+3 дауыс
695 көрілді

Қазақ әдебиетiндегi көрнектi жазушылардың қайсысын ұнатасыз? Солардың еңбектерінен мысал келтiрсеңіз?

17 жауап

–1 дауыс

Мұқағали Мақатаевтың шығармалары өте қатты ұнайды. Өлеңдері көп қой. Қайсыбірін айтайын. Кез келген өлеңін оқып көріңіз,бәрі де ұнайды, кең мәнді,мағыналы өлеңдер.

Мен сені сағынғанда...
Мұқағали Мақатаев
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,

 

Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?

Мұқағали ақиық ақын, жазушы емес.
–1 дауыс

Қазқ  халқы  дарынды  халық .Қазақтың  көрнекті  жазушылары  өте   көп  оның  қайсы  бірін  айтасын.Мен  қазақ  секілді  дарынды  халықтың  жазушыларын  мынау  жақсы  деп  бөліп  жарғым  келмейді.Қазақ  халқының  жазушыларының  барлығы  ұнайды.Бірақ  солардың  арасында  маған  ерекше  көрініп  тұратыны  ол  Махамбет  Өтемісұлы.Оның  өлеңдері  маған  қатты  ұнайды  

+1 дауыс
Махатаев атамыз акын гой жазушы емес,жане Махамбет Отемiсулы да акын.Акын мен жазушыны ажырата алмайсындар ма?!
Мұқағали Мақатаев қазақтың әйгілі ақыны,жазушысы болған. Жазушылар одағының мүшесі болған.
+1 дауыс

Ілияс Есенберлин, Дүкенбай Досжанов, Мұқтар Мағауин.

0 дауыс

Қазақ әдебиетінде көрнекті жазушылар көп. "Еңбектерінен мысал келтір" дегенің артық шығар.

–1 дауыс

Мұқағали Мақатев өте керемет жазушы болған,өз кезегінде.

білмесеңіз жауап бермей-ақ қоюыңыз керек еді..
Ерасыл бұның ұят енді,Мұқағалидың жазушы емес ақын екенін 1-сынып оқушысыда біледіғо. Мектепте не оқыдың бауырым
+2 дауыс

Мұхтар Әуезов                                                                          )

0 дауыс

Маған ұнайтыны Ұлы АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Жаз 

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.

жәнеде МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

ҮШ БАҚЫТЫМ
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев
2006-04-01
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 

Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 

Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 

Түтін түтет, 
Өс, өрбі, көгере бер, 
Немерелер көбейсін, шөберелер. 
Жадыңда ұста : 
Жақсылық күтпегейсің! 
От емес, оқ сұрасаң менен егер! 

Үш бірдей бақытым бар алақанда, 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! 

0 дауыс

Қазіргі кезде жазушылардан ешкімді атай алмайды екенмін, ал кешегі қазақ-совет әдебиетіндегі жазушылардың бәрі де майталман, заңғар жазушылар болды. Бір-бірінен бөліп-жару қиянат сияқты. Кеңестік қатаң цензураға қарамастан тамаша тарихи шығармалар жазған И. Есенберлиннің орны ерекше ма деп ойлаймын өз басым.

0 дауыс
Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары өте керемет жазылған, жеңіл тілмен өте қызық
0 дауыс
Ешқайсысы көңілімнен шықпады ренжімеңіздер жазушылар.
Каротши кітап оқымаймын десей оданда
0 дауыс
Менің оқыған кітаптарымның ішінен Ш.Мұртазаның "Ай мен Айшасы " ұнады.Жалпы маған өз басынан өткен оқиғаларын жазған шығармалар ұнайды.Адамдардан сұрасаң көбісі шын ба,өтірік пе Әуезов Абай жолы дейді.Бірақ мені бұл шығарма қатты жалықтырып жібереді.
0 дауыс
Ақымақтар-ай, қазақ бола тұра өзіміздің ақындарымыз бен жазушыларымызды ажырата алмайсыңдар ма?(((... Маған әрине Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы ұнайды, Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" және Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романдары ұнайды, әзірге осыларды тағы 3-4 роман оқығам.
Оо сен атаған  жазушылардың шығармаларың менде сүйіп оқығанмын.Талғамымыз деген 1 см екен )
Өлшеп қойдың ба не?))
Абай жолының бірінші томын ғана оқыдым, қалғандарын оқуға болмай жатыр, бірінші томы қызық екен.
0 дауыс
Мен 9-сынып бітіргенше кітапты көп оқыдым.Мен оқымаған атақты кітаптар аз болар мүмкін.Содан кейін қала бастады,қазір жиі оқымайтын шығармын. Компютер интернет,телефон басып кеттіғой бәрін. Ұнататын ақындарым үш ақынды сүйіп оқимын.Олар; МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ,ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ,МҰҚТАР ШАХАНОВ. Ал жазушылардан ең сүйіп оқығаным,оқитыным қырғыз-қазақ жазушысы аты әлемге әйгілі ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ. Ол әлемге танымал санаулы жазушылардың қатарына кіреді
0 дауыс
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы ұнайды
...