0 дауыс
39.0k көрілді

Мұғалім жазып кел деген еді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.

мағанда  керек  болып  тұр  еді

0 дауыс

Тақталар тектоникасы. Мұнай-газ жаралуының геодинамикалық моделдері

Геология ғылдымының бүгінгі таңдағы өзіне тән ерекшелігі – литосферадағы, жер қыртысындағы геологиялық құрылымдардың жарала бастауы, дамуы және қайтадан тұрақтануы сияқты ұланғайыр үдерістер жиынтығының жүзеге асуын Жер тарихындағы континенттердің мұхиттарға ауысуымен, осы мұхиттардың қайтадан континенттерге ауысуымен байланыстыратын жаңа тұжырымдар негізінде түсіндіру болып табылады. Бұл тұжырымдарға сәйкес, литосферадағы (жер қыртысындағы) аймақтардың геологиялық даму үдерісінің толық циклі бір-бірімен ұштасқан екі кезеңнен құралады, олар бұрынғы континенттің деструкцияға ұшырауы нәтижесінде жаңа мұхиттың қалыптасуы (мұхитгенез) және осы мұхиттың «жабылуы нәтижесінде» қайтадан континент қалыптасуы (континентгенез).В.П.Гаврилов осы кезеңдердің әрбіреуін, өз кезегінде, сатыларға, ал сатыларды фазаларға жіктеуді ұсынды.

Мұхитгенез кезеңі – бұрынғы тұтас континенттік литосфераның «рифтогенез» деп аталатын үдеріс нәтижесінде деструкцияға ұшырауының салдарынан ажыраған екі континент бөліктері аралығында жаңа мұхит алабы қалыптасып, осы мұхит түбінде «спрединг» деп аталатын үдеріс нәтижесінде мұхиттық қыртыспен сипатталатын жаңа мұхиттық литосфераның пайда болуы. Кезең мұхиталды сатысынан және нақты мұхиттық сатыдан түрады. Мұхиталды саты қатты қызған астеносфера массаларынан тұратын күмбездің континенттік литосферадағы терең жарылым астына қарай көтерілуімен, сол күмбез бетіндегі жылу ағымдары әсерінен континенттік литосфераның осы жарылым арқылы екіге бөлінуімен сипатталады. Аталған терең жарылым аймағы қарқынды магматизм аймағына айналады, жанартаулар көмейінен негізінен негізді құрамды лавалар (базальттар), өзге де эффузиялық магмалық таужыныс лавалары төгіледі де, олар шөгінді таужыныс қабаттарымен қат-қабатталатын болады (тұңғыш деструкция фазасы) Жарылыммен бөлшектенген континент бөліктерінің одан әрмен ажырауы нәтижесінде «кониненттік рифт» деп аталатын ажырау құрылым пайда болады. Рифтілер, әдетте, жербедерде грабендер, көл тостағандары, өзен аңғарлары түрінде көрініс беретін ұзынынан-ұзақ созылған континеніштік жүйені құрайды (континенттік рифт фазасы).

Мұхитгенез кезеңінің континенттік рифт фазасы нәтижесінде қалыптасатын континенттік рифт құрылымдарының мұнай-газ кенорындарын кіріктіру мүмкіндігі біршама жоғары, себебі рифт аймағында қалың-қалың шөгінді қатқабаттардың түзілуі және астеносфера деңгейінен көтерілген жылу ағымының жоғары мөлшері мұнай мен газ шоғырларын қалыптастыруға қажетті бірден-бір шарттар болып табылады.

Нақты мұхиттық сатыжаңа мұхиттың ашылуымен сипатталады. Алғашқы уақытта мұхит алабы құрылысы байырғы грабендерге ұқсайтын континентаралық теңіз кейпінде көрініс береді де, кейінірек «түбі жылжымалы» шынайы мұхит алабына айналады. Мұхит түбінің көлбеу бағытта жылжу үдерісі «спрединг» деп аталады (спрединг фазасы).

Континетгенез кезеңі бұрын пайда болдған мұхит алабының енді «жабыла бастау» үдерісінен басталады. Мұхиттың жабылуы оның бұған шейін бір-бірінен ажыраған континенттік жағалауларының енді бір-біріне қарама-қарсы қозғала бастауымен түсіндіріледі. Мұның нәтижесінде мұхиттық литосфера континенттік литосфера астына қарай сұғынып кететін болады. Бұл үдеріс, яғни қозғалыстары бір-біріне қарсы бағытталған мұхит түбінің («спрединг» үдерісі) жылжымалы континент («континенттер дрейфі» үдерісі) астына сұғынып кету үдерісі «субдукция» деп аталады. Алғашқы кезде «спрединг» пен «субдукция» үдерістері қатарласа өрбиді де (жартылай субдукция фазасы), кейінірек «субдукция» қарқынды сипат алатын болады. «Субдукция» нәтижесінде жабылып келе жатқан мұхит жағалауында сол жағалау үстінде «үймеленген» таужыныс кесектері мен түйірлерінің ауқымды массасы шоғырланады. Осылайша геологиялық денелердің ретсіз шоіырлануы «заттардың аккрециясы» деп аталады да, қалыптасқан шоғыр «аккрециялық призма» деп аталады. Аталған призманың қалыңдығы еселей артады, алайда шөгінділердің бұл қалың қатқабаты аймақтың төмен ойысуы нәтижесінде емес, жағлау ұстіне механикалық тұрғыдан сырғанап жеткен (бұл үдеріс «обдукция» деп аталады) таужыныс кесектері мен түйірлері есебінен қалыптасады. Аккрециялық призма астындағы таужыныстар қимасы қатпарлыққа ұшырай бастайды, бұл – мұхит түбі мен континенттік жағалаудың бір-бірімен соқтығысуының («субдукцияның») нәтижесі. Олай болса, «континентогенез» үдерісінің алғашқы сәттері «субдукция» және «обдукция» үдерістерінің нәтижесі болғаны (толық субдукция фазасы).

Континентгенездің келесі фазасы коллизиялық (оргендік) фаза деп аталады. «Коллизия» бір-біріне қарсы қозғалған екі континенттік жағалаулардың бір-бірімен соқтығысуы нәтижесінде мұхит алабы толығымен жабылып, соқтығысу аймағында биік-биік тау жүйелерінің пайда болуы. Бара-бара тектоникалық белсенділік толығымен толастайды, сөйтіп таулар денудацияға ұшырайды да, қайтадан жазық бедеромен сипатталатын платформалық құрылым пайда болады (платформалық фаза).

Жоғарыда сипатталған ұланғайыр үдерістердің әр түрлі фазалары нәтижесінде қалыптасқан кейбір құрылым түрлері мұнай мен газ кенорындарын кіріктіруге мейцілінше қолайлы құрылымдар болып табылады.

Мұхит алабы жабылуының «субдукция» және «обдукция» үдерістерімен сипатталатынжартылай субдукция және толық субдукция фазалары да мұнайлы-газды шоғырлар кіріктіруге қолайлы құрылымды – аккрециядық призманы – қалыптастырады. Мұндай призмалдарға тиесілі жаралымдар қалыңдығының еселей артуы, оларда органикалық қалдықтардың мейілінше мол болуы және жабылып келе жатқан мұхит жағалауына тиесілі жоғары температуралар сол призмалар қимасында мұнай-газ шоғырларын қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар болып табылады.

Континентгенездіңколлизиялық (оргендік) фазасы барысында биік-биік тау жүйелері қалыптасатындығы айтылды. Таулы өңірде биік шыңдар мен тауаралық ойыстар үнемі алма-кезек алмасып отыратындығы белгілі. Осындай тауаралық және тауалды ойыстары да мұнай мен газ шоғырларын кіріктіруге қолайлы құрылымдар болып табылады, себебі мұндай ойыстар шыңдардың морылуы (мұжылуы) нәтижесінде пайда болған таужыныс түйірлерімен және кесектерімен көміліп қалады, яғни қалың-қалың шөгінділер қатқабатын құрайтын болады.

Алайда нақ осы фаза кезінде бұрын қалыптасқан кенорындар бұзылысқа ұшырауы мүмкін екендігін де ұмытпаған жөн.

Континентгенездіңплатформалық фазасы барысында жазық бедерлі платформалар қалыптасатындығы, ал платформалар қалқандарға және тақталарға жіктелетіндігі белгілі. Платформаның тақталары қалың-қалың шөгінділермен көмкеріліп жататындығы да белгілі жайт. Олай болса, осы тақталар ауқымында да мұнай-газ кенорындары болатындығы түсінікті. Көмірсутек кенорындары әсіресе платформа тақталарының синеклизалар деп аталатын арнаулы құрамдас бөліктері ауқымында жиі ұшырасады, себебі нақ осы синеклиза ауқымындағы шөгінді қатқабаттар қалыңдығы орта есеппен 5-6 км-мен өлшенеді, кейде 10-12 км-ге, тіпті 20-23 км-ге жетуі мүмкін. Алайда платформа синеклизалары ауқымындағы көмірсутектердің «пісіп жетілуі» ұзақ уақытты қажет етеді, себебі бұл аймақтардағы жылу ағымы айтарлықтай жоғары болмайды.

Жоғарыда келтірілген деректерден шығатын қорытынды мынау: жер қыртысында мұнайгазтуындау және мұнайгазшоғырлану үдерістері тек қана түзілімденудің мейілінше қолайлы жағдайымен, түзілімдену жылдамдығымен, жинауыштар мен қақпақтардың болуымен, өзге де қажетті факторлармен ғана емес, бірінші кезекте, жер қойнауындағы геодинамикалық факторлармен байланысты.

Органикалық заттар есебінен көмірсутектер қалыптасып, олар ірі-ірі мұнай-газ шоғырларына айналуы үшін екі түрлі шарт қажет. Бірінші шарт – жер қыртысының қимасында органикалық заттармен жақсы қаныққан шөгінді таужыныстардың айтарлықтай қалың қатқабатының болуы. Екінші шарт – органикалық зат қалдықтары есебінен көмірсутектер қалыптасуын қамтамасыз ететін жылу ағымының жоғары көрсеткіштерінің болуы. Осы шарттар тұрғысынан алғанда ірі-ірі мұнай-газ кенорындары қалыптасуының төменде келтірілген екі моделі ең тиімді моделдер деп есептеледі, олар мұнай-газ кенорындары қалыптасуының рифтогендік моделіжәне субдукциялық-обдукциялық моделі.

Бұл моделдер жаралуының геодинамикалық жағдайлары жоғарыда келтірілді.

Көмірсутектер қалыптасуы және олардың ірі-ірі жатындары пайда болуының рифтогендік және субдукциялық-обдукциялық моделдері негізгі моделдер деп есептелінеді. Алайда тағы бір қосалқы модель бар, мұндай модель мұнай-газ алаптары қалыптасуының депрессиялық модельдеп аталады. Бұл моделге сәйкес, мұнай және газ кенорындары орогендік белдеулердің тауаралық және тауалды ойыстары мен ойысымдарында қалыптасады.

Ұқсас сұрақтар

...