0 дауыс
20.1k көрілді

Табиғатты ластайтын заттар қайсылар? Біріншісі?!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қоршаған ортаның ластануы

«Қоршаған орта» сөзіне түсінік беру.Қоршаған орта-адамдар,өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы.Оның құрамына гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен жерге жақын ғарыштық кеңістік жатады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан,табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ерте заманнан бері дүниежүзіндегі барлық адамдар өзінің өмір сүруіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келеді.Адамдар қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай,олардың табиғи ортасының өзгеруіне әсер етіп отыр.Соның бірі қоршаған табиғи ортаның ластануы.Адамзат өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-ауаның,жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы.Олар адамдардың десаулығына,өсімдіктердің өсуіне,жануарлардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін.

Жер қойнауынан жылына 100 млрд.тонна тау жыныстары қазып алынады.Оның тек қана 10%-ы ғана дайын өнім ретінде шықса,қалғаны өндірістік қалдық  табиғатты нағыз ластаушы болып есептелінеді.Электр энергиясын алу үшін тонналаған отын жағылады. Ауаны негізгі ластаушы көздер-автокөліктер.Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт  адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады.Екіншіден, зауыт-фабрикалардың түтіні,ауылдық үйлердің мұржаларының түтіні,орман өрттері т.б.Олар атмосферадағы су буларымен араласып,қышқыл жаңбырды түзіп,жерге жауын-шашын күйінде қайта түседі.Ондай жаңбырлар айналамыздағы егістік жерлерге,ормандарға,су жануарларына үлкен қауіп туғызып,олардың жойылуына әсер етеді. Аэрозольдерді пайдалану кезінде атмосфераға хлорфторкөмірсулар, транспорт жұмысы нәтижесінде – көмірсутектер (бензин және т.б.) бөлінеді. Қышқылды жауын-шашын – суда күкірт қостотығымен азоттың еруі нәтижесінде түзілетін, жер бетіне жаңбыр, тұман, қар немесе шаң арқылы түсетін заттар. Көлге түсіп, қышқылды жауын-шашын балықтардың және бүкіл жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтырады.

Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына  көлдер мен өзендерге тәуелді.Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі –оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады.

Теңіз сулары да ластанады. Өнеркәсіп өндірістеріне жақын жатқан өзендер мен ағын сулар арқылы теңізге жыл сайын миллиондаған тоннаға дейін химиялық қалдықтар құйылады. Мұнай өндіруші құралдардың бұзылуынан мұхитқа жыл сайын 5 млн. т мұнай түседі. Мұнай су бетінен буланып, бактериялармен ыдыратылады, бірақ оған дейін көптеген су жануарларын жойып, теңіз құстарына зиян тигізеді. 

Топырақ шектен тыс пайдалану мен ластануға ұшырайтын ресурстардың бірі. Құнарлы топырақтың ауданының азаюының негізгі себебі - ауыл шаруашылықтың жетілмеуі. Жыртылған жердің құнарлы қабаты жауын-шашынмен немесе өзендермен (сулы эрозия) немесе желмен шайылады. Шамадан тыс суғару, әсіресе ыстық климаттарда топырақтың тұздануын тудырады. Бұл да ауылшаруашылық айналымынан түсудің бір себебі.

Негізінен топыраққа қауіпті радиоактивті ластану әсер етеді. Ұзақ өмір сүруші радиоактивті элементтер экожүйеде жүздеген жылдар сақталады. Олар жануарлар мен өсімдіктер организмінде жиналып, түрлі аурулар туғызады. Қоршаған орта, табиғат туралы оқушылардың үйден дайындаған тақпақтары бар, қанеки ол балаларды тыңдайық. Өте жақсы балалар осы оқыған өлеңдеріңнің мағынасын түсініп,қорытынды шығарыңдар.Белгілі ақындар,ғұлама жазушылардың барлығы қоршаған орта ,табиғатты анаға теңеген, анаңды қалай сүйсең табиғатыңды да солай сүйіп,қорғай біл.Табиғатты қорғау -отанды қорғаумен бірдей.

+1 дауыс
Біріншісі адам ең соңыда адам !!!
...