0 дауыс
765 көрілді
Мен тұрмысқа шыққан  кезде беташарымда бір класстас баланы өлтіріп кетті. Одан кейін жолдасым аварияға ұшырады. Әйтеуір мен өзім тұрмыс құрғалы бір адам секілді өмір сүрмедік. Жолдастарымның туыстары жан - жақтан мені кінәлап, қарғаумен болы, міне енді жолдасымның өзі асылып өлді. Сондықтан менде енді елге қарайтын бет қалмады, екі балам үшін өмір сүріп жатырмын, үлкенім 4 те екіншім 3 те.  Екеуі әкесін іздеп  папа қайда деп жылағанда жүрегім қатты аурады. Үйге барайықшы деп жылайды, ал бізді үйден қайын атам мен қайын сіңілдерім қуып жіберді.  Енді келіп маған балаларды көреміз дейді, мен көрсетпеймін деп отырмын.  Қайтсем екен?
Жолдасыңыз неліктен ондай іске барды деп ойлайсыз? Енеңіз жоқ па еді? Неге өзіңізді кінәлі санайсыз, себебі бар ма? Жолдасыңызбен  бір-біріңізді ұнатып қосылып па едіңіздер? Осы сұрақтарға толығығақ жауап берсеңіз кеңес беріп көрер едім.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
періштелеріңіз кішкентай ғана екен....оларды қалай өсірсеңіз..сол жолда өседі...олар кек...жеккөрушілік сезімдерден жат болсын...ата-әжесіне көрсетіп тұрыңыз...періштелеріңіз жақсылықты біліп өседі....сіз адам секілді өмір сүрмедік...мені қарғаумен болды дейсіз..ал Алла Тағала сізге соларға қарсы тұру үшін үлкен екі күш берген екен...періштелеріңіз есейе келе өздері түсінеді...тағдыр тауқыметі олардың сағын сындыруына жол бермеңіз...олар барлық жақын жандырдың мейірімін көріп өссін....ал сіз сабырлы болыңыз...
0 дауыс
уайымдама мұның бәрі сынақ балаларың кішкента екен әлі оларды барынша ешнарсени аямай тарыксанда киналсанда билдирмей осир. Балаларды корсетпегенин дурыс олар сени куып жиберди кайтесин. озин жумыс истеп котерил озинди корсет.
+3 дауыс
Адамның өмірі шыны секілді. Абайламасаңыз сынып қалуы әбден мүмкін. Сіздің өміріңізде осы шыныға іспеттес. Сынған шыны орны келтіру үшін бірау уақытыңызды сарп етесіз. Сонда да ізі қалады. Сіз оларды кешіргеніңізбен, жүрегіңізде бәрібір баяғының естелігі тайға басқан таңбадай айқын көрініп тұрады. Оны ұмыта алмаймыз. Балаларыңызды қаншама жасырыңыз, ешкімге көрсетпеңіз, күндердің бір күнінде Құдай өз дегенін істетпей қоймайды... Ойланыңыз... Жиырманың желекесіне шықпасақта, жетпістегі қарт секілді айта аламыз.
0 дауыс
Ондай тас жүрек қайын атан керек емес. Өз бетінше өмір сүр... Жақсы жақсы достар тап өзіне болашық омірде серік болатын... Жұмыс жаса... Сүйтіп жағдайынды жасап ал бірте бірте.. Алла саған және 2 балана басына бақ берсін......
0 дауыс
қайтесің кім ақ кім қара екенін білмейміз ғой сондықтан сабырлы бол, Балаларыңа тіреу бол.  Денсаулығың мықты болса бәрі ұмтылады жеңесің,
...