мүсірепов

10 жауап

+2 дауыс

Өтпелі кезеңнен шығар.Өмір сізге бір-ақ рет беріледі,неғұрлым қызықтырақ өткізуге тырысыңыз.Достарыңыбен уақыт өткізіңіз.Маған да 7-8 оқығанда жаңа жыл қызықсыз болып көрінетін.Өйткені үйдегілердің бәрі бал маскарадқа,көшеге кететін де үйде жалғыз қалып қызқсыз болатын.Ал қазір 12-ні асыға күтетін болдым.12-ден кейін...

01.01.2014
+1 дауыс

Өміріңнің  қызық  қызық  емес  болуы  өзіңе  байланысты.Егер  өміріңді  қызық  өткізуге  тырыссаң  ол  қызық  болады  немесе  студент  болғанша  сәл  шыдай  тұр

01.01.2014
+4 дауыс

Алтыным менің..Кішкентай ғана жүрегіңізге өмірдің өкпесін сыйдыра көрмеңіз.Өмір - ойын алаңы емес.Қызықтап қана қоятын.Ол нағыз мықтылар майданы.Жеңгенге бақытты күн келеді.Өткен күн кетті.Жаңа жыл кіріп келді.Алдыңызға биік-биік мақсаттар қоятын кезіңіз келіп отыр ғой.Жақсы ниет-жарым ырыс.Адам баласын барлығын өзі қалап алады.Менің өмірім қызық емес десеңіз,біреу сізге ала ғой қызық өмір деп беруші ма еді?!Жоқ...Өзіңіз өміріңізді қызықты ете аласыз.Нағыз оқитын,биік шыңның баспалдағына аяқ басар кезіңіз келіп отыр.Қанатыңызды кең жайыңыз.Бәріміз пендеміз ғой.Бірде осындай өмірге кінә артып отырамыз.Көзіңізді жұмыңыз да,ойлаңыз.Кей адамдар қатты аурып жатыр.Кей адамдар бір үзім нанға зар болып жатыр.Кей адамдар ана мейірімін аңсап,терезеге телміріп күн кешуде.Енді бір адамдар осы қыстың суығында жұмыс істеп,түнін ұйқысыз өткізіп жатыр.Адамдардың қайырымын күтіп қанша мүгедектер жүр...Енді өз өміріңізді ойлаңыз.Біраз күш жинап,күлімдеген жүзіңізбен өз өміріңізді қызықты етіңіз..Жаңа жылдың қызық қарсы алынуы маңызды емес..Сол жылда уақытты тиімді өткізу маңызды..Қанатыңызды кең жайып,самғауға талпыныңыз..

01.01.2014
Керемет! түсінген адамға.шынымен, Өмір - ойын алаңы емес.Қызықтап қана қоятын.
+1 дауыс
Оны біз қайдан бiлейік. Өзіңе байланысты ғой әр күніңді қызықты өткізу. Достар тап қыдыр көшеге шық көңілді жүр. Бірақ өмiрiңді тек қыдырумен қаңғумен өткізуге болмайды. Жас кезде оқып үйреніп білу керек.
02.01.2014
0 дауыс
Не басыңа күн туып жүр? Өз өміріңді қызық ететін өзің. Біреу келіп саған концерт қойып береді деп күтіп жүрсің ба? Сен кім едің соншама? Былжырағаныңды қой да, адамша өмір сүр.
02.01.2014
жаман дауыс
айтып айтып тастады
+1 дауыс
Әркім өз өмірінің авторы тек өзің ғана оны өзгерте аласың және қызықты ете аласың!
02.01.2014
Қаракөз,жақсы жауап жазыпсың,тек қазақша қаріптермен жазыңызшы
0 дауыс

Өтпелі кезең айналаңдагы адамдармен жақын аралас

02.01.2014
0 дауыс

өзіңе қызық нәрселерді көр немесе жастық шақты еске ал...

02.01.2014
Сенде айттыңғой))) жастық шақты еске алатындай қарт емес қой)
+1 дауыс

Өміріңді қызықты өткізу үшін қызықты нәрселермен айналыс.Бұлай айтпа.

Ақылың, ойың, санаң бар,
Жып-жылы төсек, панаң бар.
Еш себебің жоқ алаңдар,
Жаныңда әкең, анаң бар.
Құдіреті шексіз Аллаға,
Шүкір етіңдер,адамдар!
 

02.01.2014
0 дауыс

Саған өмірге деген көзқарасыңды өзгерту керек сияқты ғо. Ақыл айту оңай бізге.))

02.01.2014
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы